Көнеден жеткен «СӨЗ» жайындағы баян рухани жаңғыру бағдарламасы: 100 кітап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»



бет1/5
Дата21.12.2023
өлшемі92,5 Kb.
#142037
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
КЕННИ


КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН «СӨЗ» ЖАЙЫНДАҒЫ БАЯН


Рухани жаңғыру бағдарламасы: 100 кітап

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында, еліміздің саяси және экономикалық жаңғыруларын толықтырып ғана қоймай, оның өзегіне айналуы тиіс рухани жаңғырудың «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейгікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» және «Сананың ашықтығы» аталатын басым бағыттарын белгілеп, оның негізгі қағидаларын қалыптастыру мен еліміздің заман сынағына лайықты төтеп беруіне қажетті нақты жобаларды ұсынған болатын.


Осы жобалардың арасынан, әсіресе, «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Білімнің салтанат құруы» және «Сананың ашықтығы» бағыттарының жүзеге асуына «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының орны ерекше. Әлемнің ең озық оқу орындарының білім бағдарламаларындағы таңдаулы 100 жаңа оқулықты қазақ тіліне аудару, жастардың гуманитарлық білім саласындағы дамыған елдердің тәжірибесімен өз ана тілінде танысып, тың әрі жан-жақты ақпараттар алуына мол мүмкіндік тудырмақ. Бұл жоба арқылы ғылым, білім, экономикада жүздеген жылдарға алға озып кеткен дүниежүзілік ғылым мен техника, мәдениет, өнер салаларындағы жетістіктерді игеру мүмкіндігінің артатыны анық.


«Философияның 4 кітабы»

Осы орайда 2017 жылы еліміздің жоғары оқу орындарының тәжірибелі ұстаздары мен жаңадан құрылған Ұлттық аударма бюросы бірігіп, аталған жобаны іске асыруға кірісіп те кеткен болатын. Нәтижесінде философияға қатысты батыстың танымал философтарының 4 кітабы, атап айтқанда, Энтони Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы» аталатын төрт томдық шығармасының «Антикалық дәуір» мен «Орта ғасырлар философиясына» арналған 2-томдығы, Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы» және Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» атты еңбектері қазақ тіліне тәржімаланып, оқырмандарға жол тартты.


Бұл еңбектердің негізгі ерекшеліктеріне келсек, шотланд философы Дерек Джонстон жазған оқулық философия әлеміне енді қадам басқан оқырманға арналған. Автор Сократ пен Платон, Аристотель, Эпикур, Зенон, Акуинолық Томас, Декарт, Локк, Монтескье, Спиноза, Юм, Кант, Маркс, Ницше, Витгенштейн, Хайдеггер, Сартр, Деррида сынды ой алыптарының өмір жолы мен шығармашылық әлемін жаңа қырынан ашады. Батыс дәстүріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері мен теорияларын оқырмандарға кезең-кезеңіменен жүйелеп береді. Жинақта 15 ойшылдың негізгі шығармаларының тізімі, олар өмір сүрген дәуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғалар, философиялық, әдеби және көркем туындылар да қамтылған. Бұл оқырманның әр ойшылдың өмір сүрген дәуір келбетін көз алдына елестетіп, замана тынысының олардың шығармашылығына, ал олардың ілімінің адамзаттың ой-дүниесінің арнасына тигізген ықпалын сезінуге мүмкіндік береді.
Француз философы Реми Хесстің аталған шығармасы философия тарихындағы ең маңызды деген 25 ойшылдың философиясын, олардың бір-бір басты шығармасын қарастыра отырып, автордың жеке өмірбаяны, шығармашылық жолына тоқталып, еңбектің басты идеясын түсіндіру арқылы ойшылдың ең бірінші адами тұлғасын танып, кісілік болмысын пайымдауға, сүйенген таным әдісін байыптап, ойлау ерекшелігін бағамдауға мүмкіндік береді. Талқыланатын мәселедегі философиялық танымның орнын, оның өзге пайымдаулардан ерекшелігін бөліп көрсетеді. Философ болмысының мәні «көпті ешқашан місе тұтпай, тұтастықты ту етуде» екенін түсіндіреді. Біз бұл мақаламызда қазақ тіліне аударылған осы төрт еңбектің бірі Энтони Кеннидің «Антика философиясы» кітабына арнайы тоқталғанды жөн көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет