Тақырып №3. Корпорацияның негізгі капиталы Сағат саны – 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары Корпорациялар қаржыларын ұйымдастырудың ролі және сыныптамасы, ұзақ мерзімді активтердің мәні мен мазмұны. Ұзақ мерзімді инвестициялар, аяқталмаған күрделі құрылыс, материалдық емес активтер, негізгі құрал жабдықтардың құрамы мен құрылымы, экономикалық табиғаты. Таза активтер құны, экономикалық табиғаты және оларды арттыру жолдары.
Корпорация қызметтеріндегі материалдық емес активтердің рөлін арттыру. Ұзақ мерзімді активтерді бағалаудың әдістері: бастапқы, қалпына келтіру, жою және қалдық құны. Материалдық емес активтерді және негізгі қорларды қайта бағалаудың мәні.
Амортизацияны есептеудің негізгі капиталды жаңартудағы рөлі. Ұзақ мерзімді активтерді, негізгі қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштері. Корпорациялардың инвестициялық қызметінің қаржылық аспектісі.
Инвестициялық қызметтегі инвестицияның экономикалық мазмұны және жиынтық мәні. Қазақстанда қазіргі кездегі корпорациялардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері. Күрделі қаржыландыру негізгі капиталды ұдайы өндірудің маңызды әдісі ретінде. Инвестициялардың түрлері: тура (нақтылы), портфельдік және венчурлық инвестициялар. Материалдық емес активтерді және негізгі қорларды инвестициялауды қаржыландыру көздері.
Дәріс тезисі 1. Негізгі капитал – ұлттық байлықтың негізгі бөлігі бола отырып, өндірістің материалдық базасы мен техникалық деңгейін сипаттайды.
Қаржылық есеп беруде негізгі капитал негізгі құралдар ретінде, материалдық-заттық құрамда негізгі қорлар болып бейнеленеді.
Өнім өндіру, жұмысты орындау, қызмет көрсету кезінде 12 айдан асатын мерзім ішінде кәсіпорынның басқарушылық мұқтаждығына байланысты еңбек құралдары ретінде қолданылатын материалдық құндылықтар негізгі қорлар деп аталады.
Негізгі қорлар ұзақ уақыт ішінде әрекет етеді және өзінің құнын дайын өнімге бөлшектеп аударады. Негізгі қорлардың келесідей түрлері бар:
- ғимараттар (өндірістік техникалық қызмет, офис)
- құрылымдар (инженерлік құрылыс обьектілері, өндірістік су құбырларына қызмет ететін гидротехникалық обьектілер)
- өткізу қондырғылары (электрожелі, жылу желісі, су құбырлары)
- машина және жабдықтар (өз қасиетін, формасынжәне материалдық жағдайын өзгертетін еңбек құралдары)
- көлік құралдары
- инструменттер
- өндірістік инвентарь
- жұмыс және өнімді мал
- көп жылдық отырғызылымдар т.б.
Негізгі қоралдардың құрамына кәсіпорын меншігіндегі жер учаскелері, табиғатты пайдалану обьектілері (жер, су, т.б. табиғи ресурстар) жатқызылады.
Негізгі қорлар өндіріске қатысуына қарай өндірістік негізгі қорлар (ғимараттар, құрылымдар, жұмыс машиналары мен жабдықтар т.б.) және өндірістік емес негізгі қорлар (тұрғын үйлер, клубтар, санаторийлер, емханалар, балабақшалар т.б.) болып бөлінеді.
Өндірістегі негізгі қорларды белсенділігіне қарай активтік және пассивтік деп бөледі.
Активтік негізгі қорлар тауар өндіру процесіне тікелей қатысады (машиналар, жабдықтар, есептеу техникалары, өткізу қондырғылары, бақылау өлшемдеуші, реттеу приборлары т.б.).
Пассивтік негізгі қорлар шикізат, материалдарды, жартылай фабрикаттарды қайта өңдеу және өндіру процесіне тікелей қатыспайды, бірақ өндіріске қолайлы жағдайлар жасайды (ғимараттар, құрылымдар т.б.).
Қызмет ету жылына тәуелсіз құны аз бір жылдан аз уақыт қызмет ететін заттар (жас мал, бағудағы малдар, құс, қоян, арнайы жерлер, арнайы жерлерде өсірілген көпжылдық ағаштар, арнайы киімдер, төсек орын, уақытша қондырғылар мен құрылғылар) негізгі қорларға жатқызылмайды.
Меншігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Ал қолданылу белгісіне қарай қолданыстағы негізгі құралдар, қайта құрылып немесе техникалық қайта жабдықтаудағы, резервтегі және консервациядағы негізгі құралдар болып бөлінеді.
Қолданыстағы обьектілер бойынша толық орын толтыру үшін амортизация есептеліп, қажет жағдайда жөндеу қорлары құрылады.
Резервтік обьектілер бойынша толық орын толтыру сомасы есептелсе, консервациядағы негізгі құралдарға амортизация жүргізілмейді.
Экономика салаларында негізгі қорлардың құрылымы бірдей емес. Ол техникалық жабдықтарды, технологияны, өндірістің мамандануы мен ұйымдастырылуын көрсетеді. Машина жасауда, қара металлургияда, мұнай өнеркәсібінде негізгі қорлардың басым бөлігін машина мен жабдықтар алса, электроэнергетикада құрылымдар және өткізу қондырғылары, жеңіл өнеркәсіпте ғимараттар, ауылшаруашылығында мал мен көпжылдық отырғызылымдар алады.
2. Негізгі қорлар келесідей ақшалай бағалау түрлеріне ие:
1. Бастапқы құн – бұл құн бойынша негізгі қорлар бухгалтерлік есепке қабылданады.
2. Орын толтыру құны – ұдайы өндіру процесіндегі құн. Бұл кезде негізгі қорлардың моральдік тозуы мен қайта бағалануы ескеріледі.
3. Қалдық құны – негізгі құралдардың бастапқы құнынан тозу құнын алып тастағаннан кейінгі айырма болып табылады.
Негізгі қорлардың бастапқы құны оларды сатып алу және дайындауға кеткен корпорацияның фактілік шығындарының сомасы (ҚҚС және өзге салымдар ескерілмейді).
Негізгі қорларды сатып алу және дайындықтың фактілік шығындары келесілер болуы мүмкін:
келісім шартқа сәйкес жеткізушіге төленетін сомалар құрылыстың немесе басқа да келісім шарт бойынша жұмысты жүзеге асыруға ұйымдардың төлейтін сомалары;
негізгі қорларды сатып алуға байланысты ақпараттың және кеңес беру қызметтеріне ұйымдардың төлейтін сомалары;
негізгі қорларды және оларға деген сатып алу құқықтарына байланысты тіркелу алымдары, мемлекеттік баж салығы т.б. ұсақ төлемдер;
негізгі қорларды сатып алу, құру және дайындауға байланысты тікелей шығындар;
корпорацияның жарғылық капиталының құрамына енгізілген негізгі қорлардың бастапқы сомасы. Ұйым құрылтайшыларының келісілген ақшалай бағасы болып табылады;
сыйға беру келісім шарты болып табылатын қайтарымсыз алынған негізгі қорлардың бастапқы сомасы.
Бухгалтерлік есепке қабылданған негізгі қорлардың құны өзгертілмейді. Негізгі қорлардың бастапқы бағасы сәйкес обьектілер толықтырылып, қайта жабдықталып, қайта құрылып немесе бір бөлігі жойылған жағдайда ғана өзгертілуі мүмкін.
Кәсіпорын жылына 1 рет орын толтыру құны бойынша негізгі қор обьектілерін индексация жолымен немесе құжаттармен расталған нарықтық бағамен бағалауға құқылы.
3. Негізгі қорларды тиімді пайдалану натуралдық және құндық көрсеткіштер арқылы анықталады. Ақшалай сипаттағы құндық көрсеткіштер кәсіпорынның экономика салаларының негізгі қорлардың өндірістік қайтарымын бейнелейді және олар жалпылама көрсеткіштер болып табылады:
- қор қайтарымдылығы – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құнының 1 теңгесіне шаққандағы өткізген өнім соммасын бейнелейді;
- қор сыйымдылығы – негізгі өндірістік қордың өнім құнына қатынасын сипаттайды;
- қор жабдықталуы – кешендік синтетикалық көрсеткіш. Ол бір жағынан негізгі қорлардың құрамы, құрылымы, сапасы, өзгеру темпі мен қолданылу тиімділігінен тәуелді болып, екіншіден, өнімді шығарудың өсу қарқынынан тәуелді.
Тәжірибе көрсеткендей негізгі қорларды құны төмен тозу құны аз болып, активті бөлігінің үлесі көп болған сайын, қор қайтарымдылық көрсеткіші соғұрлым жоғары.
Экономиканың әртүрлі салаларындағы қор қайтарымдылығы және қор сыйымдылығы көрсеткіштері бірдей емес. Олардың мөлшеріне сала экономикасының, негізгі қорлардың технологияларының, ұйымдастырылуы, даму темпінің ерекшеліктері, қуат бірлігін өндіру құнының өзгеруі әсер етеді.
Ауыр өнеркәсіпте қор қайтарымдылығы жеңіл өнеркәсіпке қарағанда әлдеқайда төмен.
Негізгі қорларды жөндеуді қаржыландыру көздері.
Кәсіпорынның негізгі қорларын қолдану процесінде тозуы негізгі қорларды жөндеу, олардың ұдайы өндірілуінің элементі бола отырып, олардың қызмет ету мерзімін ұзартады, өнімділігін ұлғайтады және тікелей инвестицияға деген қажеттілігін төмендетеді.
Жөндеудің келесідей түрлерін ажыратады:
Ағымдық
Орташа
Капиталдық.
Ағымдық жөндеу кезінде ұсақ сынықтарды жою мен жеке детальдарды алмастыру жүргізіледі, әдетте, ол кездейсоқ сипатта.
Орташа және жоспарлау – алдын-ала жөндеу жеке элементтерді, детальдарды, түйіндерді алмастырумен және барлық агрегаттардың жұмыстарын тексеруге байланысты. Орташа жөндеу жұмысы жылына 1 рет жүргізіледі.
Машиналар мен жабдықтарды капиталдық жөндеу кезінде агрегаттарды бөлшектеу, тозған детальдар мен узелдерді қайта орнына келтіру немесе алмастыру, базалық детальдарды жөндеу жүзеге асырылады. Капиталды жөндеу 1 және артық кезеңділікпен жүргізіледі.
Ғимараттар мен құрылымдарды капиталды жөндеу тозған конструкциялар мен детальдарды сапалы әрі үнемді деталдарын алмастыруды қарастырады, яғни мұндай жұмыстар жөнделген обьектінің эксплуатациялық көрсеткіштерін жақсартады.
Капиталдық жөндеудің экономикалық жөнділігі капиталдық жөндеуге кеткен шығындар мен жөнделетін обьектілер құнын алмастырумен анықталады. Егер капиталды жөндеу жөн болмаса, оған арналған құралдарды қолдануға жарамайтын, тозған машиналар мен жабдықтардың орнына жаңа жабдықтар мен машина сатып алуға жұмсауға болады.
Жоспарлы экономикада ағымдық және орташа жөндеуді қаржыландыру шығындарды өзіндік құнға тікелей енгізу жолымен жүргізіледі, ал капиталды жөндеу жұмыстары бойынша амортизация нормалары тағайындалады және кәсіпорында амортизациялық қор құрылады. Осы амортизациялық қор есебінен жөндеу жұмыстары қаржыландырылады.
Қаіргі кезде кәсіпорын жөндеу жұмыстарының жалпы көлемін және олардың түрлері бойынша құрылымын өз бетінше анықтайды. Жөндеу жоспары бүтін кәсіпорынға 1 жыл мерзімге құрылады. (жеке обьектілерді жөндеу бойынша смета қаржылық есептеулер негізінде). Бұл кезде әрекет етіп отырған нормалар, баға, тариф ескеріледі және жоспарды кәсіпорын басшысы бекітеді.
Бағыныштылығы мен меншік нысанына байланыссыз кәсіпорын негізгі құрамдас обьектілерін жөндеудің барлық түрлеріне кеткен шығыстарды өнімді өндіру және өткізу шығындарының құрамына кіргізеді.
Кәсіпорын жөндеу шығындарын өзіндік құнға аудару тәсілін таңдауға құқығы бар. Олар құқылы:
- жөндеу шығындарын жөндеу жұмысы жүзеге асырылғаннан кейін тікелей өзіндік құнға қосу. Бұл тәсілдің бір қатар кемшіліктері бар.
Егер кәсіпорында жөндеу жұмыстарын жүргізудің мерзімдік тербелістері болса, онда өзіндік құнның жеке кезеңдер бойынша тербелісі күшейеді, яғни, пайданы есептеу, бюджет төлемдерін анықтау қиынға соғады.
- жөндеу қорын құру кәсіпорын техника экономикалық есептеулердің негізінде өз жұмыстарының жалпы көлемін және жөндеу қорын қалыптастырудың нормасын анықтайды. Жөндеу қорының аударымдарының нормасы жабдықтарды модернизациялау шығындарын ескру тиіс.
Тағайындалған нормалар негізінде кәсіпорын ай сайын жөндеу қорына аударымдар жасайды және аударымдардың тең үлестерімен өзіндік құнға қосады. Жөндеу қорының құрралдарын шығыстау қажеттілікке қарай жүргізіледі. Бұл процесс өнімді өндіру және өткізу шығындарын және кәсіпорынның пайдасын қалыптастыруда тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
- негізгі капиталдың обьектілерін жөндеу бойынша фактілік шығындарды қажеттілікке қарай болашақ кезеңге қарай шығыстардың құрамына енгізу және соңынан ай сайын оларды өндірістік шығындарға есептеп шығару.
Амортизация және оның негізгі капиталды жаңартудағы рөлі
Амортизация – тозған негізгі қорлардың құнын олар арқылы өндірілген өнімге аудару болып табылады. Бұндай біртіндеп аудару процесі кезінде құнның бір бөлігі негізгі қорлардың тұтыну құны болса, қалған бөлігі қайта жасалған өнім құнының 1 бөлігі ретінде айналым жасайды. Яғни соңғы бөлік тауар формасынан ақша формасына ауысып амортизациялық аударымдар түрінде айналымда жинақталады.
Амортизациялық аударымдар өнімді өткізуден түскен түсімақшадан құрылады.
Амортизациялық аударымдардың басты мақсаты – қызмет ету мерзімі немесе пайдалы қолданылу мерзімі өткен соң өндірістен шығып қалатын негізгі қорлардың мөлшеріне келетін ақша құралдарын жинақтау 1998 жылдан бастап негізгі қорлардың пайдалы қолданылу мерзімін кәсіпорынның бухгалтерлік есепке обьектіні қабылдау сәтінде өзі анықтайды.
Сыйға, қайтарымсыз алынған, орман шаруашылығының тұрғын үй, мал шаруашылығы, өнімді мал, көпжылдық отырғызылымдар, кітаптарға амортизациялық аударымдар есептелмейді.
Сонымен қатар уақыт өтуіне байланысты тұтыну құнын жоғалтпайтын негізгі қор обьектілері (жер учаскелері) т.б. амортизацияланбайды.
Негізгі қор обьектісі бюджеттік есебінен алынған болса, есепке обьектінің құнынан бюджет құралдарын алып тастағаннан кейінгі айырма алынады.
Негізгі қор обьектісі бойынша амортизациялық аударымдар обьект есепке алынғаннан кейінгі айдың 1 күнінен бастап, обьект құны есептен шығарылғанша есептеледі.
Амортизациялық аударымдар есепті кезеңнің бухгалтерлік есебінде бейнеленеді жәе есепті кезеңдегі ұйымның іс - әрекетнін нәтижесінен тәуелсіз аударылуы тиіс.
Тікелей инвестициялар негізгі капиталды ұдайы өндіру әдісі ретінде.
Негізгі капиталдың ұдайы өндірілуі тікелей инвестициялар немесе құрылтайшылардың жарғылық капиталдағы жарналарына негізгі капиталды аудару немесе заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз құралдары есебінен жүзеге асады.
Негізгі капиталды ұдайы өндірудің маңызды әдісі тікелей инвестиция болып табылады.
Тікелей инвестиция дегеніміз – негізгі капиталдың жаңа обьектілерін құру, кеңейту, қайта құру және техникалық жағынан қаруландыру шығындары.
Жаңа құрылыс жаңа алаңдарға обьектілер салу.
Кеңейту негізгі мақсаттағы бар цехтарды кеңейту немесе жаңадан алу, қосымша өндіріс кешендерін салу.
Қайта құру, кәсіпорынның толық және кейбір бөліктерін қайта жабдықтау және қайта құрылымдау. Бұл кезде моральдік көнерген және физикалық тозған жабдықтар алмастырылады.
Өндірістегі механикаландыру мен автоматтау технологиялық звено мен
көмекші звенолардағы диспропорция жою жүргізіледі.
Аталған ұйымдастыру техникалық шаралар еңбек өнімділігін өнімді шығару, оны сапасы, шартын т.б. кәсіпорын көрсеткіштерін көтеруге мақсатталған.
Техникалық инвестициялардың техникалық құрылымы 3 элементтен тұрады:
жабдықтарды, құралдарды және инвентарьді сатып алу.
Құрылыс монтаждау жұмыстарды орындау шығыстары.
Өзге тікелей инвестициялар, оның ішінде жобалық барлау жұмыстар, құрылымдағы обьектілер енгізу бойынша шараларды уақытылы жүргізу.
Экономиканың әр түрлі салаларында тікелей инвестициялар сомасындағы шығындардың үлес салмақтары бірдей емес, мысалы:
- жылу электростанция, металлургиялық, химиялық, машина жасау, кәсіпорын салуда тікелей инвестицияның басым бөлігін жабдықтарды сатып алу шығындары құрайды.
- тұрғын үй коммуналды шаруашылықта шығындардың басым бөлігін құрылыс монтаждық жұмыстар құрайды.
- жабдықтарды сатып алу, құрылыс монтаждық жұмыстар және басқалай капиталдық салымдар шығындар арақатынасы тікелей инвестициялық технологияның құрылымын құрайды.
- экономикалық жағынан тиімді құрылымда жабдықтарды сатып алу шығындары басым болып табылады.
Кәсіпорындарды, обьектіні, құрылымды салу жұмыстары тікелей кәсіпорынмен шаруашылық ұйымдардың (капиталдық салымды жүзеге асырушы), өз күшімен құрылыстың шаруашылық тәсілі және тапсырыс берушілермен жасалатын келісімшарт бойынша арнайы құрылыс және монтаждық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Шаруашылық тәсіл - әрбір кәсіпорында құрылыс бөлімдері құрылады. Олар үшін механизмдер мен жабдықтар сатып алынады, жұмысшы – құрылысшылар тартылып, өндірістік база қалыптастырылады.
Мердігерлік тәсіл – құрылыс бойынша жұмыстарды осы мақсатқа құрылған және монтаждық ұйымдар орындайды. Келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау тапсыры беруші мен мердігердің бірін – бірі өзара бақылауына жағдай жасайды, материалдық еңбек және ақша ресурстарын тиімді, үнемді қолдануға септігін тигізеді.
Осылайша мердігерлік тәсілде құрылыс жұмыстары үнемі әрекет ететін ұйымдар жүзеге асырады. Бұл қажеті квалификациясы бар жұмысшылардың тұрақты кадрларын құруға және құрылыс ұйымдарының қазіргі заманға сай техникамен жабдықталуына мүмкіндік береді.
Мердігерлік ұйымдар жүйелі түрде өндірістік тәжірибе жинақтайды, сондықтан да олар құрылыс жұмыстарын жоғары деңгейде жүзеге асырады.
Материалдық негізгі қорларға ғимараттар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшеуіш және реттеуші приборлар, тұрғын үйлер, көлік құралдары, көпжылдық отырғызылымдар және басқа да материалдық негізгі қорлар.
Материалдық емес негізгі қорларға компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз ету интеллектуалдық меншіктер тағы басқа да материалдық емес активтер жатады.
Материалдық материалдық емес активтер кәсіпорынның балансының «айналымнан тыс активтер» бөлімінде бейнеленеді
Негізгі құралдарға 12 айдан астам қызмет ететін құралдар жатады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің негізгі міндеті болып дұрыс құжаттық рәсімдеу, негізгі құралдардың түсуінің есептік тіркелуінің өз уақытында бейнеленуі, негізгі құралдардың тозу сомасының есепте көрініс табуы, негізгі құралдардың тиімді қолданылу, сақтау және жөндеуге шығындарды бақылау.
Қойылған міндеттерге жауап беретін негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру үшін келесі алғышарттардың маңызы зор: негізгі құралдардың жіктелімі, негізгі құралдарды бағалаудың принциптерін қалыптастыру, есептік тіркеу және алғашқы құжаттар формасын таңдау.ұйымдарда негізгі құралдардың бірегей типтік жіктелімі қолданылады, сәйкесінше негізгі құралдар келесі белгілері бойынша топтастырылады: салалық, түрлері, Қолданылуыменшік бойынша.
Негізгі құралдарды салалық белгісі бойынша топтау (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, көлік т.б.) әрбір сала бойынша олардың құны туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Түрлері бойынша негізгі құралдар ғимараттарға, машиналар мен құрал-жабдықтар, есептеуіш техникалар, өндірістік және шаруашылық инвентарь болып бөлінеді.
Негізгі құралдар қолданылу дәрежесіне қарай келесілерге бөлінеді: