Екі енеге тел бҧлт.
Абылқасымов Б. Телқоңыр. Алматы, 1993.
132
Арша басын айыра соқ,
Тобылғы басын толғай соқ,
Атан тҥйе жыға соқ,
Ат бауырынан ҿте соқ!
Ҥзеңгіні тебе соқ,
Мҿңкі байды баса соқ,
Қошқарбайды қоса соқ!
Тҥрлі таудан тау қойма,
Тҧнық судан су қойма
1
,–
деген жолдардың бҥтін сап қҧрап, ҧйымдасуында «бҧлт» сҿзінің (жетінші
жолдан бастап жасырын қалуына қарамастан) ҧйытқы болып тҧрғаны
байқалады. Дҽлірек айтқанда, ол тармақ қатарларының синтаксистік
параллелизм негізінде
жымдасуына себебін тигізіп, тирада пішінінің
айқындалуына ықпалын жасаған. Семантикалық тҧрғыдан алғанда
синтаксистік параллелизм арбауда айтылатын магиялық тілектерді ҥдете,
ҿсіре тҥсу ҥшін ҿте-мҿте қажет.
Қоғалы кҿлдер қҧрыды,
Қҧба жондар шҿлдеді,
Қара сабам қаусады,
Сары аяғым саусады.
Қасымнан қараң-қараң кетті ғой,
Маңдайымнан ащы шуақ ҿтті ғой
2
, –
деген тармақтарда синтаксистік параллелизм арқылы қҧрғақшылықтың
запыран
зары бейнеленген, бір типті ҧқсас жағдайларды қабаттастыра,
ҧйыстыра, жарыстыра суреттеу арқылы қҧрғақшылық панорамасы жасалған.
Жауын шақырған сҿз ҥлгілері ҥнемі тирада пішінді келеді, 7-8
буынды
жыр ҿлшеміне қҧрылады, кейде буын санының асып кету, кем қалу реті де
кезігеді. Осы соңғы ерекшелік жҽне синтаксистік
параллелизмнің мол
қолданылуы жауын шақыру сҿздерінің кҿнелік белгілерін танытады. Қҧрт
шақыру, жылан, бҥйі арбауларындағыдай мҧнда да «тҥсініксіз сҿздер»
поэтикасы елеулі рҿл атқарады. Мҽселен:
Ербек-сербек бай атай,
Еркек қана кҥрең тай,
Тері тоқым мар тҧрғай,
Қай тҧрғай
3
, –
дегеннің лексикалық тҧрғыдан жауын шақыруға пҽлендей қатысы
болмағанмен, арбаушы (жауын шақырушы) оған магиялық мҽн береді, бҥкіл
1
Абылқасымов Б. Телқоңыр. Алматы, 1993. 79-80-б.
2
Сонда. 80-б.
3
Сонда. 80-81-б.
133
мҽтіннің ҽсер етушілік кҥші осы «тҥсініксіз сҿздерге» келіп тіреледі. Суға
салынған жай тасына ҽлгі сҿздердің жҧмбақ сыры қосылып, аспанға бҧлт
қаптатып, нажағай ойнауы керек.
Сонымен, қазақтағы арбау сҿздерін айту арқылы жауын шақыру ғҧрпы
екі тҥрлі орындалады:
а) Тасаттық беру арқылы (ҧжымды тҥрде);
ҽ) Жай тасын қолдану арқылы (дара тҥрде).
Этнографиялық терминология бойынша табиғаттан тысқары кҥштердің
рақымын тҥсіру ниетінде орындалатын ғҧрыптар жиынтығы пропицация
немесе мейірімдендіру культі (умилостивительный культ) деп атайды.
Тасаттық беру салты да осы культке қатысты. Оның тҥпкі
негізі
мҧсылмандықтан да, шамандықтан да арғы дҽуірлердегі анимистік
тҥсініктерге алып барады. Ал, жай тасы арқылы жауын шақыру магиялық
ғҧрыпқа жатады. Қай ҽдет-ғҧрып болса да, бізге ҿзінің ҽу бастағы қалпын
сақтап, жетпеген. Сондықтан да қазақтың жауын шақыратын ҽдет-ғҧрып
кешенінде кҿп жағдайда магиялық,
анимистік, шамандық жҽне исламдық
салттар бас қосып, қабысып кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: