1-тарау. ҚАзақстанда жер қатынастарын реформалау жер меншігі және жерді пайдалану


Оңтүстік Қазақстан Еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Шымкент қалалық жер кадастр филиалы



бет13/29
Дата05.12.2023
өлшемі2,93 Mb.
#134387
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Оңтүстік Қазақстан Еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Шымкент қалалық жер кадастр филиалы

Ақпараттық ағымының жүйесі
(ақпараттарды жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату )




«Халыққа кызмет көрсету» орталығы;
«Салық төлеушілер мен салықтандыру объектілерінің реестрі»;
әкімшіліктер






ЖШС «Шымкент жер кадастр» базасы және басқа да ұйымдар



4-сурет. Шымкент қаласының МЖК ААЖ мен жүйе құраушы мәліметтер базасының өзара байланысы





«жеке тұлға»
ММБ



«заңды тұлға» ММБ



тұрғын халық





«РНиОН»АЖ

Е-акиматтары

МЖК ААЖ мен элекрондық үкімет интеграциясы саласында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді:
- электрондық үкімет веб сайтының жер кадастрлық мазмұнды ақпаратпен жинақталуы;
- «Пайдаланушымен жұмыс» жүйешесінің көмегімен МЖК ААЖ мәліметтер базасындағы ақпараттарға қол жеткізу мен пайдаланылу механизмі өңделіп, сынақтан өткізілді. МЖК ААЖ бұл ақпараттармен «Адресті регистр», «Тұрғындарға қызмет көрсету орталығы», мемлекеттік мәліметтер базасы «Жылжымайтын мүлік регистрін» қамтамасыз етеді;
- ақпараттандыру Агенттігімен өңделіп шығарылатын МЖК ААЖ-ның «Жеке тұлға» және «Заңды тұлға» сияқты мемлекеттік мәліметтер базасы мен интеграциясы жөніндегі жұмыстар жоспарға енгізілген;
- ақпараттандыру Агенттігі мамандарының көмегімен мемлекеттік құжатайналымы жүйесі ендірілуі орын алуда.
Республика аумағында қалыптасып жатқан «Электрондық үкімет» шегінде бағытталған мемлекеттік жер кадастрлық және оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі осындай сипатқа ие және ол келесі мәселелерді шешеді:
- меншік құқығына және жылжымайтын мүлікке басқа да заттық құқықтарды мемлекеттік кепілдемелермен қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;
- жер және басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін есепке алудағы уақытша талап етулерді қысқарту және мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерімен таныстыру;
- салықтық әкімшіліктендіру жүйесінің жоғары жетілуі және салықтандыру мақсатында пайдаланылатын ақпараттардың толықтылығын және айқындылығын қамтамасыз ету;
- ұйымдар мен азаматтарға, сонымен қатар мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары жетілуі.
Қазақстан Республикасының жер кодексі 2003 жыл 20 маусым жер кадастры қағазға түсіріліп жүргізіледі және ақпаратты жинақтаудың, өңдеу мен сақтаудың электрондық жүйелерін пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі №958 «ҚР мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесі» туралы Қаулысы.
Кадастр мәліметтерін есепке алу және сақтау бірлігі болып, тұйық шекарада ерекшелінген, жер қатынастары субъектісінін атынан белгіленген тәртіппен бекітілетін жер учаскісі болып табылады.
Жер учаскесі жөніндегі мәліметтер жер кадастрлық карталарымен сәйкестендіріледі, онда «карта» жер учаскесі нөмері, орналасу мекен-жайы, шекаралар және мәтіндік сипаттамалар көрсетіледі.
Кадастр мазмұны :
- дайындық жұмыстар;
- шығыс мәліметтерін жинақтау мен өңдеу;
- ақпараттық жүйені құру мен жүргізу.
Кадастрдың картографиялық негізі болып жер-кадастрлық карталар саналады, олар жер учаскелерінің сызықтық және аудандық сипаттамаларының өзгерісін енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.
Кадастрды автоматтық түрде жүргізу барысында картографиялық негіз электрондық карта түрінде қалыптасады, ол геоақпараттық технологиялар мен қағаз түріндегі көшірмелер шығаруды пайдаланылады.
Егер жер учаскесінің белгіленген шекаралары және оған жер кадастырлық ісі жүргізілсе ол толық қалыптасқан болып саналады.
Жер кадастырлық іс – жер учаскесінің қалыптасу жөніндегі іс, онда жер учаскесі жөніндегі құжаттамалар орын алады.
Қалыптасқан жер-кадастрлық іс жер-кадастрлық кітапқа жер учаскесі жазбаларын енгізуге негіз болады.
Жерлердің жер-кадастрлық картасы жер учаскелерінің мекен-жайын, мөлшерін және шекараларын көрнекті көрсету, оларды біріктіру және бөлу кезіндегі өзгерістерді есепке алу мақсатымен құрылады және жүргізіледі.
Кадастр қағаз жүзінде және ақпараттарды жинақтау, өңдеу және сақтау электрондық жүйелерін пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.
Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мамандандырылған программалық-техникалық кешендер базасына негізделіп, қалыптасады.
Жер-кадастрлық құжаттама келесі талаптарға сай болуы қажет:
бланкінің бекітілген үлгісін қолданып,келесі мәліметтермен толтырылуы керек (орган, мекеме, ұйым атауы, олар шығарған құжат мерзімі,номері,құжат алушының тапсырысы);
жер учаскелер шекараларының жоспарлары (сызбалары) Жер ресурстарын басқарудың орталық атқарушы органымен бекітілген техникалық талаптарға сәйкес орындалуы қажет.
43 тармақ. Кадастр мәліметтерін пайдаланушылар төмендегідей:

  • мемлекеттік басқару органдары – аумақтың даму сұрақтары бойынша, жерлерді аймақтау, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану жөніндегі бағдарламасы және де басқа жер ресурстарын басқару жөніндегі мәселелері бойынша;

  • жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу құқықығы саласындағы құзыретті органдар және олармен мәміле жасау;

  • мемлекеттік статистика саласындағы органдар;

  • құрылыс және басқа да объектілерге тапсырыс берушілер – құрылыс жүргізу үшін берілетін жер учаскілерін таңдау және ұсыну сұрақтары бойынша;

  • жобалық-іздестіру, ғылыми-зерттеу ұйымдары – жобалық іздестіру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін шығыс мәліметтерін алу жөніндегі сұрақтар;

  • сәулеттік, қала құрылыс бағытындағы құзырлы органдар;

  • мемлекеттік қала құрылыс кадастрі, қала құрылыс және басқа да құжаттамаларды өндеу және жүргізу жөніндегі сұрақтары;

  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзырлы органдар;

  • тәбиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаның жағдайына бақылау жүргізу табиғатты қорғау шараларын өндеу сұрақтары бойынша;

  • салық қызметі органдары – жер салығын есептеу сұрақтары бойынша;

  • басқа да жеке және заңды тұлғалар.

Белгілі жер учаскесі жөніндегі кадастрлық мәліметтер қағаз және магнитті сақтағыштар түрінде және жер учаскілерін жергілікті жері бойынша есепке алу жөніндегі техникалық және телекомунникациялық құралдарын қолдану мен кадастр мәліметтер банкісіне санкция арқылы кіру жолы түрінде болады. Жер учаскелері жөнінде кадастрлық мәліметтер жер кадастрлық карталармен (жоспарлармен) сәйкестендіріледі.
Мемлекеттік құпиясы жоқ және басқа да шектеулері жоқ кадастрлық мәліметтер жалпыға ортақ және қызығушылық танытқан жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі.
Мемлекеттік органдарына кадастр мәліметтерін ұсыну ақысыз негізде болады. Кадастр мәліметтеріне кіру режимінің бұзылуы немесе жалған ақпараттарды ұсыну заң актілерінде көзделген жауапкершілікке тартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет