1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»


Тұлғаның бәсекелестік қабілетін атап зерделеңіз



бет11/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
15. Тұлғаның бәсекелестік қабілетін атап зерделеңіз
Әлбетте, батыстық, қазіргі заманда ұжымдық мәдениетте бәсекеге қабілетті адамға таңданады, сүйсінеді, құрметтейді, үлгі тұтады. Алайда, уақыт өте келе тұлғаның бәсекеге ұмтылысы басқа адамдардың жағдайына, сезіміне, тіпті өміріне кері әсері тиюі ықтимал. Сондықтан, H.S. Sullivan (1953) бәсеке адамдар арасындағы қатынаста болатын қолдауды және бірін-бірі жақын тартуды бұзатынын ескерткен еді. Ал, тұлғаның өзін-өзі дәріптеуі мен тұлғааралық қатынастардағы жетістіктері бәсекеге қабілеттіліктің құрылымдық қасиеттеріне жататын көрінеді. Сонымен қатар, психологиядағы бәсекеге қабілеттіліктің ынтымақтастық белгілерімен теріс байланысы тағайындалған. Мұнда, тіпті, бәсекеге қабілеттілік тұлғаның «басқалардың арқасында жетістікке жету» ерекшелігі ретінде анықталады. Олай болса, бұл қасиет аса күрделі психологиялық мәселеге негіз болмақ: біреудің жеңісі мен жетістігі басқа(ның)лардың жеңілісі мен сәтсіздігіне әкелмек.

Қазіргі білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігін ғана емес, оның жеке тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр. Сондықтан да, жеке тұлғаны қалыптастыруда нәтижеге бағытталған білім берудің мәні зор және ол басты міндет болуға тиіс. Бұл мәселені шешу үшін мұғалімнің әрбір сабағы мен сыныптан тыс тәрбие жұмыстары жеке тұлғаға бағытталып, жүйелі оқытуға негізделуі, «орташа мұғалім – айтып береді, жақсы мұғалім – түсіндіреді, үздік мұғалім – көрсетеді, ұлы мұғалім – қанаттандырады, шабыттандырады», - деп А.Уорт айтқанындай, оқушыларды жеке тұлға ретінде жан-жақты дамытудағы мұғалім еңбегі нәтижелі болуға тиіс.




16. Психологиялық – педагогикалық ұйымдастырудың әдістерінің мазмұнын сипаттаңыз
Психологиялық-педагогикалық зерттеудің негізгі теориялық әдістерінің ішінде В.В. Дружинин атап көрсетті: дедуктивті (аксиоматикалық және гипотетикалық-дедуктивті), әйтпесе – жалпыдан жекеге, абстрактіліден нақтыға өрлеу. Барлық зерттеу әдістерін тиісті педагогикалық және басқа ғылымдардың әдістеріне, жағдай жасайтын және түрлендіретін әдістерге, эмпирикалық және теориялық, сапалық және сандық, жеке және жалпы, мазмұнды және формальды, сипаттау, түсіндіру және болжау әдістеріне бөлу ұсынылады.(нақты емес)

Оқушының бейіндік қабілетін анықтауда қолданылатын психолого-педагогикалық диагностикалық әдіс-тәсілдер қатарына: сұрақнама, сауалнама, тест, іс-әрекет нәтижесіне талдау, сұхбат, байқау және тағы басқа да зерттеу әдістерін жатқызуға болады. Психологиялық тұрғыдан алғанда оқушылардың бейіндік қабілетін анықтап, соның негізінде бейіндік сыныптарда оқыту келесідей көрсеткіштерге қол жеткізуде мүмкіндік береді





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет