1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Салықтардың және өзге де алымдардың түрлері



бет39/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63
6. Салықтардың және өзге де алымдардың түрлері. Салықтардың мән-жайларына байланысты: тікелей және жанама салықтар; тұрақты бекітілген және реттеуші салықтар; мемлекеттік деңгейдегі және жергілікті аумақтардағы салықтар; жалпы және мақсатты салықтар; ұдайы алынатын және біржолғы салықтар сияқты түрлері болады.
Қазақстан аумағында алынатын салықтардың келесідей түрлері бар, олар:
1) корпорациялық табыс салығы;
2) жекелей табыс салығы;
3) қосылған құн салынатын салық;
4) акциздер;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері;
6) әлеуметтік салық;
7) жер салығы;
8) көлік құралдары салығы;
9) мүлік салығы.
Алымдар дегеніміз мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан өтінуші-келуші белгілі бір тұлғаларға белгілі бір көрсетілген тиісті қызметтер мен берілген құқықтар немесе арнайы рұқсаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын мақсатты - бағдарлы, біршама-эквивалентті әрі міндетті ақшалай төлемдер.
Қазақстан Республикасында алымдардың мынадай түрлері бар:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін;
2) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін;
3) жылжымайтын мүлікке деген құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін;
4) радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін;
5) механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін;
6) теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін;
7) азаматтық әуе кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін;
8) дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін;
9) автокөлік құралдарының ҚР арқылы жүріп өткені үшін;
10) елтаңбалық алым;
11) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
12) телевизия және радиохабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынады.
Баж - арнайы мамандырылған уәкілетті органдар тарапынан өздеріне өтінуші - келуші тұлғаларға қатысты жасалған заңи маңызы бар белгілі іс-қимылдар және берілген ресми құжаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама - эквивалентті, міндетті ақшалай төлемдер.
Мемлекеттегі баждар мемлекеттік және кедендік болып бөлінетіндіктен, бірақ жалпы сипаттамасы көптеген белгілері бойынша сәйкес келетіндіктен бажға тән қасиеттер ретінде мына келесідей белгілерін көрсетеміз:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік баждармен қатар маусымдық, демпинге қарсы, өтемдік, арнаулы баждар алынады.
Төлемақы - мелекеттік уәкілетті органдар тарапынан өздеріне өтінішпен келуші тұлғаларға көбінесе материалдық көрініс табатын, кейде басқаша сипатта пайдаланылатын белгілі бір объектілерді, не болмаса соларға байланысты рұқсаттарды және құқықтарды бергені үшін сол заңды және жеке тұлғалардан алынатын біршама-эквивалентті, міндетті ақшалай төлем.
Қазақстан Республикасындағы төлемақылар:
1) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін;
2) жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін;
3) қоршаған ортаны ластағаны үшін;
4) жануарлар дүниесін ластағаны үшін;
5) орманды пайдаланғаны үшін;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін;
7) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;
8) кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін;
9) сыртқы (көрнекті) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.

9. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет