1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Қазақстандағы адам құқықтарының қорғалуы



бет9/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63
Байланысты:
Лекциялар, ҚжЖҚМН-22

4. Қазақстандағы адам құқықтарының қорғалуы. Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен анықталады.
Жеке тұлға мен мемлекеттің, сондай-ақ адамдардың өздерінің арасында пайда болатын қарым-қатынастардың сипатына орай конституциялық құқықтар мен бостандықтар түрлі салаларға бөлінеді.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар үш топқа бөліп қарастырылады: жеке; әлеуметтік-экономикалық; саяси.
Жеке бас құқығы мен бостандықтары іс-жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтар әрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқық оған туылған кезінен бастап тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табиғи құқығы жатады. Бұл құқық адамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді.
Адам мен азаматтың негізгі құқығы мен бостандығының ерекше тобын әлеуметтік-экономикалық құқықтар құрайды. Конституциялық құқықтардың бұл тобы жеке тұлғаның азаматтық қоғамның мүшесі ретіндегі құқықтық жағдайын анықтайды. Әлеуметтік-экономикалық құқықтардың маңыздылығы оның жеке меншікті иемдену және ұстау құқығы болып табылады.
Саяси құқықтар мен бостандықтар – бұл тек мемлекеттің азаматтарына берілетін және оларға елдің қоғамдық және саяси өміріне қатысуға мүмкіндік беретін конституциялық құқықтар мен бостандықтардың бір тобы.
Саяси құқықтардың ең маңыздысы азаматтардың белсенді және бәсең сайлау құқығынан тұратын сайлаушылық құқық субъектісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті республикадағы адам құқықтарының қорғалуы мен қамтамасыз етілуінің кепілі болып табылады. Президент адам мен азаматтың саяси, әлеуметтік және жеке құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды көздейтін жеке құқықтық актілер шығарады. Атап айта кетер болсақ, ол республика азаматтығын, саяси баспана беру мәселелерін шешеді, республиканың мемлекеттік наградаларын, құрметті атақтарын береді, ауыр қылмысы үшін сотталғандарға кешірім жасайды. Қазіргі кезде елімізде президент жанынан арнайы құрылған адам құқықтары жөніндегі комиссия өз қызметін жасайды. Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар республика азаматтарымен тең дәрежедегі құқықтарға ие бола алады және міндеттер атқарады.
Қазақстанның азаматы болып табылмайтын, бірақ, өзге бір мемлекеттің азаматы екендігі дәлелденген азаматтар шетел азаматтары деп танылады.
Қазақстан азаматы болып табылмайтын, өзге елдің азаматы екендігі дәлелденбеген адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет