1. мб және мг пәні, міндеттері


) а-РНҚ құрылысының ерекшеліктері



бет5/9
Дата06.12.2022
өлшемі47,39 Kb.
#55260
1   2   3   4   5   6   7   8   9
19) а-РНҚ құрылысының ерекшеліктері:
Ақпараттық РНҚ н/е матирицалық РНҚ (а-РНҚ) қызметі – ДНҚ-дағы ақуыздар туралы генетикалық ақпаратты көшіру ж/е ақуыз синтезі жайлы ақпаратты цитоплазмаға жеткізу.
а-РНҚ молекулаларында полипептид тізбегі туралы ақпарат болатындықтан, олардың жасушадағы жалпы саны өте көп болады. Осыған қарамастан: а-РНҚ –лардың бәрі жасушадағы РНҚ молекулаларының жиынтығының небәрі 5%-н ғана құрайды.
а-РНҚ –лар қаншалықты көп болғанымен көп болғанымен бәрінің құрылысы бір-біріне ұқсас, яғни а-РНҚ-ның сызықтық тізбегі әртүрлі қызмет атқаратын бірнеше учаскелерден тұрады. Оның 51 ұшына «қалпақша» не кэп д/а-н учаске орналасқан.
а-РНҚның құрылысы: «қалпақша», трансляцияланбайтын учаске, инициаторлық кодон, кодтаушы бөлімі, Терминаторлық кодон, трансляцияланбайтын учаске, поли-фрагмент.
20) т-РНҚ құрылысының ерекшеліктері. Бірінші, екінші, үшіншілік құрылымдары. тРНҚ-ның лигандамен әрекеттесуі.
т-РНҚ қызметі: ақуыз синтезделетін кешенге аминқышқылдарын рибосомаға тасымалдап, жеткізіп отырады.
т-РНҚ ның жалпы саны 40-50ге жуық. Яғни әрбір аминқышқылына 1ден 5-ға дейін т-РНҚлар болады.
Т-РНҚ молекуласы үлкен болмайды, онда 100 шақты нуклеотидтер кездеседі, олардың ішінде минорлық(модификацияланған) нуклеотидтер көптеп кездеседі- 13-15%, олар: гидроуридин, псевдоуридин, инозин, метилинозин, метилгуанозин, диметилгуанозин, диметилуридин.

  1. т-РНҚның ең соңғы нуклеотиді – аденинмен тиесілі аминқышқылы ковалентті байланысады.

  2. т-РНҚлардың тағы бір маңызды ерекшелігі акцепторлық бұтақшаның қарама-қарсы жағында 7 нуклеотидтен тұратын антикодондық имектің болуы. Олардың үшеуі антикодон қызметін атқарады.

  3. т-РНҚлардың үшіні реттік құрылымы тұрақты болады. Олар ақуыз синтезделінетін кешенге аминқышқылдары тасымалдап, жеткізіп отырады.

Лиганд – рецептор не басқа бір ақуызбен байланысатын молекула.(Лигандалар тур. Кок китапта 22бетте бар
короче)
21. Рибосоманың құрылысы және рибасомалық кешен, рибосомалық РНҚ.
Рибосоманың құрылысы:
Рибосомалық РНҚ – рибосоманың құрылымдық деңгейін түзеді, осында нәруыз биосинтезі жүреді.
Рибосома тірі организмдердің барлығынан дерлік табылған. Әр жасушада шамамен 1000-нан 10 000-ға дейін Рибосомалар болады. Шамамен диаметрі 20 нм-дей. Рибосомалар екі класқа бөлінеді: 70S және 80S (S-седиментация коэфф., Сведберг бірлігі). 70S Рибосома ядросы жоқ прокариоттар жасушаларында, ал 80S рибосомалар эукариоттардың цитоплазмасында болады. Химиялық құрамы жағынан рибосомалар РНІ-нан және ақуыздардан тұратын нуклеопротеид болып саналады.

Рибосомалық РНҚ:


Рибосомалық РНҚ-лар рибосома субъединицаларының (үлкен және кіші) құрамына кіреді. Олардың 4 түрі бар. 5S-p РНҚ, 5,8-p РНҚ, 18S-p РНҚ, 28-p РНҚ. Р- РНҚ молекуласының ерекшелігінің бірі – оның құрамына Г және Ц сияқты азоттық негіздерінің мөлшерінің басқаларына қарағанда көп болуы.

22. Транскрипцияның жалпы сипаттамасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет