Дипломдық жұмыстың тақырыбын айту./ Оңалту қызметі жұмысының сапасын арттырудағы мейіргердің рөлі/
Тақырыпты таңдау себебін айту. / нейро-инсульт, медициналық практика/
Реабилитация туралы қысқаша түсінік айту. / АҚШ. ҚЫТАЙ, КОРЕЯ, КАНАДА т.б елдер, әсіресе АҚШ-тың оңалту методикалары/
Медициналық реабилитация түрлері.
1. Физиотерапия
2. Психотерапия
3. Дәрімен емдеу
4. Ем дәммен емдеу
5. Косметикалық қалпына келтіру хирургиясы
6. Комплементарлық әдістер. /мануалдық емдеу, фитотерапия, гемопатия т.б/
7. Әлеуметтік оңалту және еңбектік оңалту.
Реабилитацияға қатысатын медициналық қызметкерлерді айту.
/Емдік дәрігер, физиотерапевт, психолог және профессионалды медициналық қызметкерлер/
Оңалтуда мейірбикенің нақты атқаратын жұмысы.
/ мейірбике көбінесе дәрігер нұсқауымен жұмыс жасайды. Еркін жасайтын қызметтері де бар мысалы пациентке күтім жасау, гигиеналық процедуралар. Профилактикалық-функционалдық іс шаралар. Медбике 2 қасиетке ие болуы керек 1 сабырлық/суыққандылық/, 2 әдептілік екеуі қатар жүруі тиіс./
Реабилитация қандай жағдайларда көрсетіледі.
/ ота жасар алдында-отадан кейінгі кезеңде, сүйек зақымдануларында, бұлшық ет зақымдануында, инсульт болғанда, миокард инфаркті болғанда, ми жүйке жүйесі бұзылуларында, эпилепсия, аутизм. Яғни туа біткен ауралар кезінде, мүгедектік болғанда т.б көмек көрсетіледі./
Реабилитацияда пациенттермен қандай қарым-қатынаста болуды айту.
/ынталандыру, қолдау көрсету, пациент көңіліне қарай білу. Туыстарымен сенімді қарым қатынас орнату./
Реабилитация ұзақтығы әдетте пациенттің денсаулық жағдайына байланысты болады. Бірақта норма бойынша реабилитация 10 – күннен, 21 – күнге дейін созылады.
Медициналық оңалту кезеңдері: 1. Алдын алу. 2. Стационарлық. 3. Амбулаториялық-емханалық. 4.Санаторлық-курорттық. 5. Кезең метаболитикалық оңалту.
«Реабилитация» - бұл қарапайым сөбен айтқанда медицинада көптеген емдік және қайта жандандыру яғни қалпыну келтеру пункттері бар профилактикалық көмек шаралары болып табылады. Мәселен, адам денсаулығына қауіп қатер төнуіне төтеп беру немес сол қиын жағдайдан кейін аурудың қайта қайталанбауына мүмкіндік беретін пайдалы емдік кезең деп айта аламын.
Қазіргі заманда дүние жүзі бойынша оның ішінде біздің елімізде қайта қалпына келтіру мақсатына бағытталған сауықтыру орталықтары күн сайын жанданып дамып келе жатыр. Тіпті ең ауыр деген сырқаттан кейінгі жағдайларды толықтай өз қолымызға алып, тиімді әрі сапалы көмек көрсететін жағдайдамыз. Әр бір еліміздің қаласындағы кез-келген аурухана ішінде емделуден кеінгі реабилитация бөлімшелері бар. Бұл мақтанарға тұрарлық жетістік деп ойлаймын.
Медициналық реабилитация науқастың физиологиялық жағдайына ғана емес психологиялық жағдайына да үлкен әсерін тигізетіні сөзсіз. Науқасқа дер кезінде қолдау мен көмек көрсетілген жағдайда оның тез айығып кетуінің мүмкіндігі арта түседі. Науқастың қоғамдық-әлеуметке сәтті оралып, әрі қарай еңбекке жарамды толық қанды адам ретінде өмір сүруіне кепілдік беріледі.
Физиотерапия - бұл ауыр сырқаттан кейінгі оңалту кезеңінің ажырамас бөлігі, бұл кезеңде тең нақасқа физикалық күш түсіретін жаттығулар ғана емес, басқада емдік шаралар жүргізіледі, оларға:
Соллюкс- Инфрақызыл сәулелер тері, артрит, ревматизм тәрізді ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады. Инфрақызыл сәулелер денеге енгеннен кейін температураны көтеріп, ол жерде ылғал бар болса, оны кептіріп жібере алады. Әсересе күйген жерде ылығалданып тұратын тері ауруларын емдеуде таптырмас құрал. Жалпы ифрақызыл сәулелерімен емдегенде олардың әсер еткен жеріндегі температураны көтеретін қасиеті пайдаланылады.
"Биоптрон"- шамымен емдеу - ультракүлгін спектрсіз полярланған жарық толқындары қолданылады, оның әсерінен метаболизм процестері белсендіріледі, микроциркуляция жақсарады және әртүрлі рецепторларға тітіркендіргіш әсер етеді. Қолданудың негізгі бағыттары: ағзаның регенеративті процестерін ынталандыру және қалыпқа келтіру, иммунитетті нығайту.
Лазерлі құрылғылар күті жарық көздері болып табылады. Лазерлі сәуле үшін ағзадағы көрінбейтін тіндермен клетекалар жоқ сол себептен лазер көмегімен клеткалар нәрленіп жаңарып сау қалпына түсе бастайды. Ол өкпе ылғалды ауруларына үлкен пайдасы бар.
Магнитотерапия -ауыспалы немесе пульсирлеуші магнит өрісі арқылы дененің белгілі бір бөліктеріне емдік әсер ету, оның әсерінен зат алмасу процестерінің, қан айналымының, тіндердің трофизмінің күшеюі байқалады. Магнитотерапия келесі жағдайларда қолданылады: тірек-қимыл жүйесінің аурулары; перифериялық нервтердің, невроздардың және вегетативті-тамырлы дистонияның қабынуы мен жарақаттарын емдеу, аяқ-қол қозғалысын қалпына келтіру үшін; ішкі ағзалардың, аяқ-қол тамырлары мен мидың аурулары және т. б.
Дәрілік электрофорез -тұрақты токпен және енгізілетін дәрілік затпен бір мезгілде әсер ету. Ол дәрілік заттарды толық енгізуге әсер етуіне көмектеседі және анальгетикалық, қабынуға қарсы, сіңіргіш, биостимуляциялық, трофикалық, десенсибилизациялық, антиспазматикалық, вазодилататор.
Ингаляциялық терапия (аэрозольтерапия) - ауада шашыраған сұйық немесе қатты дәрілік заттарды ингаляциялау арқылы емдеу. Аэрозольмен емдеу жоғарғы тыныс жолдарының ауруларында тиімді: ринит, ларингит, трахеит, бронхит, мұрын шырышты қабығының атрофиялық аурулары, мұрын және жұтқыншақ, тонзиллит, созылмалы тонзиллиттің өршуі, пневмония, бронх демікпесі.
Ультрадыбыстық терапия - қатты, сұйық немесе газ тәрізді орта бөлшектерінің жоғары жиілікті механикалық тербелістерін қолдану. УЗ-терапияға көрсеткіштер: жүйке жүйесінің аурулары мен жарақаттарының салдары, нейропатия, невралгия, омыртқа мен жұлынның жарақаттары; шығу тегі әртүрлі тыртықтар; әртүрлі тығыздағыштар мен инфильтраттар; бірлескен аурулар; ішкі ағзалардың аурулары.
Электросон терапиясы - төмен жиілікті және төмен күшті тікбұрышты импульстік токтардың орталық жүйке жүйесіне әсер ету әдісі. Емдеудің негізгі саласы - орталық жүйке жүйесінің функционалды бұзылыстары- невроздар, реактивті және астеникалық жағдайлар, түнгі ұйқының бұзылуы, түнгі зәр ұстамау, эмоционалды және тамырлы реактивтіліктің жоғарылауы.
апирефлексотерапия– применение с лечебно-профилактическими целями пчелиного яда. Пчелиный яд – это секрет, выделяемый железой жалящего аппарата рабочей пчелы. В свежем пчелином яде содержатся биологически активные соединения, ферменты, сахара, летучие вещества и др. По своей медико-биологической сути пчела представляет собой одноразовый шприц с уникальным лекарством. Яд пчелы оказывает влияние на все важнейшие системы организма, обладает болеутоляющим, гипотензивным, иммунорегулирующим, сосудорегулирующим и антикоагулянтным действием. С лечебной целью пчелиный яд применяют в форме естественных пчелиных ужалений, которые проводятся в биоактивные точки тела. Апитерапия проводится при индивидуальном подборе доз с учетом чувствительности. Чувствительность определяется путем постановки биологических проб с малыми дозами.
Мануальды терапия — медицинаның организмнің тірек-қимыл аппаратының патологиясын зерттейтін жаңа саласы. Мануальды терапияның негізгі мақсаты — тірек-қимыл аппаратындағы ауытқуларды қолмен қалпына келтіру. Мануальды медицина тірек-қимыл аппаратына қатысты ауырсыну синдромдарын тудыратын құрылымдарды, яғни бұлшық ет, байланыс (капсулярлы) және буын жүйелеріндегі ауытқуларды биомеханикалық ауытқу ретінде қарастырады, сондай-ақ, емдеу барысында ішкі органдардың сырқатын да ескеріп отырады.
Психотерапия (гр. psyche — жан + therapeia — емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия — кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы. Ондай көмектерді жеке-дара немесе топты формада маман ұйымдастырады. Қазіргі кезде психотерапия адамның, тұлғааралық қатынастың, топтық үрдістердің болмысына байланысты әр түрлі теориялық-әдіснамалық бағыттары — психоаналитикалық, необихевиористік, когнитивтік, гуманистік, нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) және т.б. бар. Психотерапия — психология мен медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды.
Емдік диапазонның жарық толқындары (соллюкс, биоптрон, лазер)
Төмен жиілік тұрақты тоқ (магнитотерапия, электрофорез)
Ингаляциялық рәсімдер
Ультрадыбыс
Электросон ( трансцеребральды электростимуляция)
Массаждың түрлісі: классикалық емдік, механомассаж
апирефлексотерапия
Мануалды терапия
Гидротерапия және т,б кіреді
Психотерапия (гр. psyche — жан + therapeia — емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия — кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы. Ондай көмектерді жеке-дара немесе топты формада маман ұйымдастырады. Қазіргі кезде психотерапия адамның, тұлғааралық қатынастың, топтық үрдістердің болмысына байланысты әр түрлі теориялық-әдіснамалық бағыттары — психоаналитикалық, необихевиористік, когнитивтік, гуманистік, нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) және т.б. бар. Психотерапия — психология мен медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды.
Кез-келген адамның өз ойы, өз таңдауы және өз болашағы бар. Кейбір кезде, адам өз-өзінің жан дүниесін түсіне алмай қиналуы мүмкін. Бірақта, сол маза бермей жатқан проблемаларын басқа адамға ашығымен айтуға батылы бармай жатады, көбіне осыдан кейін адам психологиялық күйзелістерге ұшырай бастайды. Бұл депрессивті жағдайда көмекке келетін психолог пен психотерапевт мамандары. Олар адам жан дүниесіне қалай жол табуды және қандай шаралар қолдануды жақсы біледі.
Сол себепті оңалту барында психотерапия маңызды болып табылады. Ауыр сырқаттан кейін науқастың өмірі күрт өзгеруі мүмкін. Мәселен, науқастың бір аяғына жетел ампутация жасалынуы керек болды. Науқас мұндай жағдайда ақпаратты өзіне қабылдаудың 5 кезеңінен өтеді:
Теріске шығару /сенбеу/
Ашу
Мәміле /үміттену/
Депрессия /күйзеліс/
Жағдайды қабылдау
Емдік дене шынықтыру- науқастың физиологиялық формасын қайта қалпына келтірумен байланысты болады. Бұл дегеніміз, нақасқа дәрігер мен физиотерапевт тағайындаған интенсивті жаттығулар мен денеге емдік процедуралар жасалынады. Науқасқа күнделікті режим орнатылады және сол арқылы дене жағдайы нәтижесі бағаланады. Оларға:
Жеңіл гимнастика және йогалық спорт түрі;
Кроль немесе Брасс стиліндегі суда жүзу;
Қысқа қашықтыққа жүгіру немесе скандинавиялық жүріс;
Бүкіл денелік немесе бір бөліктік массаж түрлері (классикалық, дәстүрлі, емдік);
Бұлшық етті нығайтуға арналған апараттарды қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |