Шараның мақсаттары: 1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруді меңгерту,сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту;
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,ауызша,жазбаша сөздік қорларын дамыту;монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру;отаншылыққа,мемлекеттік тілге деген құрметке,көптілді маман болуға тәрбиелеу,тілдің үштұғырлығын насихаттау.
Шараның әдісі: жеке сұрақ-жауап,сөз құрау,жұмбақ шешу,тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог),мақал толықтыру,сауатты жазу,тест сұрақтарына жауап беру,
Шараның түрі: сайыс
Шараның көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар,таблица, сабақтың эпиграфы жазылған плакат,сөзжұмбақтар,тестік тапсырмалар, Ы.Алтынсариннің портреті мен сөздері.
Шараның эпиграфы: Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
Шараның барысы: 1.Кіріспе. -Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу.
Бүгінгі біздің шарамыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің білгірін анықтау.Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. «Сайыс» сөзіне синоним тапсақ, «жарыс», «турнир» деген мағына береді. Сайысқа әр сыныптан 6 оқушыдан қатысады.Тапсырма саны-9,әр кезең сайын бір оқушы (аз ұпай жинаған) сайыстан шығады. Соңғы кезеңге 2 оқушы шығады, солардың арасынан жеңімпаз анықталады. Біздің сайысының әділ қазылар алқасылары болады. Олар, осы сайысының кезеңдеріне дұрыс жауаптар берген оқушылардың ұпайларын бақылап қосады да, соңында жеңімпаз оқушыны анықтап, марапаттайды.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады: