1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ



бет9/34
Дата29.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#60152
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Жобалық қаржыландыру – бұл инвестициялық жобаларды қаржыландыру, мұнда инвестициялық жоба тікелей қарыздық міндеттемелерге қызмет етеді. Қаржыландыратын субъектілер инвестициялық жобаны оның кірістілік деңгейіне, инвесторларға берілген қарызды жабудағы кірістің жеткіліктілік дәрежесіне, қарыз немесе тағы басқа капитал салымдарына қарап, баға белгілейді.
Жобалық қаржыландыру тікелей мемлекеттік субсидия немесе корпоративті көздерге байланысты емес. Жобалық қаржыландыруда есеп және тәуекелді басқару жобаға қатысушылар арасында бөлінеді. Тәуекелді бөлу есебімен бір уақытта шығын мен кірісті бағалау анықталады.
Сонымен қатар, жобалық қаржыландыруды кері шегінушілікті анықтайтын қаржыландыру деп те атайды. Кері шегінушілік – қарызға ұсынылған соманың орнын толтыру жайлы талап.
Заңмен жобалық қаржыландыру РФ-ң «өнімді бөлу жайлы келісім» Заңында 30.12.95 №226-Ф3 (18.06.2001 №75-Ф3) тіркелген. Инвестициялаудың берілген түрі келісімде көрсетілген жер үлескесінде минералды шикізатты іздеу, барлау, табумен байланысты. Бұнда жұмыстар өз есебінен жүргізіледі. Келісімде барлық қаржылық жақтар көрсетіледі. Бұл жерде кері шегінушілік мәнді роль атқарады.
Өзінің экономикалық табиғаты бойынша жобалық қаржыландыруды 3 формаға бөледі:

  • қарыз алушыға толық кері шегінушілікпен қаржыландыру;

  • қарыз алушыға кері шегінушілікке құқығы жоқ қаржыландыру;

  • кері шегінушілікке шекті құқығы бар қаржыландыру.

Жобалық қаржыландырудың әрбір түрін қысқаша қарастырайық.
Толық кері шегінушілікпен қаржыландыру – жоба кредиторларының шекті жауапкершілігіне ие, мұнда тәуекелдер қарыз алушыға келеді, «қарыз» бағасы жоғары емес. Ереже ретінде, пайдалылығы аз және коммерциялық емес тәуекелдер қаржыландырылады.
Кері шегінушілікке құқығы жоқ қаржыландыру – тәуекелдің жоғары дәрежесімен екертіледі, себебі кредитор қарыз алушыдан ешқандай кепіл алмайды және барлық тәуекелді кредитор өзіне жүктейді. Бұндай қаржыландыру формасының құны өте жоғары. Пайдалылығы жоғары және бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ететін жобалар ғана қаржыландырылады. Бұл жобаларға мынадай талаптар қойылған: қазіргі жаңа технологияның болуы, өтімді нарықтың дамуы, материалды-техникалық ресурстар жеткізушілерімен тұрақты келісім-шарттың және өнім өтімінің болуы.

Кесте 2- Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздерінің құрылымы







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет