1-вариант география



бет4/86
Дата31.10.2022
өлшемі4,36 Mb.
#46393
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
4-вариант
ГЕОГРАФИЯ

1. Жер бетінің табиғаты, халқы және оның шаруашылық әрекеті туралы ғылым :
A) топография
B) гидрология
C) геология
D) картография
E) география

2. Салыстырмалы биіктікті анықтайтын құрал.
A) Нивелир.
B) Буссоль.
C) Анемометр.
D) Сейсмограф.
E) Метр.

3. Жердің су қабығы:
A) Литосфера.
B) Атмосфера.
C) Биосфера.
D) Гидросфера.
E) Ионосфера.

4. Халықтың саны жөнінен 1- орын алатын ел :
A) Үндістан
B) АҚШ
C) Қытай
D) ГФР
E) Аустралия

5. Мұхит ағыстарының тууына ... себепші:
A) Тұрақты желдер
B) Ауа температурасы
C) Ауа қысымы
D) Ауа массалары
E) Жауын шашын

6. Қылқан жапырақты, ірі жыртқыштар мен жұп тұяқтылар кездесетін табиғат зонасы:
A) Аралас орман.
B) Орманды тундра.
C) Тундра.
D) Дала.
E) Тайга.

7. Антарктида ежелгі қай материктіњ қ±рамында болды
A) Еуразия
B) Антарктида
C) Лавразия
D) Гондвана
E) Америка

8. Адам қай қабықтың бөлігі?
A) Биосфераның.
B) Табиғат компонентінің.
C) Табиғат кешенінің.
D) Литосфераның.
E) Гидросфераның.

9. Қазақстан Ғылым Академиясының Тұңғыш Президенті, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты.
A) Қаныш Сәтбаев.
B) Шоқан Уәлиханов.
C) П.П. Семенов-Тян-Шанский.
D) И.В. Мушкетов.
E) Әл-Фараби.

10. Алюминий зауыты бар қала :
A) Ақтау
B) Көкшетау
C) Зырян
D) Павлодар
E) Жезқазған

11. Ауа райы болжамы жасалатын карта.
A) Топырақ картасы.
B) Синоптикалық карта.
C) Физикалық карта.
D) Ауа температурасы және жауын-шашын картасы.
E) Циклон және антициклон қозғалысы картасы.

12. Ертіс өзенінің бастауындағы атауы.
A) Сары Ертіс.
B) Қызыл Ертіс.
C) Ақ Ертіс.
D) Көгілдір Ертіс.
E) Қара Ертіс.

13. Қаратопырақ Қазақстанның …
A) орталық бөлігінде.
B) батыс бөлігінде.
C) солтүстік бөлігінде.
D) шығыс бөлігінде.
E) оңтүстік бөлігінде.

14. Қазақстан территориясындағы Батыс Сібір жазығының ірі көлдері.
A) Сілеті, Алакөл.
B) Марқакөл, Қапшағай.
C) Зайсан, Балқаш.
D) Алакөл, Балқаш.
E) Құсмұрын, Сілеті.

15. Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан облыс.
A) Алматы.
B) Жамбыл.
C) Қарағанды.
D) Оңтүстік Қазақстан.
E) Қызылорда.

16. Комбинат дегеніміз ...
A) шаруашылық салалары мен өндірісті орналастыру.
B) орталыққа бағындырылған, технологиялық процестері біріктірілген кәсіпорындар тобы.
C) пайдалы қазбалардың кен орнын барлау, өндіру және байыту кешендері.
D) жоғары өнім беретін кәсіпорын.
E) шаруашылық салалары арасындағы байланыс.

17. Дүние жүзі елдері бойынша жер көлемі жөнінен Қазақстанның алатын орны:
A) Он жетінші.
B) Қырық тоғызыншы.
C) Тоғызыншы.
D) Төртінші.
E) Елу бірінші.

18. Балқаш мыс комбинаты ... кен орындарының рудаларымен жұмыс істейді.
A) Саяқ, Қаражал.
B) Қоңырат, Саяқ.
C) Жезқазған, Саяқ.
D) Қоңырат, Қаратау.
E) Николаев, Кентау.

19. Жоғарғы вольтты аппаратура шығаратын зауыт
A) Өскеменде.
B) Қарсақпайда.
C) Семейде.
D) Шымкентте.
E) Ақтауда.

20. Күнбағыс майын шығару орталығы:
A) Астана.
B) Павлодар.
C) Орал.
D) Өскемен.
E) Семей.

21. Қазақстандағы богарлық (тәлімі) әдіспен егілетін егіс түрі:
A) Мақта.
B) Кендір.
C) Күздік бидай.
D) Күріш.
E) Темекі.

22. Көліктің бірнеше түрі тоғысып, өзара жүк алмасатын пунктер:
A) Порттар.
B) Бірыңғай көлік жүйесі.
C) Көлік тораптары.
D) Магистральдар.
E) Көлік кешені.

23. Семей, Өскемен, Зыряндағы ЖЭС-ның отын көзі:
A) Шудан.
B) Екібастұздан.
C) Зайсаннан.
D) Қарағандыдан.
E) Кендірліктен.

24. Қоғамның табиғатқа «қысымы» кенет артқан ғасыр:
A) XIX ғ.
B) XV ғ.
C) XVII ғ.
D) XVI ғ.
E) XX ғ.

25. Бала саны басым елдер.
A) АҚШ, Мексика.
B) Швеция, ФРГ.
C) Эфиопия, Қазақстан.
D) Италия, Жапония.
E) Үндістан, Қытай.

26. Өнеркәсіптің салалық құрылымында бүкіл өнімнің 9/10 бөлігін беретін:
A) Өңдеуші салалар.
B) Тау-кен өнеркәсібі.
C) Ауыл шаруашылығы.
D) Көлік.
E) Химия өнеркәсібі.

27. Еyропаның “орман цехы”:
A) Германия.
B) Исландия.
C) Швеция.
D) Австрия.
E) Ұлыбритания.

28. Африканың ірі қаласы:
A) Лагос.
B) Каир.
C) Александрия.
D) Абужда.
E) Асуан.

29. Латын Америкасындағы "жасыл революцияның " негізін салушы:
A) Мексика.
B) Перу.
C) Аргентина.
D) Бразилия.
E) Эквадор.

30. Жүн өндіруден дүниежүзінде 1-ші орындағы мемлекет:
A) Үндістан.
B) Австралия.
C) Қытай.
D) Жапония.
E) Жаңа Зеландия.





5-вариант
ГЕОГРАФИЯ

1. Кез- келген нүктенің меридианнан қашықтығы
A) географиялық ендік
B) меридиан
C) параллель
D) градус торы
E) географиялық бойлық

2. Не қыраты, не ойпаты жоқ жазық қалай аталады?
A) қырат.
B) тегіс.
C) төмен.
D) біркелкі.
E) түзу.

3. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал:
A) Барометр.
B) Психрометр.
C) Изобар.
D) Термометр.
E) Нивелир.

4. Мұхиттық аралдардың халқын зерттеген ғалым
A) Ф. Нансен
B) Р. Амундсен
C) Н. Миклухо-Маклай
D) Н. Пржевальский
E) Р. Пири

5. Көлемі жөнінен екінші материк :
A) Оңтүстік Америка
B) Еуразия
C) Африка
D) Солтүстік Америка
E) Аустралия

6. Өтпелі зонаны атаңыз:
A) тропиктік зона.
B) орманды тундра зонасы.
C) шөл зонасы.
D) дала зонасы.
E) орман зонасы.

7. Монголоидтардың ...
A) терісінің түсі сары, шашы тік ашық түсті, көзі қысыңқы, бет сүйегі шығыңқы.
B) терісінің түсі ашық, шашы толқынды, тік.
C) терісінің түсі сары, шашы тік ашық, көзі жасыл.
D) терісінің түсі қара, көзі ашық.
E) терісінің түсі сарғыш, шашы бұйра, көзі ашық.

8. Оњт‰стік Америкадаѓы аса ірі ойпат:
A) Ла-Плата
B) Патагония
C) Ориноко
D) Амазонка
E) Бразилия

9. Қазақстанның теңіз деңгейінен төмен жатқан жері.
A) –400 м.
B) –120 м.
C) –132 м.
D) –130 м.
E) –126 м.

10. Екібастұз көмірінің басты қолдану бағыты:
A) Қостанайға тасымалдайды
B) Химия өнеркәсібінде пайдаланады
C) Атырауға тасымалдайды
D) ЖЭС, МАЭС-да жағылады
E) Металлургия өнеркәсібіне пайдаланады

11. Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысы.
A) Шағылған радиация.
B) Жұтылған радиация.
C) Шашыранды радиация.
D) Тура радиация.
E) Жиынтық радиация.

12. Тұран ойпатында жатқан көл :
A) Каспий.
B) Алакөл.
C) Теңiз .
D) Зайсан.
E) Арал.

13. Топырақтың құнарлығын арттыру:
A) Эррозия.
B) Денудация.
C) Мелиорация.
D) Ағаш отырғызу.
E) Қар тоқтату.

14. ... Тұран плитасының қиыр солтүстігінде орналасқан.
A) Сарыарқа.
B) Қызылқұм.
C) Мұғалжар.
D) Бетпақдала.
E) Торғай үстірті.

15. Қоршаған орта туралы ғылым.
A) Экология.
B) Биология.
C) Метеорология.
D) Геология.
E) Зоология.

16. Қала халқының үлес салмағы ... көрсеткіші
A) өндіріс құралдарының
B) индустрияландырудың
C) еңбек тиімділігінің
D) жастардың
E) ұлттық құрамының

17. Республиканың негізгі отын түрі.
A) Газ.
B) Көмір.
C) Шымтезек.
D) Тақтатас.
E) Ағаш.

18. Қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ірі орталықтары:
A) Зырян, Семей.
B) Қарағанды, Лениногорск.
C) Шымкент, Алматы.
D) Лениногор (Риддер), Өскемен.
E) Павлодар, Астана.

19. Мамандандыру мен кооперативтендіру кең тараған өндіріс саласы.
A) Ауыл шаруашылығы.
B) Машина жасау.
C) Тамақ өнеркәсібі.
D) Металлургия.
E) Көлік.

20. Темекі өсірілетін облыс:
A) Жамбыл.
B) Маңғыстау.
C) Қарағанды.
D) Қызылорда.
E) Алматы.

21. Биенің сүті:
A) Айран.
B) Шұбат.
C) Қымыран.
D) Қымыз.
E) Ірімшік.

22. Торғай алабының темір рудасын игеру мақсатында салынған жол:
A) Атырау-Октябрь-Орск.
B) Жезқазған-Жарық.
C) Балқаш-Саяқ.
D) Қостанай-Тобыл-Лисаковск.
E) Есіл-Арқалық.

23. Солтүстік Қазақстандағы кондитер фабрикасы.
A) Арқалықта.
B) Астанада.
C) Қостанайда.
D) Петропавлда.
E) Павлодарда.

24. Мемлекет басшысы король, император, т.с.с болып келетін басқару түрі.
A) Монархия.
B) Теократия.
C) Әмірлік.
D) Федерация.
E) Республика.

25. Мұнай өндірудің көп бөлігі … үлесіне тиеді.
A) Азия елдері
B) Еуропа елдері
C) Латын Америкасы елдері
D) дамушы елдер
E) дамыған елдер

26. Урбандалудың жоғарғы деңгейі:
A) Мегалополис.
B) Агломерация.
C) Экономикалық аудан.
D) Ауыл.
E) Қала.

27. Табиғат ресурстарының барлық түрлері бар елдер:
A) Индонезия, ОАР.
B) Бутан, Бразилия.
C) Монғолия, Непал.
D) Канада, Кувейт.
E) Қытай, Ресей.

28. Жоғарғы Силезия ... өнеркәсіп ауданы.
A) Словакияның
B) Болгарияның
C) Польшаның
D) Литваның
E) Чехияның

29. Жер көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзінде нешінші орында:
A) 4-ші орында.
B) 3-ші орында.
C) 2-ші орында.
D) 6-ші орында.
E) 5-ші орында.

30. Латын Америкасындағы ОПЕК-ке мүше ел:
A) Бразилия.
B) Венесуэла.
C) Колумбия.
D) Перу.
E) Аргентина.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет