1. Пән туралы ақпарат


-тақырып. Жеке тұлға тəрбиенің объектісі, субъектісі ретінде жəне оның дамуы мен қалыптасуының факторы



бет6/34
Дата23.07.2023
өлшемі209,4 Kb.
#104656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
1. Пән туралы ақпарат-emirsaba.org

3-тақырып. Жеке тұлға тəрбиенің объектісі, субъектісі ретінде жəне оның дамуы мен қалыптасуының факторы
Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, əлеуметтік, тарихи, белсенді мүше ретінде түсінудің жəне оны дамыту, қалыптастыру, тəрбиелеу факторларының философиялық ережелері мен əдіснамалық негізі. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары жəне олардың арақатынасы. Тұлға – іс-əрекеттің жəне өзіндік дамудың субъектісі. Тұлғаны «дамыту», «тəрбиелеу», «қалыптастыру», «əлеуметтендіру» ұғымдарына жəне олардың
арақатынасына сипаттама. Адамның дамуындағы жəне оның тұлға ретінде қалыптасуындағы
(биологиялық, əлеуметтік жəне биоəлеуметтік) биологиялық жəне əлеуметтік арақатынас тұжырымдамасы. Тұлғаны қалыптастыруға жəне дамытуға əсер ететін факторлар (сыртқы жəне ішкі, биологиялық жəне əлеуметтік). Негізгі факторлар: тұқымқуалаушылық, орта, тəрбие, олардың өзара байланысы. Іс- əрекетпен қарым-қатынастың тұлғаның дамуындағы жəне қалыптасуындағы рөлі. Тұлға - тəрбиенің, өзіндік дамудың объектісі жəне субъектісі. Тұлғаны
дамытудың жəне қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары. Өзін-өзі тəрбиелеу - тұлғаның дамуы мен қалыптасуының шарты, нəтижесі.
Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи əлеуеті. Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері, жастық кезеңдерге сипаттама. Балалардың психофизиологиялық əркелкі дамуы («жас ерекшеліктер дағдарысы», «дарынды балалар»,
«акселерация») жəне балалардың базалық психоəлеуметтік талаптары мəселелері, оларды оқу-тəрбие үдерісінде есепке алу. Ұл жəне қыз балаларды əлеуметтендірудегі гендерлік айырмашылық жəне заңдылықтар. Білім алушыларды дамытуда, оқытуда, өзін-өзі тəрбиелеуде, өзін-өзі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету. Білім берудегі инклюзивті тəсіл жəне оны
Қазақстанда іске асыру.
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық, даму, тəрбие, қалыптасу, белсенділік, объект жəне субъект, тұқымқуалаушылық, орта, тəрбие, өзін-өзі тəрбиелеу, іс-əрекет, қарым-қатынас, жастық кезеңдері, даралық ерекшеліктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет