1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет1/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд


1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы.

Фонетика - тіл білімінің басты бір саласы. Оның зерттеу объектісі – тіл дыбыстары, олардың құрамы мен жүйесі.


Тіл дыбыстары адам ойын білдіру үшін қызмет атқарады. Ол бұл қызметін сөз арқылы жүзеге асырады, өйткені сөздерден сөз тіркестері,сөйлем құралады. Ал тілдегі әр сөз тіл дыбыстарынан тұрады. Мысалы: Сен едің базарым (Абай). Осы сөйлемдегі бірінші сөз (сен) үш дыбыстан (с-е-н), екінші сөз (едің) төрт дыбыстан (е-д-і-ң), үшінші сөз жеті дыбыстан (б-а-з-а-р-ы-м) құралған.
Тілдегі әр сөздің тұрақты дыбыстық құрамы болады және олардың әрқайсысының сөзде қалыптасқан орны бар. Мысалы: жер деген сөзде үш дыбыс (ж-е-р) бар және ол үш дыбыстың сөзде осы тәртіпте ғана орналасуы шарт. Сондықтан кез келген дыбыстың тіркесі сөз жасай бермейді.
Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу мүшелеріне өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін жатады.
Әр дыбыстың жасалуына, сөйлеу мүшелерінің қатысы әр түрлі, соған орай тілдегі дыбыстар да түрлі-түрлі. Бірақ тіл дыбыстарының саны, құрамы шексіз емес. Әр тілдің белгілі дыбыстық құрамы болады. Сол сияқты қазақ тілінің де белгілі дыбыстық құрамы бар.
Дыбыстардың құрамы.
Қазақ тіліндегі 38 дыбыс дауысты және дауыссыз болып екі үлкен топқа бөлінеді. Тілдегі дыбыстардың мұндай екі топқа бөлінуі олардың жасалуына үн мен салдырдың қатысына байланысты.
Үн өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда болады.
Салдыр өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан пайда болады.
Осы үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып келеді.
1-жаттығу. Мына сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар.
Адам, әке, жылқы, өмір, бұлақ, қайнар, сайран, үкі фабрика, хабар, ізде, шолпан, гүлстан, вагон, данышпан, буын, уылдырық.
Дауысты дыбыстар.
Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Тілде мынадай 11 дауысты дыбыс,12 әріп бар: а, ә, и, о, ө, е, э, у, ұ, ү, ы, і.
2-жаттығу. Оқып, әр сөздердегі дауысты дыбыстарды атаңыздар.
Ақиқат, ашу, бақыт, берекесіз, бикеш, гүмбір, ғақлия, қимас, мейіз, юпитер, скульптура.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет