1. Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерінің жіктелуі


Ерітінділердің қату жылдамдығына не әсер етеді және қалай әсер етеді?



бет15/29
Дата21.12.2023
өлшемі1,52 Mb.
#142402
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
Строиииимааттт

52. Ерітінділердің қату жылдамдығына не әсер етеді және қалай әсер етеді?
Құрылыс ерітінділері- тығыздығына,
байланыстырғыш заттарына және
қолданылатын орнына сәйкес
топтастырылады. Байланыстырғыш заттарына қарай олар
цементті кұрылыс ерітіндісі портландцемент пен оның түрлері негізінде: ізбесті гипсті және араласқан (цементізбесті, т.б.) ерітінділер болып бөледі. Байланыстырғыш заттың түрі құрылыс ерітіндісінің құрғақ немесе ылғалды жерде колданылатына сәйкес
тағайындалады. Ізбесті ерітінділерге тез қатаю үшін гипс косылады.
53.Асбестцементтік материалдардың физико-механикалық сипаттамалары.
Асбестцемент деп – цемент, асбест және су араласпасының қатаюы нәтижесінде алынатын күйдірілмеген жасанды тас материалдарын атайды. Асбестцемент негізінде жамылтқыш толқынды плиталар, құбырлар, қабырғалық панельдер және декоративтік бұйымдар шығарылады.
Асбестцементтік бұйымдарын жасау үшін қолданатын араласпа құрамындағы цемент пен су байланыстырушы рөлін, ал асбест талшықтары (10-20%) толтырушы рөлін атқарады, және де өте жіңішке асбест талшықтарының созғандағы беріктігі жоғары болатындықтан арматура сияқты цемент тасының физикалық-механикалық қасиетін көп шамаға жақсартады. Асбесцементтік бұйымдар қасиеттері мынандай факторларға тәуелді: цемент сапасына, асбест маркасына, бұлардың массадағы мөлшерлік арақатынасына, асбесттің талшыққа тарқатылу дәрежесіне, массаның тығыздалу дәрежесіне, бұйымдардың қатаю жағдайы мен ұзақтығына, сондай-ақ, асбестцементтің ылғалдылығына.
54. Ерітінді қоспасының қабатталуын қалай анықтайды?
Құрылыс ерітінділері заводтарда дайындалып құрылыс алаңдарына арнайы машиналармен жеткізіледі. Құрылыс ерітінділер құрғақтай араластырылған күйінде құрылыс алаңдарына жеткізіліп, сол жерде сумен араластырылады. Ерітінді қоспасының қабатталуы оның құрамының өзгеріне байланысты.
55. Ерітінділердің жіктелуі. Ерітінділердің толтырғыштары.
Қалаулық ерітінділер. Сыртқы қабырға қалау үшін цемент, цементізбес және цементсаз байланыстырғыш заттар яғни цемент және араласқан байланыстырғыш заттар негізінде дайындалған үйдің ылғалдылығына және оның неше жыл пайдалану үшін тағайындалғанына байланысты маркалары 10, 25 және 50 ерітінділер қолданылады. Сылаулық ерітінділер цемент, цементізбес, ізбесгипс және гипс байланыстырғыш заттар негізінде дайындалады: бұл ерітінділер сыртқы және ішкі сылақтар деп бөлінеді. Тастардан және бетоннан жасалған сыртқы қабырғаларды салу үшін цементізбесті ерітінділер ал құрғақ климатты региондарда қабырғалық ағаш конструкцияларын салу үшін ізбесгипсті ерітінділер пайдаланылады.
Монтаждық ерітінділер ірі құрама темірбетон элементтерді ұштастыру (түйістіру) үшін қатайғанда кеңейетін я отырмайтын (шекпейтін) цементтер негізінде дайындалады. Ерітінділердің арнауы түрлеріне декоротивтік, инъекциялық, акустикалық, рентген сәулесінен қорғайтын т.б. ерітінділер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет