1. Мейірбике ісі, мейірбикенің жұмысын барлық кезеңдерде ұйымдастыру


Бөлімшеде дәрілік заттардың талаптарын жазу және сақтау



бет2/41
Дата14.02.2023
өлшемі1,77 Mb.
#67925
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
22.Бөлімшеде дәрілік заттардың талаптарын жазу және сақтау.
23.Дәрілік заттарды сырттан қолдану (ысқылау, майлау, жылытатын компрессті жағу, емдік бұласырды қолдану).
24.Тамшыларды тамызу және көзге, мұрынға, құлаққа жақпа салу.
25.Дәрі-дәрмектерді енгізудің ішек жолдары (ауызша, сублингвальды, суббукальды, тік ішек), артықшылықтары мен кемшіліктері.
26.Дәрі-дәрмектерді парентеральды енгізу, артықшылықтары мен кемшіліктері.
Антибиотиктерді 1:1, 1:2 қатынасында сұйылту және қажетті дозаны есептеу.
28. Дәрілік заттарды енгізу кезіндегі асқынулар.
29. Оксигенотерапия, оттегі беру, түрлері, көрсеткіштері және қарсы көрсетілімдері.
30. Дәрі-дәрмектерді ингаляциялық қолдану, артықшылықтары мен кемшіліктері. Ингаляция жүргізу, қалталы ингалятор мен небулайзерді қолдану.

1.Мейірбике ісі, мейірбикенің жұмысын барлық кезеңдерде ұйымдастыру.
1. «Мейірбикелік үрдіс» туралы тҥсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік ҥрдістің жұмысын ұйымдастыру Мейірбикелік ҥрдіс немесе процесс – кәсіптік мейірбикелік күтімді ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі. Ол мейірбике мен пациент арасында күтім кӛрсету мақсатында туындайтын мәселе жағдайын анықтайды. Мейірбикелік прцестің мақсаты – емделушіні физикалық, психологиялық және рухани қамтамасыз ету және қалпына келтіру.Мейірбикелік процесттің негізгі мақсаты – емделуші ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті немесе тыныш өлімді қанағаттандыру тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру. Қажеттілік дегеніміз – адамның денсаулығы мен амандығыныа маңызды психологиялық және физиологиялық тапшылық. 1. Тыныс алу 2. Тамақтану 3. Ішу 4. Бөліп шығару 5. Қозғалу 6. Дені сау болу 7. Дене қызуын сақтау 8. Ұйықтап демалу 9. Киініп-шешіну 10. Таза болу 11. Қауіпсіз болу 12. Қарым-қатынас жасау 13. Өмірлік қазынаға ие болу 14. Қызмет ету, ойын ойнау, оқу Мейірбике міндеті – емделушіні толық ыңғайлықпен қамтамасыз ету, өзінің мейірбикелік міндетімен шектелген көмегін беруге тырысу. Мейірбикенің жаңа науқасты қабылдағанда белгілі бір кәсіби стандарттарға сүйене отырып, 5 кезеңнен тұратын іс-әрекет атқарады.
І. Тексеру кезеңі – пациент жайлы ақпарат жинай отырып, оның денсаулығына баға беріледі. Бұл кезеңнің өзі 4 этаптан тұрады:
1-субъективті кезең – пациенттің төлқұжаты бойынша, ауру тарихы/anamnesis morbi, өмір тарихы/аnamnesis vitae бойынша ақпараттар жиналады. Пациентті мазалайтын шағымдары анықталады. Егерде жаман әдеттері болса оны да қоса кету керек.
2-объективті кезең – пациенттің бойы, салмағы, дене температурасы өлшенеді, пальпация, перкуссия, аускультация тәсілдері қолданылады, жүрек соғысы, қан қысымы анықталады.
3-лабораториялық кезең – қажет болған жадайда науқасқа диагноз қою үшін тексеру кезеңінде анализ тапсыру арқылы жүзеге асады. Лабораториялық анализ алу барысында мейірбике тазалық сақтауы қажет, науқасқа алын ала түсіндіру жұмысын жүргізу қажет, науқастан алынған материалды дұрыс алып, дұрыс сақтауы қажет. Анализ калограмма, қан тапсыру, зәр, жұлын сұйықтығы, асқортыу сөлдері, тер арқылы тапсырылады.
4-инструментальді кезең – яғни, белгілі бір медициналық құралдарды ( ЭКГ, УЗД, пульмонография, флюрография, компьютерлі томография, ФГДС және тағы басқа) қолдана отырып, науқастың жағдайы анықталады.
Жалпы, тексеру әдісі барысында адам ағзалсы талап ететін 14 қажеттіліктің қайсібірі бұзылғаны анықталып, диагноз қоюға дайындалады.
ІІ. Диагностикалау кезеңі.
Мейірбике дәрігер секілді нақты диагноз қоймайтындықтан, пациенттің дәл қазіргі сәттегі ауру симптомдарына қарай суреттейді. Мейірбике диагнозы дәрігердің қойған диагнозына қарағанда өзгермелі болады.
ІІІ.Жоспарлау кезеңі.
Жоспарлау – іс қимыл, белгілер(күні, уақыты), шарттар арқылы анықталады.Бұл тұста мейірбике арнайы іс әрекеттердің тізімін жасайды. Жоспардың көмегімен мейірбикенің атқаратын жұмысы тиянақты түрде анықталады.
ІV.Жоспарды жүзеге асыру кезеңі.
Яғни, бұл кезеңде жоспар бойынша жазылған іс әрекеттер орындалады. Мейірбике науқастың күнделікті іс-әрекеттеріне көмектеседі, психологиялық түрде қолдау көрсетеді, ауруының асқын алуынан сақтайды, дәрі-екпелерді уақытымен ұсынады, науқас алатын ем-шараларды жүргізеді.
V.Күтімнің нәтижесін шығары немесе қорытындылау кезеңі.
Бұл сатыда мейірбике жүзеге асырылған процесстерді бағалайды, науқастың жағдайын салыстырмалы түрде тексеріп, оның жүргізілген іс-шараға деген кері реакциясын алады. Егер жоспарланған іс-әрекеттер орындалмаса немесе қателік кеткен болса, қайтадан жоспар қойылып, осл жоспар бойынша іс-әрекеттер жүзеге асырылады.
Сонымен қорытындыласақ, мейірбикелік үрдіс – мейірбике ісінің дара ғылым ретінде қалыптасуына әсер етеді. Қазақстан дамушы ел болғандықтан, біздің елімізде менің ойымша мейірбикелердің потенциалы толық ашылмайды. Мейірбикелік үрдіс науқастардың өмір сапасын көтереді. Науқастарға күтім көрсетілуінің ең жоғарғы сапасын қамтамасы етеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет