1. Ландшафттану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы және оның басқа ғылым салаларымен байланысы


Ландшафттану ғылымының дамуы. Ландшафт картасы



бет32/33
Дата24.04.2023
өлшемі72,41 Kb.
#86205
түріҚұрамы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
58. Ландшафттану ғылымының дамуы. Ландшафт картасы
Ландшафттану ғылымының дамуы 19-ғ. басталды. Ландшафт - ел, жер дегенді білдіреді. Ландшафттану ғылымы география, биология, геология, климатология, гидрология т.б. жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты. Ландшафттанудың негізін салушылар – Л.С.Берг, Г.Н.Высоцкий, Г.Ф.Морозов, т.б. Ландшафттану ғылымының дамуы ландшафт картасын жасау ісімен тығыз байланысты. Бұрынғы КСРО-да жаппай ландшафт картасын жасау екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Кейіннен ірі, орта, ұсақ масштабты ландшафт картасын жасауға Ленинград, Латвия, Воронеж, Львов, т.б. университеттердің ғалымдары мен Қазақстан ғалымдары атсалысты. Ландшафт картасын жасау мен далалық ландшафт зерттеулерінің қарқынды жүргізілуі, ландшафт туралы теорияның терең талқылануы ландшафттану ғылымы ауқымының кеңеюіне жолашты.
59. Ландшафттанудың негізгі салған ғалымдар және олардың еңбектерін атаңыз Табиғатта шындарын мәңгі мұз басқан сеңгір таулар жазиралы жазықтармен, түгін тартса, майы шыққан құнарлы өңірлер құла түздермен, ит мұрны өткісіз ормандар құм-шағылды шөлейттермен алмасып жатады. Бұл ғылым тілінде жер шары мен оның табиғатын түзген әр түрлі географиялық кешендер деп аталады. Бұлардың құрамдас және құрылымдық бөліктерінен зат пен энергия алмасуы арқылы біртұтас жүйе құрылады. Бір құрамдас бөліктің өзгерісі екіншісінің, бір кешеннің өзгерісі басқаның өзгеріске ұшырауына әкеп соқтырады. Сонымен қатар жергілікті жағдайға байланысты әр түкпірде әрқилы территориялық табиғат кешендері түзіледі. Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын ландшафттану ғылымы зерттейді. Осы ғылымның қалыптасуына алғашқылардың бірі болып орыс ғалымы В. В. Докучаев айтарлықтай үлес қосты. Бұдан кейінгі кезде "ландшафт" ұғымын Л.С.Бергтің еңбектерінен кездестіреміз. Ландшафттанушы ғалымдардын1963 жылы Алматыда өткен Бүкілодақгық кеңесі, 1965 жылы "Таулар мен шөлді аймақтардың ландшафтарын зерттеу" проблемаларыпна арналған аймақтық ғылыми симпозиум және басқа шаралар Қазақстан ландшафты туралы зерттеулердің өріс алуына елеулі ықпалын тигізді. Бұл орайда қазақстандық зерттеушілерден В.М.Чунахинді, М.Ш.Ишанқұловты, А.В.Чигар-кинді, Г.В.Гельдиеваны, т.б. атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет