1. Климат-топырақ түзуші фактор ретінде


Орманды дала мен дала аймақтың топырақтары



бет8/15
Дата05.05.2023
өлшемі44,14 Kb.
#90345
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
16. Орманды дала мен дала аймақтың топырақтары
Орманды-дала зонасындағы сұр жəне сілтісізденген қара топырақтары. Күлгін топырақты зона мен қара топырақты зоналардың арасында жіңішке болып ирелеңдеп, батыстан шығысқа қарай созылып, өтпелі зона – орманды-далалы, орманның сұр жəне шалғынды-даланың сілтісізденген қара топырақтары жатыр. Бұл – негізінен ормандар мен ормансыз шалғынды шөп өсетін алқаптардың топырақтары. Жалпы орманды дала зонасының көлемі 150 млн гек- тардай немесе ТМД елдерінің 6,8%-ын қамтиды.
Орманды территорияларда орманның сұр топырағы, ал ормансыз жерлерде шалғынды қара топырақ пен сілтісізденген қалың қабатты қара топырақ таралған.
Ауа райы орманды зонадан жылылау, ал далалы зонадан салқындау. Зонаның батыс бөлігі жылырақ жəне жауын-шашын молырақ, ал шығысқа қарай күн суыта түсіп, ылғал мөлшері азаяды.
Емен өскен жердегі сұр топырақ мынадай болады:
А0 – орман төсеніші 2-4 см, қара қоңыр түсті, топырақпен аралас;
А1 – қалыңдығы 20-25 см, түсі қара сұр, өсімдік тамырлары көп таралған;
А2 – қалыңдығы 20 см-дей, сұр немесе қоңыр сұр түсті, аздаған күлгін тартады;
В – қоңырлау түсті, нығыздалған иллювиалды қабат, қалыңдығы
90-130 см-ге жетеді;
С – ақшыл қоңыр, В горизонтынан тілім-тілім болып кейбір жолақшалар түседі.
ТМД елдеріндегі суббореалдық белдеудің жылылау əрі ылғалы молырақ мұхит секторларына жақын орналасқан Батыс Еуропа мен Қиыр Шығыстың кең жапырақты ормандары түбінде орманның құба (бурые) топырақтары түзіледі. Батыста бұл Карпат тауларының етектері, Калининград облысының жерлерін, Беларусь пен Литва мемлекеттерінің батыс бөліктерін, шығыста теңіз жағалау өлкесінің таулары арасындағы ойпаттарын, Хабаров өлкесінің жəне Амур облысының оңтүстіктерін қамтиды. Бұл топырақтардың жалпы көлемі 20 млн гектардай жерді алып жатыр. Ал таулы құба топырақтар Кавказ- да, Қырымда, Карпат пен Сихот-Алин тау белдеулерінде орын алған.
Бұл зонаның топырақтарында қоректік заттар мол, физикалық қасиеттері қолайлы, құнарлы келеді. Орманның сұр топырағының құрамындағы қара шіріндінің мөлшері 2-6%, ал шалғынды қара топырақтарда қара шірік 10%.
Бұл зона егістік үшін жақсы игерілген. Игерілу жөнінде қара топырақты зонадан кейінгі орынды алады. Зонаның 40% астамы жыртылған жерлер. Негізінен бидай егіледі. Зонаның көп жерін орман алып жатыр. Зонаның негізгі жерлері Ресей мен Украинаға тиесілі. Қазақстанның ең шеткі терістігінде бұл зонаның бір азғантай бөлігі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет