1. Кіріспе. Мәдениеттану-мәдениет туралы ғылым Мәдениет және өнер


Қайта өрлеу дәуірінің әлем және Еуропа мәдениетіне қосқан үлесі



бет8/25
Дата14.05.2023
өлшемі187,86 Kb.
#93148
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
1. Кіріспе. М дениеттану-м дениет туралы ылым М дениет ж не не

Қайта өрлеу дәуірінің әлем және Еуропа мәдениетіне қосқан үлесі
Орта ғасырлартарихы деп аталатын дәуірде дүниежүзілік мәдениет пен өнертарихында жаңа кезең басталды. Бұл кезең — "Қайта өрлеу мәдениеті" деген атпен тарихқа енді. Қайта өрлеу дәуірінің алғаш дамыған жері Италия елі болды. Ол дамыған, өркендеген мемлекет еді. Онда саяси, рухани-эстетикалық көзқарастар туып, адамдардың ой өрістерінің көмегімен әрекет жасауға болатынына көздері жете бастады. Сондықтан ғылымға деген, әлемнің тұңғиық сырларын ашуға деген құштарлықтары арта түсті. Бұл ғылым мен өнерге барынша ден қоюға жол ашты. XV—XVI ғасырларда өмір сүрген Италияныңмәдениет қайраткерлері өз дәуіріндегі өнер өрісін өте жоғары бағалады. Енді Батыс Еуропада өркендеу дәуірі қалыптаса бастады. Мұндағы басталған өнер, әдебиет, мәдениет, ғылым саласындағы бетбұрыс — бірте-бірте Англия, Германия, Франция, Испания, Голландия және тағы басқа елдерге тарады.
Қайта жаңғыру дәуірі — мәдениет пен өнер және ғылым тарихындағы ұлы бетбұрыс кезең болды. Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Еуропаның көптеген елдерінде бұрын-соңды болып көрмеген гүлдену, мәдени қозғалыс басталды. Дін өктемдігінен, оның құрсауынан босанудың арқасында өмірдің сан-саласын тұтас көрсететін, адамды рухани жағынан толық қанағаттандыратын шығармалар өмірге келді. Бұл дәуірде адамның бұл дүниедегі алатын орны жан-жақты көрсетілді. Ренессанс мәдениетінің негізінде жаңа заманда еуропалық адам қазіргі өркениетке қарай шешуші қадам жасады. Орта ғасырлар мәдениетінің мәнмағынасын сәулет өнері көрсететін болса, Қайта жаңғыру дәуірінде живопистік туындылар (суреттер) басым болды. [1] Жарық дүниенің құпия сырларын танып-білуде адамның сезімдерінен артық не бар, ендеше бұл қағиданы ескере отырып, жаңғыртушылар «адам көзіне» пара-пар келетін бұл дүниеде еш нәрсе жоқ деп есептеді.Сондықтан да Қайта жаңғыру дәуірінде өнер салаларының ішінде сурет салу және т.б. ұдайы даму үстінде болды. Шындығында да, дүниені танып-білумен қатар оны шынайы жеткізе білуде суретшілердің мүмкіндіктері мол, олай болса олардың дүниетанымдық мақсаттарды шешудегі белсенділігінің сыры да осында болса керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет