1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет154/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   163

70. Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы 2017 ж. 12 сәуірде жарияланды. Ол 2 бөлімнен тұрады: 1-бөлім «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы», ал 2-бөлім «Таяу жылдардағы міндеттер» деп аталады.

Президент өз сөзін елімізде үшінші жаңғырудың басталғандығынан, екі: саяси және эко­номи­калық реформалардың жүріп жатқандығынан, мақсатымыз – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу, енді санамызды да жаңғыртудың қажеттігінен бастады. Бұл мақалада Елбасы еліміздің Біртұтас Ұлт болу үшін бұқаралық сана­­ны қалай өзгертуіміздің қажеттігі туралы өз көзқарасымен бөліседі.


І-бөлімде ол қазіргі кезде әлем өзгеріп, бағыты бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды, санамызға сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­ып, дамыған елдермен қатар болу үшін заманның жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, өзгеруіміздің қажеттігін айтты. Әр қоғамның өзінің тамырын тереңнен алатын рухани коды болады. Жаңғырудың басты шарты – сол ұлттық кодты сақтай білу. Президент бүкіл қоғамның, әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың 6 бағы­тына тоқталады, олар: 1) бәсекелік қабілет, 2) прагматизм; 3) ұлттық бірегейлікті сақтау; 4) білімнің салтанат құруы; 5) Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; 6) сананың ашықтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет