1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет41/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

Жалпылау есімдігі
Жалпылау есімдігі мыналар: бәрі, барлық, бар, барша, күллі, бүкіл, бутін, түгел.
Жалпылау есімдіктері бірнеше зат, құбылыстарды жалпылама түрде атау мақсатымен қолданылады. Мысалы: Барлық халық бейбітшілікті қалайды. Мұнда түрлі халықтардың аттарын атап жатпай, оларды-жалпылама түрде бір ғана сөзбен (барлық) атаған.
Барлық, барша, бәрі деген жалпылау есімдіктері тәуелденеді: барльіғымыз, баршаларың, бәрің т. б. Тәуелденген жалпылау есімдіктері септеледі: барлығымьізға, барлығымыздан, барлығымыздың т. б.
61-жаттығу. Текстен жалпылау есімдіктерін табыңыздар.
1. Өлеңдерін қайталап айтысып, бәрі де жасы үлкең аға, Ерболдың төрелігін тілесті. 2. Қалған топтың барлығы да cap желіп отырып, Абайларды куып жетті. 3. Қалай да, Кәкітай бәріңді қирата жеңіп отыр (М. Ә.). 4. Бүкіл одақта бірге тәрбиелеу тәжірибесін жүргізген тек жалғыз біздің колония еді. (А. Мак.). 5. Барлық топ енді түгел шапқан күйінде, құстардық соңынан кетті (М. Ә.).

21 практикалық сабақ. Етістік.


Заттың қимылын, амалын, жай-күйін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Мысалы: Ол ән салды . Сен домбыра тарт.
Етістік не істеді? не істейді? не қылған? деген сұрақтарға жауап береді. Сөйлемнің баяндауыш, пысықтауыш қызметін атқарады.
Тұлғасына карай етістік негізгі, туынды түбір болып бөлінеді.
Негізгі түбір етістіктер – құрамы бөлшектеуге келмейтін біртұтас морфемадан тұратын сөздер. Мысалы: ал, кел, бар, оқы, жүр, тұр, көр, шық, кір,т. б.
Туынды түбір етістіктер сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалатын құрамы ең кемі екі морфемадан тұратын сөздер. Мысалы: ақта (ақ-та), жасар (жас-ар), азай (аз-ай), бірік ( бір-ік), сана (са-на), т. б.
Сабақты және салт eтістік.
Заттың, кісінің ісін, әрекетін, қимылын білдіретін етістіктерді сабақты етістік дейміз. Сабақты етістіктің қимылы объектіге ауысып түседі де, ол объектінің табыс септікте тұруын керек етеді. Мысалы: Мен бұл кітапты оқығанмын.
Сабақты етістіктен байланыстыра кімді? нені? (не?) деген сұрақ қоюға болады; кімді жіберді? кімді сайлады? нені берді? нені алды?
Заттың, кісінің күйін білдіретін, табыс септеудегі тура толықтауышты меңгере алмайтын етістікті салт етістік дейміз. Мысалы: отыр, күл, қуан, ұйықта.
62-жаттығу. Текстен сабақты, салт етістіктерді ажыратыңыздар.
1. Ұлжан қабағын көтеріңкіреп, екі көзін қысыңқырап, тағы да толғанумен нұрлана түсті. 2. Іркер жайды Мәкіш өзі айтып отыр, 3. «Заманның» деген сөз Құнанбайдың дәл өзіне қадалып тұр. 4.Бұның бар өлеңін Мәкіш тыңдап отыр екен. 5. Қүйеуі болса, саудаменен алыс сапарда жүр. 6. Тез қайт, балам Абайжан. 7.Қатты өзгеріп, жаны толқынға түскен Абай әлі оңалған жоқ. 8. Ең алдымен өз көңілін біл. 9. Бір нәрседен қатты сақ бол (М. Ә.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет