1. Пациентті стационардан шығарғаннан кейін жүргізілетін іс-шаралар



бет7/35
Дата31.08.2023
өлшемі108,25 Kb.
#105720
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
23-сұрақ
23. Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолдарын өңдеу тәсілдері
Медициналық жұмыскер қолын өңдеудiң деңгейлерi
Қол өңдеудiң үш денгейiн ажыратады: социальдi, гигиеналық (қол бастарының дезинфекциясы), хирургиялық (қол бастарының стерильдi белгiлi уақытқа дейiн жеткiзiледi).Жалпы Қазақстан Республикасында қол жуу жайлы 111 бұйрық (приказ) бар.Қол жуу техникасы 2022ж желтоқсанда бекітілген қосымш 151 бұйрық
Қол өңдеудiң әлеуметтік деңгейi
Мақсаты: механикалық жолмен қол бетiнен микрофлораны жою. Науқаспен персональдың инфекциялық қауыпсiздiгiн қамтамасыз ету.
Көрсеткiштер: Қолды әлеуметтік өңдеу – қол жуудың қарапайым әдiсi болып табылады. Осы өңдеу емдiк іс-әрекеттер тамақ қабылдау, науқасты тамақтандыру алдында және одан кейiн; науқасты күтудiң алдында және одан кейiн жүргiзiледi.
Жабдықтану: бiр рет қолдануға арналған кiр сабын (сұйық), секундті тiлi бар сағат, жылы ағынды су, лотоктағы стерильдi салфетка, жеке орамал (электрокептiргiш).
Қажеттi шарт: терiсi сау қол, 1 мм-ден ұзын емес тырнақ, тырнақта лак болмау керек. Процедура алдында тырнақ астын тазартып, ағынды сумен жуу қажет.
Шараға дайындық:
Саусақтардан сақиналарды шешу, қол терiсiнiң бүтiндiгiн тексеру.
• Шынтаққа дейiн халат жеңiн жиыру, сағатты шешу.
• Кранды ашу, су температурасын реттеу (35-40С)
Шараны орындау:
• Қолды сабындау және сумен жуу (сабын кесегi қолданылса, оны жуу, таза салфеткаға немесе торлы сабын сауытына салу)
• 30 секунд iшiнде бiлектiң 2/3-не дейiн қолды сабынмен ағынды сумен жуу, фалангалар мен саусақаралық кеңiстiктерге көңiл аудару қажет, содан кейiн әрбiр қол басының сырт жағын және алақан жағын және қолдың бас саусақтарының негiздерiн айналмалы қимылдармен жуу.
Ескерту: Бұл уақыт социальды деңгейде қол деконтоминациясы үшiн жеткiлiктi, егер қол терiсiнiң бетi жеткiлiктi сабындалса және қол терiсiнiң кiр аймақтары қалмаса.
• Сабынды көпiрменi кетiру үшiн қолды ағынды сумен шаю қажет.
Ескерту: Қолдың саусақтарын жоғары қарай ұстаңыз, су шынтақтан қолжуғышқа ағатындай (қолжуғышқа тигiзбей). Қол саусақтарының фалангалары ең таза болуы керек.
• Осындай кезектiлiкпен қол жууды қайталау қажет.
Процедураның аяқталуы
• Салфетка қолданып кранды жабу (шынтақ кранды шынтақ қозғалысымен жабу)
• Қолды құрғақ, таза орамалмен немесе кептiргiшпен кептiру.

Қол өңдеудiң гигиеналық деңгейi
Қол өңдеудiң нәтижелi әдiсi – гигиеналық әдiс.
Мақсаты: Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын қамтамасыз ету.
Көрсеткiштер:
• перчатка кию алдында және шешкеннен кейiн.
• биологиялық сұйықтықтармен және ағзамен қатынаста болғаннан кейiн микробпен залалдану мүмкiндiгi болғаннан кейiн, иммунитетi әлсiреген науқасты күтудiң алдында
Жабдықтану: кiр сабын, секундті тiлi бар сағат, жылы ағынды су, стерильдi пинцет, мақта шариктерi, салфеткалар. Дезертiндiсi бар сауыт.
Қажеттi шарт: қолда зақымдалған терi болмау керек.
Кезеңдер Ескертулер
Шараға дайындық

  1. Қол саусақтарынан сақиналарды шешу.

  2. Қолдың керектi бетiн өңдеуге дайындау

2. Бiлектiң 2/3-не дейiн халат жеңiн қайыру, сағатты шешу Медбикенiң инфекционды қауіпсіздiгiн қамтамасыз ету.
3. Кранды ашу Ағынды су қолданылады.
Кезеңдер Ескерту
Шараны орындау
1. 10 секунд iшiнде бiлектiң 2/3-не дейiн қолды сабындап ағынды сумен жуу, фалангалар мен саусақаралық кеңiстiктерге көңiл аудару қажет. Қолсаусақтарының максимальды деконтаминациясын қамтамасыз ету, тазадан кiрге жүру принципiн сақтау.
2. Сабынды көпiрменi кетiру үшiн қолды ағынды сумен шаю қажет
3. Әрбiр қолды жууды 5-6рет қайталау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет