Негізгі бөлім
|
Тапсырмаларды орындап бір шеңбер бойымен жүру және жүгіру.
Үш қатарға тұрғызып, доппен орындалатын жаттығулар жасатады.
Негізі қимылдарды орындау.
А)Допты еденге соғу.
Б.қ-қа тұруды ұсынады – аяқ алшақ, доп төменде. Жаттығулар көрсетіледі.
Б) Гимнастикалық орындық үстімен ішпен жатып еңбектеу.
Екі гимнастикалық орындықты қояды. Үстінен еңбектейді.
В)Кішкентай қапшықтарды алысқа лақтыру. Нұсқаушы көрсетіп, түсіндіреді.
Қ/о ұсынылады, «Арынды арқан»
«Арынды арқан» ойынына қатысушыларға шек қойылмайды. Ойын кең жазық алаңда, көгалды жерге ойнала береді. Ойын жүргізу үшін 2-3 немесе 4 метрдей арқан керек. Ойнаушылар кең жазық алаңға келіп жиналған соң араларынан бір ойыншыны ойын жүргізуші қолына арқанды алып, жиылған топтың ортасына келіп тұрады да, «Ойынды бастадым,» - деп дауыстайды. Содан соң, ол арқанның түйілген басынан ұстап, шеңбер бойымен ортада тұрған ойыншыларды орай айналдырады, ал ойнаушылар болса, секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан жібере береді. Кімде-кім секіріп арқанды жібере алмай қалса, не басып кетсе, онда жаза тартады, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді және ойын жүргізушімен орын ауыстырады. Ойын жалғаса береді.
|
Шеңбер бойымен жүріп, жүгіреді.
Нұсқаушының команда беруімен бастап жаттығуларды орындайды.
Үш қатарға тұрады.
Екі қатарға тұрады.
Гимнастикалық орындық үстімен еңбектеп жүреді.
Қапшықтарды белгіленген жерге лақтырады.
Ойын ойнайды.
|