1. Пневмония дегеніміз: а өкпе тінінің қабынуы в плевраның қабынуы



бет3/9
Дата27.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#103584
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Көзге тамшы тамызу.
Мақсаты:
- емдік әсер алу;
Әзірле:
- залалсыздандырылған тамызғышты;
- мақта шариктерін;
- көзге тамызатын дәрі;
- пинцет;
- лоток;
- маска, қолғап.

  1. анасына жасалынып жатқан шараның қажеттілігін түсіндір.

  2. масканы ки, қолыңды жуып кептір, қолғап ки.

  3. баланы жөргектеу үстеліне жатқыз.

  4. іріңді бөлініс болса 1:5000 фурациллин ерітіндісіне малынған мақта шаригімен сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай өңде.

  5. пинцетпен сол қолыңа мақта шаригін ал.

  6. тамызғышқа дәрілік ерітіндіні толтырып вертикальды бағытта ұста.

  7. оң қолыңмен тамызғышты алып, қолыңның қырын баланың мадайына орналастыр.

  8. мақта шаригімен көзін төмен қарай тарт.

  9. көздің ішкі бұрышына қарай тамызғыштан 1 тамшы дәрі тамыз.

  10. шарикті лотокқа таста.

  11. екінші мақта шаригін қолданып жоғарыдағы айтылған әдіспен екінші көзіне тамыз.

  12. қолданылған тамызғышты дезерітіндіге таста.

  13. қолғабыңды шеш, қолыңды жуып кептір.


Құлаққа тамшы тамызу.
Мақсаты:
- емдік әсер алу;
Әзірле:
- залалсыздандырылған тамызғышты;
- мақта шариктерін;
- құлаққа тамызатын дәрі;
- 50-60º суы бар ыдыс;
- лоток;
- бас киім;
- қолғап.

  1. анасына жасалынып жатқан шараның қажеттілігін түсіндір.

  2. дәрісі бар флаконды 50-60º суы бар ыдысқа салып дене температурасына дейін қыздыр.

  3. қолыңды жуып кептір, қолғап ки.

  4. баланы сау жағына қарай басын бұрып, жөргектеу үстеліне жатқыз.

  5. дәрінің 1 тамшысын білегіңе тамызып тексер.

  6. 1 жасқа дейінгі баланың құлақ ұшын төмен қарай, ересек баланың құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тарт.

  7. тамызғышты сыртқы құлақ қуысына енгізіп сыртқы қабырғасымен дәріні тамыз.

  8. қолданылған тамызғышты лотокқа таста.

  9. құлақ қуысына мақта шаригін 10-15 минутқа салып қой.

  10. ата – анасына бала сау жағына қарай 10-15 минут бойы жату керек екенін түсіндір.

  11. қолғабыңды шеш, қолыңды жуып кептір.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет