1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Критериалды бағалау жүйесі



бет57/57
Дата19.10.2023
өлшемі375,48 Kb.
#119290
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

80. Критериалды бағалау жүйесі.
Критериалды бағалаудың моделі оқушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр оқушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, оқушы да:
• Оқушы оқытудың қай сатысында?
• Олар білім алуда неге талпынады?
• Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? екенін түсінеді.
Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде
оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
«Критериалды бағалау» терминін алғаш Роберт Глейзер (1963) қолданған, әдеттегі мінез-құлық моделінің жиынын анықтау үдерісін, алушылардың оқу жетістігі деңгейінің шамасы мен қолжетімділігінің арасындағы сәйкестікті сипаттады. Бұл оқушы әрекетін алдын ала анықталған критерийлерді тіркеп жинақтау арқылы бағалауды білдіреді.
Критериалды бағалау жүйесі.
Критериалды бағалау; формативті ( ағымдық қалыптастырушы) бағалау.
Сыныптағы күнделікті оқу барысында итерілетін білім мен біліктің ағымдық деңгейін анықтау. Формативті бағалау қорытынды бағаға әсер етпейді, бұл баланың білім игерудің бастапқы кезінде жиі болатын қателескен қорықпауына ықпал етеді.
Суммативті( қорытынды, жиынтық) бағалау. Оқу материалының белгілі бір бөлігін( тарау, тақырып) аяқтағанда алынған білім мен қалыптасқан оқу дағдыларын деңгейін анықтау. Тексеру жұмыстары үшін қойылған суммативті бағалар белгілі бір кезеңдегі ( тоқса, жыл) қорытынды бағаны шығару үшін негіз болып табылады.
Критериалды бағалау
Мұғалімдерге
1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
2. Өзінің іс- әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
3. Білім беру сапасын арттыруға.
4. Оқытудың сапасын жақсартуға
5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттеріне ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;
6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет