1. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығы туралы жазыңыз. 20 Шәді Жәңгірұлы шығармашылығы туралы жазыңыз


Діни ағартушылық бағыт, оның басты өкілдері туралы өз сөзіңізбен айтыңыз. 30



бет2/10
Дата06.01.2022
өлшемі27,56 Kb.
#12195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2. Діни ағартушылық бағыт, оның басты өкілдері туралы өз сөзіңізбен айтыңыз. 30

Діни-ағартушы бағыттағы ақын-жазушылар негізінен діни білім алып, шығыстық өркениетті мұрат тұтқандықтан замана сыры, қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге сол көзқарас тұрғысынан қарайды. Сондықтан да, олардың көпшілігі батыстық үрдістен өріс алған Ресейдегі қоғамдық өзгерістердің шынайы себебін, олардың сан қырлы сыр-сипатын нақты ажырата алмағанын ашық айту керек. Бұлардың шығармашылығында ел қамын ойлаған тынышсыздану, халықты қайтсем түзу жолға салам деген қиналыс бары рас, бірақ бұл тығырықтан шығар нақты жолды олар көрсетіп бере алмады.


Шығармашылық тұрғыдан алғанда бұл бағыттағы ақындар өздері нәр алған шығыстың озық үлгілі әдебиетінен үйреніп қана қоймай, шығыс шайырларының көрнекті шығармаларының бірсыпырасын қазақ тіліне аударды. Шығыс сюжетіндегі тақырыптарға өздері де өлең шығарып, нәзирашылдық дәстүрді дамыта түсті. Шығыстың классикалық әдебиетінің қазақ сахарасына кеңінен таралуына ең игілікті еңбек еткен осы бағыттағы ақын-жазушылар. Діни-ағартушы ақындар шығармашылығына негіз болған қазақ поэзиясының арғы арналарындағы Ахмет Яссауи, Рабғузи, Ахмет Игүнеки т.б. шығармашылықтары мен әдебиеттегі діни сарындар. Жалпы алғанда, діни-ағартушы ақындар өз дәрежесінде қазақ поэзиясының көркемдік деңгейін биікке көтерді. ХХ ғасыр басындағы поэзияның жанрлық тұрғыдан баюына елеулі үлес қосты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет