1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысын талдаңыз



бет36/73
Дата25.05.2023
өлшемі224,01 Kb.
#97647
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73
Байланысты:
Сессия тарих

44. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысын талдаңыз
1868 жылы желтоқсан айында Орал және Торғай облыстарында патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы көтеріліс басталды. Ол 1869 жылдың қазан айына дейін созылды. Қазақтар көтерілісінің басты себебі 1867-1868 жылғы уақытша ережелер болатын.
1869 жылы көктемде көтерілісшілердің қарулы жасақтары казак әскери бөлімдеріне қарулы қарсылық көрсетіп, реформаны жүзеге асыру үшін келген үкімет комиссиясына ашық наразылығын білдірді. Бұл көтерілісті Ембі өзені бойындағы аймақты мекендейтін қазақ руларының ықпалды көсемдері Сейіл Түркебайұлы мен Беркін Оспанұлы басқарды. Қазақтардың қарулы қарсылығын басу үшін Мәскеу Петербург Харьков , қазан әскери округтері мен жазалаушы әскери бөлімдері жіберілді.
1869 жылдың наурыз-маусым аралығында көтерілісшілер билер мен болыстардың және старшындарының ауылдарына үш мыңға жуық адамның қатысуымен 41 рет шабуыл жасалады.
Көтерілістің кең етек алып кетуінен сескенген патша үкімет оны басу үшін нақты іс-әрекеттерді талап етті. Жазалаушы экспедицияны Орал облысының губернаторы Н.А. Веребкиннің өзі басқарды. Ол басқарған әскери бөлімдерде 1700 астам адам болды. Осы әскери экспедицияның нәтижесінде көтеріліс жаншылды. Көтерілістің негізгі күші қазақ шаруалары болды
1870 жылы наурызда Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс басталды. Көтерілістің негізгі себебі патша үкіметінің әкімшілік-аумақтық реформалары болды. Ал көтерілістің шығуына түрткі болған Маңғыстау приставы подполковник Рукиннің «Уақытша ережеге» сәйкес бекінсітер салынған Ембі өзені бойындағы жайылымдарды адай руларының пайдалануына тыйым салу әрекеті еді. Бозашы түбегіндегі көтерілісті Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы басқарды. 1870 жылы 15 наурызда пристав Рукин 4 зеңбірекпен қаруланған казак әскерімен Күріп аймағында адай руларының жайлауға көшуін тоқтатуға әрекет жасады. 22 наурызда оған жауап ретінде қазақ жасақтары казак әскерін қоршап алып, талқанжап жіберді. Бұл шайқаста жарақат алған полковнк Рукин өзін-өзі атып өлтірді. Казак әскери бөлімінің талқандалуы туралы хабар азаттық қозғалыстың белгісі болды. Көтерілісшілерді Каспийдегі балық және тұз кәсібіндегі жұмысшыларда қолдады. Көтерілісшілердің саны 10 мыңға жетті. Мамыр айында Кавказдан Маңғыстауға Апшерон полкінің батальоны, 2 атқыштар ротасы, желілік батальонының 2 ротасы, Дағыстан полкінің 4 ротасы, Терск казактарының 200 төрт зеңбірекпен жеткізілді. Мұндай әскери күшке қару-жарағы нашар қазақ жасақтары төтеп бере алмайтын еді. Көтеріліс басшылары И.Тіленбайұлы Д.Тәжіұлы өздерін жақтаушы ауылдарымен 1870 жылы желтоқсанда Хиуа хандығының аумағына өтіп кетті. Көтеріліс басылганнан кейін адай руына 90 мың қой көлемінде соғыс шығынын өтеу үшін салық (контрибуция) салынды. Ресей үкіметі бұл «жағдайды Маңғыстау түбегіндегі тыныштық орнату мен жазалау емес, керісінше қайтадан басып алу» жорығы болғанын мойындады. 1873 жылы Маңғыстау қазақтары қайтадан көтеріліс жасады. Бұл жолы ресей үкіметі оларды Хиуа жорығына арналған түйелерін тартып ала бастаған еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет