1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


-шы жылдардың екінші жартысындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ауыр ахуалы туралы баяндаңыз



бет33/73
Дата25.05.2023
өлшемі224,01 Kb.
#97647
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   73
Байланысты:
Сессия тарих

38. 1930-шы жылдардың екінші жартысындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ауыр ахуалы туралы баяндаңыз.
Техникалық жағынан түбірлі қайта жарақтандыру негізінде ауыл шаруашылығын қайта құруға бағыт алу 30-жылдардың қарсаңында қажеттілікке айналды. БК (б) П XVсьезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алуды жариялады. Алайда Қазақстанда ұжымдастыру елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда баяу жүргізілуі тиіс деген пікірге Ф.И.Голощекин мүлде қосылмады. Осы ұжымдастыру кезінде бірнеше қателіктер жасалынды. 1-шіден ұжымдастыру өз еркімен емес, күшпен, әкімшілік әдіспен жүргізілді. Колхозға кірмегендерді барлық жағынан қыспаққа алды. Кіруден бас тартқандарды салықтармен, жер-су жайылымдармен қыста, бай-кулак деп тәркілейміз деп қорқытты. 2-шіден қазақтың киіз үйлерін бір жерге жинап, көше көше етіп орналастырмақ болды. Бір жерге топтасқан халықтардың малдары сол жердегі жем-шөп біткенде жаппай қырылды. 3-шіден ұжымдастыруды мемлекетке ет дайындау науқанымен қоса жүргізді. Ет дайындау міндетін орындамағандар қатал жазаланды. Егін екпейтін көшпелі шаруалардан астық салығын алды. Осы сияқты қателіктер қазақ халқына ауыр зардаптар алып келді. Солардың бірі 1931-1933 жылдардағы қазақ жеріндегі ашаршылық. Осы кезеңде қаншама халық аштықтан көз жұмды. Жейтін азық таппаған адамдар тіпті өлген адамдарды жеп күн көрген. Және де осы ашаршылықтын нәтижесінде Қазақстан 2 миллионнан астам халқынан айырылған.

39. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі туралы жазыңыз
Қоқан қаласын большевиктер жаулап алып, Түркістан (Қоқан) автономиясын құлатуына байланысты Мұстафа Шоқай шет елге эмиграцияға кетуге мәжбүр болады. Шетелдік эмиграция жылдарында көптеген қиыншылықтарды жеңе отырып, ол кең ауқымды, терең мазмұнды саяси күрес жүргізді. А.Керенскийдің «Дни» және П.Милюковтың «Последние новости» газеттерінде қызмет атқарды. 1927 жылдан Зәки Уәлиди Тоғанның редакторлығымен Парижде шығып тұрған «Иени Түркістан» журналына атсалысып, «Туркестан милли бирлиги» («Түркістан ұлттық бірлігі») ұйымына жетекшілік етті. Эмиграцияда жүрген түркі-мұсылман халықтарының Ә.Топчибашев және Г.Исхаки секілді өкілдерімен жиі араласып, пікірлес болды. Оларды Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарын азаттыққа жеткізуде күш біріктіре әрекет етуге үндеді. 1929 жылы «Яш Туркестанда» Түркістан халқының мәдениеті, кеңестік биліктің бұл өлкедегі саясаты және 2-дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар, т.б.тақырыптарда зерттеу мақалаларын жазды. 1940 жылы Парижге неміс әскері кіргенде, Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып, бірнеше ай концлагерьде отырып шығады. 1941 жылы Мұстафа Шоқай Берлиндегі «Виктория» ауруханасында күмәнді жағдайда көз жұмып, қаладағы мұсылмандар зиратына жерленді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет