18. Мемлекет – саяси биліктің субъектісі. Саяси биліктің субъектісі, бұл – билікті иеленуші, жүргізуші, белсенді әрекет етуші, бағыттаушы бастама.
Мемлекетдеп белгілі бір аумақтағы және ондағы тұрғындарға жүргізілетін саяси биліктің ұйымдастырылуын, басқару аппараты болып, барлығына тиісті заңдарды қабылдап, ішкі, сыртқы мәселелерді шешуде дербестігі бар саяси жүйенің негізгі элементін айтады.
Мемлекеттіңбелгілері:1) басқару аппараты; 2) тұрғындары мен аумағы; 3) егемендігі; 4) салық жүйесі; 5) заңы; 6) ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру монополиясы; 7) жалпы игіліктер мен жалпы мүдделерді қорғау.