1. Ланцетниктің даму ерекшелігі



бет8/21
Дата18.05.2023
өлшемі366,47 Kb.
#94329
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
40 Мезенхима
Мезенхима (гр. мезо... және гр. enchyma — тін, ұлпа) — ұрықтық кезеңде ұрық жапырақшалары мен жартылай эктодерма мен энтодермадан қалыптасып, дамып жетілетін ұрықтың дәнекер тіні. Мезенхимадан жануарлар организмінің барлық ішкі орта немесе тіректрофиктік тіндері (қан, лимфа, ретикулалдық клеткалар, май,пигментті, борпылдақ дәнекер, тығыз дәнекер, шеміршек және сүйек тіндері) дамиды. Мезенхима клеткалары — өсінділі клеткалар. Олар өсінділері арқылы тығыз байланысып синцитий (клеткалар байланысы) түзеді. Клеткааралық кеңістіктерде — дамып жатқан организмнің ішкі ортасы қызметін атқаратын пішінсіз (аморфты) клеткааралық негізгі зат орналасады. Орықтың алғашқы сатыларындағы зат алмасу процесі осы негізгі заттың қатысуымен жүреді. Өсінділерінен айырылып, бір-бірінен оқшауланып дөңгеленген мезенхима клеткаларынан қан клеткалары дамиды. Ал, бір-бірімен байланысқан мезенхима клеткаларынан қан және лимфа тамырларының қабырғалары жетіледі. Кейбір мезенхима клеткалары — клеткааралық талшықтар мен пішінсіз негізгі затты түзуге бейімделеді. Соның нәтижесінде барлық дәнекер тіндерінің клеткааралық заттары түзіледі, ал өздері сол тіндердің клеткаларына айналады. Мезенхима клеткаларынан жануарлар организміндегі барлық дәнекер немесе тірек-трофиктік тіндердің діңгекті клеткалары жетіліп, әр түрлі жарақаттан кейінгі не тіндердің істен шыққан бөліктерін қалпына келтіру қызметін іс жүзіне асыратын камбиалды клеткаларға айналады

41 Дәнекер ұлпасы, құрылысы және қызметі
Дәнекер ұлпасы (textus соп- nectivus; лат. textus — ұлпа, connectivus — дәнекер) — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады.[1] Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың ара-қатынасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасы жасушалары құрылысында полярлық айырмашылықтар (эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды. Жасушааралық заттар ұлпа жасушаларының туынды өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға қарағанда әлдеқайда мол болады. Сондықтан, жасушааралық заттар дәнекер ұлпаларының маңызды, атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға қатысады. Адам мен жануарлар организмдерінде құрамында дәнекер ұлпаларының элементтері кездеспейтін мүшелер болмайды. Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің қабықтары мен қабаттарын, қомақты мүшелердің паренхима бөліктерін дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас етіп түратын олардың стромасын құрайды, әртүрлі мүшелердегі перделіктерді, қапшықтарды, дене шандырларын, қаңқа сүйектері байламдарын, бұлшық еттер сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сұйық ішкі ортасын түзеді. Дәнекер ұлпаларының жарақаттанғаннан кейінгі тез қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы, ретикулалы ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет