1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі


Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер



бет2/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер. Сөйлеудің табиғи дыбыстық материясы болып табылатын фонетикалық жағы ерекше зерттеу әдістерін(метод) қажет етеді. Олай болатыны фонетика болатыны фонетика бір жағынан акустикалық(немесе физикалық) аспекті тұрғысынан акустикамен, екінші жағынан физиологиямен(сондай-ақ анатомиямен де)байланысты болып келеді де, бұл ғылымдарда пайдаланылатын әдістер мұнда да қолданылуы тиіс. Әдетте мұны эксперименттік әдіс дейді де, сөйлеуді зерттеуде қолданылатын әр түрлі апараттарды сонымен байланысты қарайды. Бұдан аппаратсыз эксперимент болмайды екен деген ұғым болмауы тиіс. Фонетика саласын мынадай бір қарапайым мысал алып қарастырайық: қазақ тілде дыбыстардың қалыптасқан орны, үндесу заңдылықтары бар. Соның бірі қатаң дыбыстардан кейін қатаң дыбыс келеді. Бұл заңдылықты елемей, қатаңнан кейін ұяң дыбыстарды айтып көрейік: ат-дың, ат-ға, ат-да. Әдейі бұзу үшін болмаса, бұлай айту қазіргі қазақ тілінде мүмкін емес. Фонетикалық көптеген тұжырымдар айту мен қабылдауға, қарапайым тәжірибеге негізделген.
Дегенмен, дыбыстардың акустикалық мінездемесін – күшін, қарқынын, созылыңқылығын, сондай-ақ оның артикуляциялық табиғатын, яғни қандай мүшелердің қатысуымен қалай жасалып тұрғанын нақты білу үшін қабылдау арқылы сезіп қою жеткіліксіз, оны тиісті аппараттардың көмегімен қарастыру керек.
Экспериментті фонетика(дұрысы эксперименттік фонетикалық әдіс) – сөйлеу дыбыстарын акустика арқылы физиология саласында пайдаланылатын аппараттармен қолдану арқылы зерттеу. Экспериментті фонетикалық әдісті екі үлкен топқа бөліп қарастырған жөн:

  1. акустикалық әдіс, бұл арқылы сөйлеу дыбыстарының,

олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады; 2) физиологиялық әдіс немесе соматикалық әдіс арқылы дыбыстардың жасалуына қандай мүшелер қалай қатысып тұрғаны, оның артикуляциялық ерекшеліктері айқындалады.
Бұл әдістердің әрқайсысы пайдаланылатын құралдың(аппараттың) түріне қарай іштей бірнеше әдіске ажырайды. Сонда:
Акустикалық әдіс: 1. Кимографиялық әдіс; 2. Осциллографтық әдіс; 3. Спектографтық әдіс.
Сомантикалық әдіс: 1. Палатографтық әдіс; 2. Рентгенографиялық әдіс; 3. Кинофотқа түсіру әдісі.
Дауысты және дауыссыз дыбыстардың өздеріне тән ерекшеліктерін, әрқайсысының фонемалық қасиеттерін жете меңгеру үшін, оларға жан-жақты талдау жүргізілуге тиіс. Дауыстылар акуситика-артикуляциялық және фонемалық қасиеттеріне қарай үш топқа бөлінеді:

  1. Тілдің қызметіне қарай /артқа тартылу не ілгері жылжу/ - жуан (а, о, ұ,) дауыстылар және жіңішке(ә, ү, і, ө) дауыстылар;

  2. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай – ашық(а, о, ә) дауыстылар және қысаң(ы, ұ) дауыстылар;

  3. Еріннің қызметіне қарай еріндік дауыстылар(ө, ұ,), езулік дауыстылар(а, ы, е).

Сонда бұл дауыстылар фонемалық қасиеттеріне қарай былайша талданады:
a – жуан/тіл арты/, ашық/жақ кең ашылады/, езулік/ерін қатыспайды/.
ө – жіңішке/тіл алды/, ашық/орташа ашылады/, еріндік/ерін қатысады/.
ы – жуан, қысаң, езулік.
Егер а дыбысын ы-мен салыстырсақ, бұлардың екі қасиеті /жуан езулік/ ортақ та, бір қасиеті /ашық және қысаң/ алшақ. Демек, екеуін бір-бірінен ажыратып тұрған фрнемалық қасиет – біреуінің ашық, екіншісінің қысаң екенін көрсетіп тұрғаны есептеледі. Сол сияқты ә дыбысы а-дан екі фонемалық қасиеті арқылы /жіңішке, еріндік/ ажыратылады. Бұдан шығатын қорытынды: тіліміздегі дауысты дыбыстар белгілі бір жүйе болса, ол жүйені құрастырып тұрған элементтердің(дауыстылардың) әрқайсысы бір-бірінен белгілі бір фонемалық қасиеттері арқылы қарама-қарсылықта болады, бұл қарама-қарсылық әр дыбыстың ерекшелігін танытады және бір сөздің екінші сөзден, бір тұлғаны екінші тұлғадан ажыратуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда көрсетілгендей дауыссыз дыбыстар да акустика-артикуляциялық және фонемалық қасиеттеріне қарай басты үш топқа бөлінеді:

  1. дауыстың қатысына қарай: а) үнді дауыссыз дыбыстар(й, л, м, н, ң, р);

ә) ұяң дауыссыз дыбыстар(ж, з, ғ, б, д); б) қатаң дауыссыздар(к, с, т, ш).
2. жасалу орнына қарай: тіс дыбыстары(с, т, з); тіл ұшы дыбысы(ж); тіл арты(ғ); тіс және бүйір дыбысы(л).
3. жасалу жолына қарай: шұғыл(к, т); ызың(ж, з, с); ауыз жолы(л).
Дыбыстар сөздің материалдық қабықшасы екендігін ескере отырып, студент белгілі бір сөздің құрамында қанша дыбыс бар екендігін сан жағынан ғана біліп қоймай, әр дыбыстың фонемалық ерекшелігіне талдау жасай алатындай болу керек. Сөз құрамындағы дыбыстардың айтылу сапасы олардың дербес тұрғандағы айтылуымен әрқашан бірдей бола бермейді: бір дыбысқа екінші дыбыстың ықпал-әсері болады.
Егер студент, бір жағынан, тіліміздегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, екінші жағынан, әрқайсысының құрамындағы дыбыстарды фонемалық қасиеттеріне қарай меңгере алса, буын, үндестік заңы, екпін сияқты күрделі тақырыптарды және орфография заңдылықтарын білетін болады.
«Фонетика» курсының өзіндік ерекшелігі сол – ол, бір жағынан, тіл мәдениетін жетілдірудің үлкен құралы орфоэпия мен орфографияның нормаларын белгілеуге тиісті мүмкіндік берсе, екінші жағынан, грамматиканың морфология және синтаксис салаларымен де органикалық байланыста болады. Тіліміздегі сингармонизм, ассимиляция заңдары фонетикада дыбыстардың комбинаторлық алмасуын туғызса, морфологияда бір қосымшаның әр түрлі вариантта айтылуына, сөйтіп оларды түрлендіруде үлкен роль атқарады, синтаксистің сөйлем деп аталатын категориясы әрқашан интонациямен тығыз байланысты, сөйлемді мақсатына және көңіл-күймен айтылуына қарай құбылтушы, сөйлемді ұйымдастырушы айрықша белгілерінің бірі болып есептеледі.
Қорыта келгенде, студент жаттығуды орындаған кезде, оған тапсырманың талабына сәйкес талдау жасап, себебін түсіндіріп отыруды өзінің дағдысына айналдыруы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет