1. XIX ғ. Неміс классикалық философиясының ерекшелігі. И. Канттың философиялық ЖҮйесі


Кант өзінің шығармашылығының «сыншыл» кезеңінде ақыл ойдың іс-әрекеттігі туралы, таным, логика, этика, әлеуметтік философия мәселелерін қарастырды



бет3/8
Дата30.09.2022
өлшемі29,57 Kb.
#40922
1   2   3   4   5   6   7   8

Кант өзінің шығармашылығының «сыншыл» кезеңінде ақыл ойдың іс-әрекеттігі туралы, таным, логика, этика, әлеуметтік философия мәселелерін қарастырды.

Канттың «Таза парасат сыны» еңбегінде таным теориясы, логика және диалектика қарастырылса, «Практикалық парасат сыны» еңбегінде мораль, адамгершілік мәселелері көтеріледі.

Кант «Таза парасатқа сын» еңбегінде таным үдерісіне ерекше көңіл бөліп, оның қайшылықтарын ашып, адамның таным қабілетін үшке бөлді: сезімдік, пайымдаушылық, парасаттылық. Философия тарихында таным үдерісін бұлай бөлу Н. Кузанский философиясында орын алғаны белгілі. Бірақ, Кант өзіне дейін таным үдерісінде орын алып келген эмпиризм мен рационализмнің тар өрістілігінен шығуға тырысты.


И. Канттың шығармашылық қызметі «сынға дейінгі» және «сыншыл»

деп екі кезеңге бөлінеді.
«Сыншыл» кезең өзінің атауын үш фундаменталды еңбектермен байланыстырды:
«Таза парасат сыны», «Практикалық парасат сыны», «Пайымдау қабілетінің сыны».

И.Канттың басты идеясы — АГНОСТИЦИЗМ немесе адамның қоршаған ортаны
тануының мүмкін еместігі («Тазар ақылға сын»);
Адамның қоршаған ортаны тануының мүмкін еместігінің себебі — адам
санасының таным мүмкіндіктерінің шектеулілігі;
Парасаттың адам, әлем және құдай мәселелерін тануда шешілмейтін қайшылықтарға
немесе «ПАРАСАТТЫҢ АНТИНОМИЯЛАРЫНА» кездеседі.
Парасаттың бірнеше АНТИНОМИЯСЫ бар.
БІРІНШІ АНТИНОМИЯ «Кеңістіктің шектеулілігі».
«Дүние уақыт пен кеңістік жағынан шексіз және шетсіз. Дүние уақыт пен кеңістік
жағынан шектеулі, шекті». Бұл антиномияның мәні – бүкіл әлемді білу және оны тану
мүмкін емес. Сондықтан парасат өзінің әлемді тануға ұмтылысында дәрменсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет