1. Кіріспе. Мәдениеттану-мәдениет туралы ғылым Мәдениет және өнер



бет1/25
Дата14.05.2023
өлшемі187,86 Kb.
#93148
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
1. Кіріспе. М дениеттану-м дениет туралы ылым М дениет ж не не


1.Кіріспе. Мәдениеттану-мәдениет туралы ғылым Мәдениет және өнер

Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.


Мәдениеттау ғылымы
Мәдениеттау пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттауды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттау мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде қалыптасуына антропология, тарих, психология, педагогика секілді ғылым салалары зор ықпал етті. Мәдениеттау пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Бұл орайда мәдениеттанушылардың басты мақсаты – дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре отырып, оларды болжай білу. Кеңес дәуірінде Қазақстанда Мәдениеттау пәні жүйелі түрде оқытылмай, гуманитарлық ғылымдар саласында өзінің нақты орнын таба алмады.
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
«Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн кәрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың мадавият қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті және тағы басқалары;
мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары);
агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және тағы басқалары).
Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, «мәдениет» ұғымын талдауды көне заманнан бастағанды жөн кәрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Демек, «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да осылардың ішіндегі ең бастысы — дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады. Міне, сондықтан да болар, белгілі эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді. Полис дегеніміз — шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады, қажетті азаматтық міндеттері мен борыштарын (халық жиналыстарын өткізуге, сот орындары мен қаланың басқа да мекемелерінің жұмыстарына және тағы басқалары қатысу) мұлтіксіз орындап отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге табынушылықты, әрі жер өңдеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Гректер бұл процесті «пайдейя» (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға да ие болған. Бұл жағдайда тәрбие мен білімнің жәй ғана байланыстары жайындағы идеяны аңғаруға болады. Гректер сонау көне заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған сирек кездесетін білім беру жүйесін жасады. Адамға деген мұндай қамқорлықта сөзсіз гуманистік құндылық бар, оның негізінде мәдени процестердің мақсаты үшін күресетін адам идеалы жатыр. Бұл жөнінде В. Йегер былай деп тамаша айтып кеткен болатын: «Грек мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихи кезең болып өмір сүре алмас еді де, ал Батые Еуропалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді» (Драч Г.В. Культурология. — Ростов-н/Д., 1995. — С. 26). Грекияда негізінен мәдениеттің аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен таралған, ал оның негізінде терең генеалогиялық дәстүрлер) жатыр. Ақсүйектік қасиеттер мен қатар, «адамзаттық» қасиеттерге де ерекше көңіл бөлінді. Басты мақсатқа апарар жол — білім жолы болды. Г.Е. Жураковский былай деп жазды: «Көп жылдық Афин мектептеріндегі білім берудің түпкі мақсаты — оқушыларға афин қоғамының толық құқылы мүшесі екендігін толық сездіру болып табылады» (Жураковский Г.Е. Очерки по истории античной педагогики. — М., 1940. — С. 42). Балаларды мектепте жазып-сызуға үйретіп, грек әдебиетімен таныстырды. Грамматика мен музыка сабақтары байланыстырылды, өйткені көптеген өлеңдер музыкамен сүйемелдеу арқылы жатталды. 12 жастан бастап ұл балалар палестраға барды, гимнастикамен айналысты. Жастар тыңдаушылар ретінде мемлекеттік істер қаралатын жиналыстарға да қатыса алатын болды. Демек, бұл айтылған жағдайлардың бәрі көне «пайдейяның» гуманитарлық қызметімен қатар, көне мәдениеттің дамуына ықпал жасағандығын көрсетеді. Ерекше атап өтетін бір жай, мұндай білім беру жүйесі белгілі бір талаптар мен ережелерді игерумен ғана шектелмей, жастарды қоғамдық өмірге де дайындады. Демек, грек қоғамының белсенді мүшесі болу, қоғамдық өмірдің сан-саласына араласу белгіленген ережелер талаптарды толық игергенде ғана жүзеге асып отырды, ал бұларды гректер «даналық табыстар» — нома (заңдар) деп атады. Демек мәдениеттің мақсаты адам бойында ойлау, пікір айтып пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту болды. Бұл жағдайда көне заман адамы өзінің табиғатпен байланысын ешуақытта жоғалтқан емес, ол үшін табиғат ерекше ыстық та, жақын да болды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет