Ағымдық активтерді қолдану тиімділігін есептеуді түсіндіріңіз
Әдебиет: 2,4,5,6,8
Тақырып №5. Корпорация өнімін өндіру мен өткізу шығындары және оларды қаржыландыру Сағат саны – 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары Корпорация шығындарының экономикалық сыныптамасы. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы, баптар және элементтер бойынша жұмыстар мен қызметтер. Өзіндік құнның құрамы мен құрылымының салалық ерекшеліктері. Шығындар деңгейінің көрсеткіштері, төмендету жолдары мен резервтері.
Өнімді өндіру және өткізу шығындарының сметасы. Өнімді өндіру және өткізу шығындарын жоспарлау мен бюджеттендіру. Өнімдерді өндіру және өткізу шығындарын бақылау. Өнімді өндіру және өткізу шығындарын қаржыландыру. Компания қызметінің түпкі нәтижесінің шығындар құрылымына ықпалы. Компанияның қызмет түріне байланысты табыстар.
Дәріс тезисі 1. Шығындар — бұл корпорация өзінің өндірегін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Корпорация шығындары өндірістік белгісіне қарай 8 түрге бөлінеді:
өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға көтетін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдаға шығындар;
өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;
өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстың қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.
Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.
Ауыспалы шығындар — бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.
Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. "Экономикалық шығындар деп корпорацияның ресурттарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалық) және ішкі (күңгірттік немесе өзінен-өзі түсінікті). Сыртқы шығындар — бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері, шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу және т.б. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Корпорацияның ішкі шығындары күңгірт, өзінен өзі түсінікті сипаттамада болады. Олар корпорация иелернің қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т.б. үшін корпорация ресми төлемейді.
Сыныптау белгілері
Шығындардың бөлшектенуі
Экономикалық элементтер
Өзіндік құнның статьялары
Технологиялық процесстерге қатыстылығы
Құрамы
Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі
Өндірістік процесстердегі ролі
Мақсатқа сәйкес жұмсау
Жоспарға қатысу мүмкіншілігі
Өнімнің көлеміне қатысы
Шығу мерзімділігі
Дайын өнімге қатыстылығы
Шығындардың экономикалық элементтері
Өзіндік құнның калькуляция статьялары
Негізгі, қосымша
Бірэлементтілік, кешенділік
Тікелей, жанама
Өндірістік, өндірістен тыс
Өндірістік, өндірістік емес
Жоспарлы, жоспарсыз
Тұрақты, ауыспалы
Күнделікті, бір жолғы
Аяқталмаған өнімге кететін шығындар, дайын өнімнің шығындары
1 сурет. Өндірістік шығындардың жіктелуі
Өндірілетін өнімнің өзіндік құны
Корпорацияның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі — өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудан ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны — жұмсалған шығындардьң орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, корпорацияның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдың ресурстардың құны, еңбекақы - бұл шығындардың басты статьялары.
Сонымен қатар, корпорация бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау — бұл шығындар корпорацияның қосымша шығындарын құрайды.
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және пайдалылығының деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады.
1. Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.
2. Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.
3. Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.
Жалпы табыс
Материалдық шығындар
Еңбекақы
Пайда
Өндірістің шығындары (өзіндік құн)
Таза табыс
Өткізу көлемі
2 сурет. Корпорацияның өзіндік құны, жалпы табысы және пайдасы
Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген көзқарасты төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзіндік құнның деңгейіне корпорацияға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы, корпорацияға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда территориялық қашықтығы, шикізатқа баға деңгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия және көлік тарифтері және т.б.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілерімен топтастырылады:
Шығындардың бастапқы элементтерімен;
Пайда болу және міндет жүктеу сипаттамасымен.
Экономикалық элементтердің шығыстарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың мәнә - әрбір шығынның элементі өнімнің өзіндік құнының жиынтығына қосылады. Сонымен, мына төмендегі шығын элементтері бөлінеді:
Материалдық шығындар (қайтарылма қалдықтар құрамымен шегеру);
Еңбекақыға жұмсалған шығындар;
әлеуметтік сақтандыруға аударым;
зейнет ақы қорына аударым;
жұмыспен қамту қорына аударым;
амортизация;
басқа да шығындар.
Өнімнің өзіндік құны құрамының дұрыстығына аудит жургізу кезінде
төмендегілерді анықтауы керек:
дайын өнімнің толық кірістелгенін;
өткізілген өнімнің көлемінің нақтылығын;
өзіндік құрамының нақтылығын;
өткізу операциялары бойынша шарттар мен шот-фактуралардың болуын;
өткізу операциялары бойынша салық салудың дұрыстығын.
Аудит жүргізуде аудитор, тауарлар сақталатын қоймалардағы бастапқы құжаттарды тексеруі керек. Сонымен қатар, корпорацияның дебиторлары бойынша деректерді анықтау үшін Бас кітаптың деректерін есеп ведомостерімен салыстыру арқылы анықтауы керек,
Тауарларды сатумен байланысты орын алған шығыстардың есебі корпорацияның тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін есепке алу үшін №811 «Тауарларды сату бойынша шығындар» шоты жүргізіледі.
Бұл шотта сату бойынша жұмсалған шығыстардың төмендегідей түрлері
көрініс табады:
корпорация қоймалардағы өнімді ыдыстарға салу;
коммисиялық алымдар немесе жасасқан шарттар бойынша өткізуші ұйымдарға өнімді өткізгені үшін төленетін шығындар;
өнімді өткізетін жерлерде сақтауға арналған қоймалардың күтіп
ұсталынуы;
жарнама және өнімді сату үшін жасалған зерттеумен байланысты басқа да шығындары жатады.
Сатылатын өнімнің құнының калькуляциясын жасағанда сату бойынша жұмсалған шығындарды тек салынған өнімнің толық өзіндік құнын және өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты нәтижелерін есептеп шығарған кезде ғана оған жедел түрде назар аударылады.
Өнімді сатута жұмсалған шығындардың баптары бойынша талдау есебі
өнімді сатуға жұмсалған шығындар есебінің тізімдемесінде, яғни корпорация
бекіткен баптардың номенклатурасы бойынша жүргізіледі.
Кезең шығыстарының есебі.
Өнім өндіруге кеткен шығыстардан басқа корпорацияның кезеңдік
шығыстар болады және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметінің нақты бір түрімен байланысты емес. Шаруашылық жүргізуші субьект, еш нәрсе өндірмесе де, белгілі бір
кезеңдердің барысында кезең шығыстарьш жасайды.
Кезең шығыстарына мыналар жатады:
жалпы және әкімшілік шығыстар;
пайыз бойынша әкімшілік шығыстар;
тауарлы-материалдық запастарды сату бойынша шығыстар.
Бұл шығыстар тауарлы-материалдық запастардың қалдығына жатқызылмайды, олар өзі алған есептік кезеңнің жиынтық табысын азайтып
есептен шығарылады. Олар сатылмаған өнімнің және аяқталмаған өндірістің
қалдықтарына жатқызылмайды.
Жалпы және әкімшілік шығысы. Шығыстың бұл түріне бүкіл және өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруға байланысты кезеңдік шығыстар жатады. Бұл шығыстардың есебі 821 «Жалпы және әкімшілік шығыстары» деп аталатын активтік шотта жүргізіледі.
Жалпы және әкімшілік шығындарьшың талдамалы есебі келесі шығыс баптарының типтік коменклатурасы бойынша жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда Корпорация осы келтірілген типтік номенклатураны толықтары алады немесе Корпорация оларды әрбір экономика салысының ерекшеліктеріне қарап қарастыруға да, біріктіруге де ақы бар.
Жалпы - әкімшілік шығындарына аудит жүргізу кезінде аудитор төмендегілерді анықтау керек:
әкімшілік мақсатта пайдаланатын негізгі құралдар бойынша амортизация сомасының дұрыс есептелгенін;
әкімшілік басқарушы құрамның штаттық кестесін;
есептелінген жалакы шамасының нақтылығын;
іс сапар шығындарының нақты мақсатта орын алғанын.
Пайыздар (проценттер) бойынша шығысқа - банк несиесі және
жабдықтаушылардың берген несиесі бойынша, мүлікті жалға беру бойынша
төленетін пайыздар жатады.
Пайыздар - несие алушының ақша капиталын несиеге алғаны үшін несие берушіге төленетін табыстың бір бөлігі. Пайызды өтеудің көзі қарыз капиталын пайдалану процесін туындайтын құн болып табылады.
Аудитор пайыз сомасының нақты орнын алғанын анықтау мақсатында банк құжаттарын тексеріп, несиенің нақты мақсаттарға алынғанын анықтауы керек. Бұл мақсатта аудитор кепіл шартын, несие шартын, сыйақымен несиенің өтелу кестесін тексеруі керек.
1. Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.