Еліміздегі ең танымал Жану мәселелері институты машина жасау саласында 3
D принтинг» ғылыми орталығының негізін қалап, ұйымдастыру Қазақстанда
алғаш рет пластмассамен жұмыс жасау және бетоннан үй тұрғызу жұмыстары
үшін отандық 3D принтерлер жасап шығаруды қолға алды.
Сонымен алғашқы отандық пластмассадан бұйымдар басып шығаратын түрлі-
түсті 3D принтер әзірленді. 3D принтерді тестілеу мен сынақ жүргізу
ойдағыдай сәтті жүргізіліп, пластмассадан тестіленген бұйым алынды.
Сонымен қатар ұсақ темір қосалқы бөлшектерді еш қиындықсыз дәлме-дәл
тетікке бағыттай алатын, 5 сатылы еркін қимылға ие бетонмен жұмыс
жасайтын қатты металдан экструдер әзірленіп, жасап шығарылды.
Үйдің сұлбасын тұрғызатын 3D принтердің жалпы технологиялық схемасы
әзірленді. Түрлі-түсті 3D принтердің механизмі пысықталып, жаңа
бағдарламалар енгізіліп, жұмыс істеуі жүйеленді.
Ал медицина саласы бойынша «Арал маңындағы тұрғындардың денсаулық
жағдайын кешенді басқарудың тәсілдері» алғаш рет экологиялық тәуелді
аурулардың пайда болуын айқындайтын Арал маңы тұрғындарына әсер етуші
экологиялық ауыртпалықтың дозасын (мөлшері) анықтады.
Зерттеуге алынған елді мекендердегі суқоймаларынан, сондай-ақ топырақ
және шөгінділерінен жоғары сульфат және паразиттік қоздырғыштармен
зақымданғаны анықталған.
Онкологиялық аурулардың (өңеш, асқазан, бауыр обыры) пайда болуы табиғи
ортаның хлоридтер, сульфаттар және металдардың кездесуімен тікелей
байланысты екені ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Сонымен қатар ер мен
әйелдің репродуктивті жүйесі және гуморальдық иммунитеттері бұзылып,
балаларда дене ұзындығының төмендеуі, ССС және ЖКТ функционалдық
баланстың бұзылуы, темір жетіспеушілік анемия, бронхиалды астма аурулары
жиі кездеседі.
Қоршаған ортасы ластанған Арал маңы тұрғындарының жағдайының алдын
алу, түзету және оңалту шаралары жүргізілген.
«Қазақстан
Ресубликасының
2014-2016
жж.
биомедициналық
индустриясының негізін қалауда трансляциялы және персоналдандырылған
медицинаның дамуы» (Назарбаев Университеті) бағдарламасынан алынған
нәтижелер биофармацевтикалық препараттар өндірісі бүкіл әлемдік
зерттеулер контексіне жаңалық болып отыр.
Алғаш
рет
Назарбаев
Университеті
ғалымдары
адамның
дін
жасушаларындағы индукцияланған плюрипотенттерінде эритроциттердің
қалыптасуындағы гипоксия әсерін зерттеді. Клиникаға дейінгі зерттеулер
нәтижесі көрсеткендей, сүйек асты жасушасын пайдалана отырып, жасушалы-
имплантациялы жүйесін әзірлеу шеңберінде гепарин-конъюгировалы
фибринды гидрогелді (ГКФГ) қолдану сүйек ақауын толық қалпына келтіруге
және небәрі 12 аптада шоғырландыруға септігін тигізетіндігі анықталды.
Осылайша, соңғы жылдары қазақ ғылымы дамудың жаңа сатысына көтеріліп,
өзінің күші мен қуатын әлемге паш етті.
Достарыңызбен бөлісу: