1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар


Модуляция және демодуляция



бет6/34
Дата19.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#69208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Модуляция және демодуляция. Аналогты сигналдардың негізгі параметрлері белгілі. Олар: жиіліктік, амплитудалық және фазалық. Телефон желісі өтетін толқындар бір бірінен осы параметрлер бойынша анықталады. Бастапқы сигналдарды түрлендіру процессі және модулляция – бастапқы сигналды өзгерту заңы бойынша тасушы тербелістердің бір немесе бірнеше параметрлерін өзгерту (яғни, бастапқы сигналдың белгісі бойынша тасушы тербелістерді бөлшектеу). Таратқыш сигналы – бұл «шығыс» аналогты сигнал, оның көмегімен барлық келесі параметрлер өзгертіледі, яғни модуляциялайды.



2.3– сурет.


Тасушы деп таңдалған гармоникалық тербелістерді мына түрде жазамыз:




v0(t) = Vcos(ωt + φ)
Бұл ауытқулар үш параметрмен сипатталады: амплитудалық V, жиіліктік ω және бастапқы фазалық φ. Модуляцияны осы үш параметрлердің тарату сигналының заңы бойынша өзгерту арқылы жүзеге асыруға болады.
Біріншілік сигналға s(t) пропорционал тасушы тербелістердің амплитудасы уақыт бойынша өзгеруі - амплитудалық модуляция деп аталады:
V(t) = V + kA∙s(t),


мұнда kA пропорционал коэффициенті.
Біріншілік сигнал заңы бойынша модуляцияланған тасушы тербелістер амплитудасы мынаған тең:


v(t) = V(t)cos(ωt + φ)


Егер біріншілік сигнал ретінде гармоникалық тербелістерді қолдансақ (төменгі жиілікпен)
s(t) = ScosΩt,


онда, модуляцияланған тербелістер мына түрде жазылады (жеңілдету үшін φ = 0):
V(t) = (V + kAScosΩt)cosωt.


V – ны жақша сыртына шығарамыз және ΔV = kAS и MA = ΔV/V деп белгілейміз. Сонда,
V(t) = V(1 + MAcosΩt) cosωt.


MA = ΔV/V параметрі модуляцияның амплитудалық тереңдігі деп аталады. Мұнда, MA = 0 модуляция жоқ және v(t) = v0(t), яғни, модуляцияланбайтын тасушының тербелістерін аламыз. Әдетте тасушының амплитудасы бастапқы сигналдың амплитудасынан үлкен болған жағдайы қарастырылады, MA ≤ 1.
2.3 – суретте беріліс сигналдың формасы көрсетілген (а), модуляцияға дейінгі тасушының тербелістері (б) және тасушы тербелістердің амплитуда бойынша модуляциясы (в).

Әдебиеттер: 1 нег. [30-31], 5 қос.[10-15].


Бақылау сұрақтары:

  1. Сигнал дегеніміз не?

  2. Үздіксіз сигналдың дискретті сигналдан айырмашылығы қандай?

  3. Сигналдың түрлері?

  4. Сигналдардың негізгі сипаттамалары?

  5. Амплитудалық модуляция дегеніміз не?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет