1. Пән туралы мәліметтер



Pdf көрінісі
бет17/33
Дата11.11.2022
өлшемі411,89 Kb.
#49449
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
Бақылау сұрақтары:
1. Концепт – адамның менталды әлеміндегі мәдениеттің тетігі дегенді қалай түсінесіз? 
2. Концептілерді зерттеуде таным теориясының әдістері қандай? 
 
13-дәрістің тақырыбы: Когнитивтік ұғымдардың ерекшелігі. 
Сағат саны: 1 
Дәрістің мақсаты: Когнитивті лингвистика ғылымында жиі кездесетін ұғымдардың
ерекшеліктерін анықтау. 
Қарастырылатын мәселелер:  
1.Әлемнің тілдік моделі 
2.Концептуалды жүйенің санада құрылуы
3.Әлемнің тілдік бейнесін зерттеудегі бағыттар 
Адамның әлеммен өзара байланысының нәтижесінде адамда ол туралы түсінік, 
философиялық-лингвистикалық әдебиетте әлем бейнесі деп аталатын белгілі бір модель 
қалыптасады. Бұл адам болмысын сипаттайтын негізгі түсініктердің бірі.
Тіл адамның әлем туралы білімін қалыптастыратын басты жолы болғандықтан, тіл – 
когнитивисттердің зерттеуіндегі ең маңызды нысан. Осындай тілде жинақталған білімдер 
жиынтығы «тілдік аралық әлем», «әлемнің тілдегі көрінісі», «әлемнің тілдік моделі», «әлемнің 
тілдік бейнесі» сияқты концепцияларды ұсынады. Таралу көлеміне байланысты біз жиі соңғы 
нұсқаны таңдаймыз. 
Соңғы онжылдықта толық әлем бейнесінің адам санасында тіл арқылы көрініс табуы 
мәселесі когнитивтік лингвистикада маңыздылардың бірі болып санала бастады. Әлем бейнесі 
«өзінде белгілі бір әлемнің образын сақтайды» [Серебренников, 1988: 60]; ол әлемді түсіну 
логикасына сәйкес әлемді белгілі бір бағытта көру болып табылады. 


22 
Адам тәжірибе жинай келе, оны белгілі бір концептілерге айналдырады, ал бұл 
концептілер логикалық байланыс арқылы концептуалды жүйе құрайды; ол жасақталады, 
түрленеді және адам оны нақтылап отырады. Осыдан концептінің санада өзгеретіндігі туралы 
айтуға болады. Концептілер жүйе бөлшегі бола келе, басқа концептілердің ықпалына түседі және 
өзгеріске ұшырайды. Уақыт өте келе концептілердің саны, олардың мазмұндары 
өзгереді[Павиленис, 1983: 102–120]. 
Санада концептуалды жүйені құру бірізділігі логикалық тұрғыда жүзеге асады. Ол белгілі 
бір концептіден екінші концептіге логикалық өтуге, басқа концептілер арқылы тағы басқа 
концептіні анықтауға, осыған дейін болған концептілер негізінде жаңа концептілер жасақтауға 
мүмкіндік береді. 
Әр халықтың әлемді тануы әлем бейнесіне келіп тіреледі: «Әр жаһандану, әлеуметтік жүйе 
өзіндік ерекше әлемді қабылдау тәсілімен сипатталады» [Гуревич, 1972: 17]. Осыған орай, кез-
келген лингвомәдени қоғамның менталитеті оның әлем бейнесінің белгілі деңгейінде 
жасақталады, бұл әлем бейнесінде осы қоғамның мүшелерінің әлемді тануы және көруі жатыр. 
Әлем бейнесі заттардың, үдерістедің, қасиеттердің тек «фотосуреттерінің» жиынтығы, 
яғни көзге көрінетін нысандар емес, сонымен қатар, субъектінің көзқарасы, оның бұл нысандарға 
деген пікірі және бұл көзқарас аталмыш нысан қаншалықты шынайы болса, соншалықты 
шынайы. Әлемнің адам арқылы танылуы пассивті емес, әрекеттік үдеріс. Нысандарға деген 
көзқарас тек осы нысандар арқылы қалыптаспайды, сонымен қатар, әрекетті түрде бұл нысанды 
өзгертуге де болады. Осылайша, әлеуметтік-типтік көзқарас, қатынас, бағалау жүйесі ұлттың 
тілдің жүйесінде көрініс табады және әлемнің тілдік бейнесін жасақтауға қатысады.
«Әлемнің тілдік бейнесі» термині метафора ұғымынан кең емес, өйткені, белгілі бір 
ұлттың қоғамдық-тарихи тәжіибесі сақталған ұлттық тілдің ерекшеліктері сол тілдің 
иеленушілеріне қайталанбайтын, еш жерде жоқ әлем бейнесін ұсынбайды, мұндайда тек осы 
әлемнің спецификалық «бояуы» ұсынылады, яғни осы халыққа маңызды ұлттық нәрселер, 
үдерістер, құбылыстар, халықтың оларға деген ықыласы мен көзқарасы көрініс табады.
«Әлемнің тілдік бейнесі» - бұл «белгілі бір тілдің концептуалды мазмұнын бір жиынтыққа 
жинау» [Караулов, 1976: 246]. Ю.Д. Апресянның ойынша, әлемнің тілдік бейнесі түсінігі 
«шынайы бір тілдегі әлемді қабылдау мен концептуалдау тәсілдері, яғни негізгі концептілер 
көзқарастардың бірыңғай жүйесіне кіреді» [Апресян, 1995: 39]. 
Қазіргі таңда әлемнің тілдік бейнесін зерттеуде бірнеше бағыттар бар. Е.С. Яковлеваның 
пайымдауынша, бұл 1) типологиялық зерттеулер: әлемнің славян тіліндегі бейнесі, әлемнің 
балқандық үлгісі және т.б.; 2) халықтың рухани мәдениетін қайта жасақтау аспектісіндегі әлемнің 
тілдік бейнесін зерттеу; 3) тілдің жекелеген жақтарын зерттеу: әлемнің тілдік бейнесінің орыс 
тілінде көрініс табуы, метафора тұрғысынан сөздерді жасау және т.б.[Яковлева, 1994: 9]. Басқаша 
айтқанда, тілге байланысты әлемді концептуалдау әдісі әмбебап және ұлттық тұрғыдан ерекше 
құбылыс. Сондықтан, әлемнің тілдік бейнесін зерттеуде мынадай бірізділік орындалуы мүмкін: 
1) аталмыш тілге тән концептілер (жан, сағыныш, тағдыр, ерік, ар және т.б.) зерттеледі ; 2) 
әмбебап концептілер үшін спецификалық коннотациялар меңгеріледі; 3) әлемнің толық көрінісі 
зерттеледі, өйткені, әр тіл әлемді өзінше таниды, оны өзінше концептуалдайды. Ондағы 
мағыналар әлемді танудағы белгілі бір жүйеге келіп тоғысады, осыдан келе кеңістік пен уақыт, 
физиология, этиканы бөліп көрсетуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет