1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет17/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   163
Азаматтық қоғамның функциялары: 1) мемлекетке тәуелсіз белгілі бір құралдар мен санкцияларға ие бола отырып, адамды жалпы қабылданған нормаларды сақтауға мәжбүр етіп, азаматтарды әлеуметтендіру мен тәрбиелеуге қатысады; 2) жүйедегі қоғамдық қатынастарды реттейді: азамат – азаматтық қоғам институттары – мемлекет; 3) қөркениетті саяси, экономикалық, идеологиялық плюрализм жағдайында қоғамның саяси және рухани бірлігін қалыптастыра отырып, қоғамның бірігуіне ықпал етеді; 4) қоғамның және мемлекеттік құрылыстың базасы бола отырып, мемлекеттік органдардың қалыптасуына, бүкіл саяси жүйенің демократиялық және гуманистік дамуына ықпал етеді; 5) өткеннің таңдаулы дәстүрлері мен қазіргі өркениеттің жетістіктері негізінде азаматтардың, әлеуметтік және этникалық топтардың өзіндік дамуын қамтамасыз етеді; 6) азаматтар мен олардың бірлестіктерінің мүдделерін, құқықтарын, бостандықтарын олардың өмір сүруіне мемлекет пен оның органдарының заңсыз араласуынан қорғайды.

  Азаматтық қоғам азамат және оның бостандығынан басталады. Азаматтық қоғам – ашық, демократиялы, антитоталитарлық, өздігінен дамитын қоғам, онда басты мәселе – адам, азамат, тұлға болып табылады. Азаматтық қоғамның фундаменттік құндылықтарына – отбасы, жеке меншік, жеке адам, бостандық, құқық, руханилық, тәртіп, мемлекеттік жатады. Азаматтық қоғам мемлекеттен тыс әлеуметтік сала болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет