1 Общие требования


Тақырыбы: Хордалылар типі. Ланцетниктің ішкі және сыртқы құрылысы Мақсаты



бет2/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Тақырыбы: Хордалылар типі. Ланцетниктің ішкі және сыртқы құрылысы
Мақсаты: ланцетниктің, сыртқы, ішкі құрылысымен танысу.
Қажетті құрал- жабдықтар:
1.Ланцетниктің дайын ылағалды, ланцетниктің тотальді препараттары.
2.Ланцетниктің сыртқы құрлысы, ішкі органдарының жалпы орналасуы, ас қорыту, қан айналу, зәр шығару мүшелері, нерв жүйелері, қанқасының таблицалары.
3. Қол лупалары, микроскоп.
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Систематикалық орны:
Тип: Хордалылар-Chordata
Тип тармағы: Бас сүйексіздер-Acrania
Класс: Бас хордалылар-Cephalochordata.
Өкілі: Ланцетник-Branchiostoma lanceolatum
Хордалылар типіне жалпы сипаттама.
Хордалылар типіне: ланцетниктер, дөңгелек ауыздылар (минога, мик-син), балықтар, қос мекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүт қоректілер жатады. А.О. Ковалевскийдің зерттеуі бойынша, хордалыларға теңіздерде, көпшілігінде отырып тіршілік ететін асцидиялар, сальпылар, ап-пендикулярияларды да жатқызуға болады. Кейбір хордалыларға аздаған ұқсас белгілері бар, ішектыныстыларды да хордалыларға жатқызады.
Хордалылардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың құрылысы мен дамуында көптеген ортақ белгілері болады.
Хордалылардың басқа жануарлардан басты айырмашылығы мыналар: хордасы немесе арқа желісінің болуы. Омыртқаның қызметін атқаратын, серпімді, бұнақталмаған, иілгіш, денесінің ұзын бойына созылған сым тәрізді желіні хорда деп атайды. Ол ішінде вакуолы көп ерекше тканьнан құралады. Хорда ұрықтық ішек түтігінің арқа жағынан бөлініп пайда болады, сондықтан хорданы энтодерма кабатынан түзілген деп есептейді. Хорда, төменгі сатыдағы хордалыларда (асцидиялар мен сальпылардан басқа) өмір бойы сақталса, ал жоғары сатыдағы хордалыларда ұрық дәуірінде болады да, ересек жануарларда омыртқа жотасымен алмасады.
Орталық нерв системасы хорданың үстіңгі бөліміне орналасқан. Бұл түтіктің ішкі қуысын — невроцель деп атайды. Хордалыларда ұрықтың нерв түтігі эктодерма бастамасының арқа бөлімінен пайда болады. Ас қорыту түтігінің алдыңғы бөлімі, сыртқы ортамен екі қатар саңылаулар арқылы қатысады, оларды — желбезек саңылаулары деп атайды. Желбезек саңылаулары суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы хордалыларда да өмір бойы сақтала ды, басқа хордалыларда ұрықтық даму кезінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет