Ғылым министірлігі



бет1/12
Дата29.11.2023
өлшемі237,27 Kb.
#131270
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес жоғары мектебі факультеті
Қаржы және есеп кафедрасы



СӨЖ
Тақырыбы:«Нарықтық құрылымдар талдауы»

Оқытушы:Иляшова Г.К


Студент:Жұмағали Ақбота
Мамандығы:Есеп және аудит 2-курс

Алматы, 2023 ж.




Жоспар:

  1. Нарықтық құрылымдар

  2. Жетілмеген бәсекенің формалары

  3. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында баға мен өндіріс көлемін таңдау

  4. Пайдаланған әдебиеттер


Нарықтық құрылым көптеген белгілерімен ерекшеленетін күрделі ұғым ретінде саналады. Нарықтық құрылым бәсекелестіктің әртүрлі дәрежесімен анықталады.
Нарықтық құрылым – бұл фирмалардың салалық нарықта өзара әрекеттесу сипатын анықтайтын және нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу әдістерін көрсететін нарықтық ұйымдастыру белгілерінің жиынтығы.
Нарықтық құрылымның типі салалық нарықтың негізгі белгісі ретінде көрінетін ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да әрекет ететін көптеген факторлармен анықталады. Нарықтық құрылымның типін анықтайтын негізгі факторлардың бірнешеуін бөліп көрсетуге болады:

  1. Өндірушілердің шоғырлануы;

  2. Сатып алушылардың шоғырлануы;

  3. Өнімді ерекшелендіру дәрежесі;

  4. Нарықтық ақпараттың толықтылығы;

  5. Салаға кіру және одан шығып кету мүмкіндіктері;

  6. Өндірушілердің бағаға бақылау жасай алу дәрежесі;

  7. Фирмалардың өзара әрекеттесу сипаты.

Осы факторларды ескере отырып, нарық құрылымын негізгі төрт түрін бөліп көрсетуге болады:
1)Жетілген (таза) бәсеке;
2)Абсолютті (таза) монополия;
3)Монополистік бәсеке;
4)Олигополия.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет