Қазіргі уақытта республика соттары сот отырыстарын қашықтықта жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін аудио-,бейнетіркеу жүйелерімен жабдықталған.
Яғни
адам,
басқа
жерде
бола
тұра
сот
отырысы
залымен
бейнеконференцбайланысы арқылы қосылып, тыңдалуына, сонымен қатар, өзі
де сот процесінде не болып жатқанының барлығын естуге мүмкіндігі бар.
Бүгін мобильдік технологиялар бізге әрі қарай дамуға мүмкіндік береді.
Адамға сотқа келуде қажет емес, ол үйінде, кеңседе отырып немесе сапарда,
демалыста болып, соттың жүйесіне өзінің смартфоны, планшеттік компьютері
немесе смарт сағаты арқылы да қосыла алады. Ол үшін сот отырысына
қатысушыға өзінің мобильдік құрылғысына «TrueConf» арнайы қосымшасын
орнату керек, содан кейін сот отырысына логин арқылы қосылуға облыстық
соттың программистері көмек көрсетеді. Ол үшін өзінің мәліметтерін және
қаралатын істің номерін беру қажет. Бұл адамның сот арқылы қорғалу
құқығын анағұрлым жеңілдетті.
Атап айтқанда Жангелдин аудандық соты ауданымыздың облыс орталығы мен
басқа да ірі қалалардан анағұрлым қашық аралықта орналасқандығын ескеріп,
сот төрелігін жүзеге асыру кезінде алдыңғы қатарлы электрондық сервистерді
кеңінен қолданады.
Сондай-ақ, бүгінгі күнге республика соттарымен «Татуластыру: сотқа дейін,
сотта» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаның жүзеге
асырылуында дауды шешудің сотқа дейінгі және соттан тыс механизмдерінің
дамуына, медиация институтының әйгілендірілуіне ерекше көңіл бөлінеді.
Медиациялық келісім арқылы қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік
құқық бұзушылық істер бойынша тараптар даусыз, ұрыс-керіссіз, өз қалауы
және өз еркі бойынша өздеріне, екі жаққа да тиімді келісімге келе алады. Бұл
жерде тараптар сотқа келіп кетумен байланысты қаражат шығындары мен
уақыттарын үнемдейді және істі әрі қарай қоздырмай екі жаққа да тиімді
негіздерде медиациялық келісім бойынша іс жүргізуді тоқтата алады. Бұл
жерде адам өз еркін, өз қалауын білдіре алады.
Адам құқығы - адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен
қорғалатын ең жоғарғы демократиялық құндылық. Сондықтанда әрбір адам
өзінің де, басқаның осы құндылығын бағалай білу және оған ешқандай да зиян
келтірмеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: