1. Педагогикалық мамандыктың пайда болуы және қалыптасуы. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы мен мазмұны


Сурет-7. Педагогтың меңгеруіне қажетті қабілеттер



бет10/13
Дата10.03.2023
өлшемі128,97 Kb.
#72783
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Сурет-7. Педагогтың меңгеруіне қажетті қабілеттер

Педагогикалық іс-әрекет кәсіби-педагогикалық іс-әрекет болуы үшін қажетті белгіні Н.В.Кузьмина төмендегіше сипаттайды: «Педагогтың кәсібилігі негізінен мынадан байқалады: ол қалай оқыту және қалай тәрбиелеу, оқушыны бір күйден екінші күйге қалай көшіру керектігін, педагогикалық мәселелерді қалай шешуге және мейлінше тез, тиімді жолдармен тәрбие мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға болатындығын біледі. ... педагог білімдерінің жүйесі оқушылар білімдерінің жүйесін анықтайды».


Мұғалімдік мамандық жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, балаларға шексіз сүйіспеншілікті қажет етеді. Сонымен қатар мұғалімді адам жанының инженері, мінез-құлық сәулетшісі, ауру шипагері, ақыл-ой мен естің жаттықтырушысы, ой мен сезім дирижері, адамның алғашқы әділ-қазысы, жас өркенді мәпелеуші бағбан деп атайды (8-сурет).





Сурет-8. Мұғалім мамандығының қырлары


Мұғалім іс-әрекетінің объектісі педагогикалық прцесс. Педагог-мұғалім және тәрбиеші іс-әрекетінің ерекшеліктері.
Мұғалімнің шеберлігі ең алдымен педагогикалық процесті ұйымдастыру іскерлігімен сипаталады. Шебер мұғалім – оқытудың қазіргі заманғы әдістерін толық меңгерген маман. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі әсіресе сабақты оқытуда көрінеді.
Оқу мен тәрбиенің әрбір теориясы педагогикалық әрекетте өз талаптарын қояды :
1) «Мұғалім – баланы әртүрлі жағымсыз әсерлерден қорғаушы». (Ж.Ж.Руссо).
2) «Тәрбиеші – бұл бала бақташысы» (И.Пестолоцци ).
3) «Мұғалім – балаға үлгі бола алатын жақсылық істеуші адам» (Л.Н.Толстой).
4) «Педагог – ой акушері» (Сократ).
5) «Мұғалім – жас жан үшін күннің пайдалы сәулесі» (К.Д.Ушинский).
Сонымен, педагогикалық мамандықтың мазмұнын педагогикалық әрекет құрайды. Егер бұрын мұғалім білімнің қайнар көзі мен білім беруші ғана болса, бүгінгі күні мұғалім – субъект-субъекттік қарым-қатынас орнатушы басты тұлға.
Мұғалім тұлғасы үлгі, өнегелік сипатқа да ие. Мұғалім өзінің тек беретін білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптасыру процесіне әсер етпейді, сонымен бірге оның жеке басының өзі оқушы тұлғасына ықпал жасайды. Педагогикалық мамандықтың негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет