1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Еңбек құқығының түсінігі, пәні мен әдісі, қағидалары мен жүйесі



бет40/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
1. Еңбек құқығының түсінігі, пәні мен әдісі, қағидалары мен жүйесі.
2. Еңбек шартының түсінігі және ерекшеліктері
3. Еңбек уақыты және демалыс уақыты
4. Еңбек даулары


1. Еңбек құқығының түсінігі, пәні мен әдісі, қағидалары мен жүйесі. Еңбек құқығы - азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыруда, жалдамалы еңбекті пайдалану саласында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқық нормаларының белгілі бір жүйесін қамтитын құқық саласы
Еңбек құқығының пәні - еңбек процесінің өзінің қоғамдық формасында міндеттеме пәніне айналатын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Еңбек құқығының пәні мыналарды қамтиды:
1) жеке және ұжымдық шарттардың негізінде тараптардың белгілі бір еңбек қызыметін жүзеге асыруына байланысты олардың арасында қалыптасатын өзара міндеттеме бойынша жұмыскер мен жұмыс беруші арасында туындайтын еңбектік қатынастарды;
2) азаматтардың өз қабілеті мен кәсіби дайындығына сәйкес, жеке мүддесі мен мемлекет мұқтаждығын ескеріп мемлекеттік органға жүгінген мақсатта туындайтын қатынастар;
3) еңбек жағдайын белгілеу және еңбек заңының нормаларын қолдану мақсатында туындайтын қайшылықтарды шешуге байланысты еңбек дауларын қарау жөніндегі қатынастар;
4) және басқа да туындайтын қатынастар.
Еңбек құқығының әдісі - еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің тәсілдері мен амалдары. Оларға
- еңбектегі құқықтық қатынастар орнатудың шарттық тәртібі;
- еңбекті ұйымдастырудың ерекше режимі;
- еңбек жағдайын белгілеуге еңбек ұжымдары мен еңбек кәсіподақтарының қатысуы;
- еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің біртұтастығы және жіктелуі;
- және т.б. жатқызамыз;
Еңбек құқығының жүйесі дегеніміз - құқықтың осы саласының құрылымын, мазмұнының бүтіндігін құрайтын құқықтық нормалардың жиынтығы. Еңбек құқығының жүйесі екіге бөлінеді:
1) жалпы бөлім;
2) ерекше бөлім;
Еңбек құқығының келесідей қағидалары бар:
- заңдылық;
- адамдар құқықтары мен бостандығы, олардыңң мүдделерінің мемлекет мүддесінен басымдығы;
- мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу;
- қоғам пікірін жеткізу және жариялық;
- еңбек қызметін таңдау бостандығы;
- халықаралық қарым-қатынас және т.б.
Заңдарға сәйкес қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға, оның құқықтық регламентациясына, еңбекті қорғауға және еңбек заңдарының сақталуына қадағалау мен бақылау жүргізуге қатысушы жеке және заңды тұлғалар - еңбек құқығының субьектісі болып табылады.
Еңбек құқығының субьектілеріне:
- азаматтар;
- жұмыс берушілер;
- кәсіподақтар;
- мемлекеттік органдар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет