10 сыныптыњ геометрия сабаѓы



бет4/6
Дата24.11.2022
өлшемі99 Kb.
#52244
1   2   3   4   5   6
А

В

С

D

Е

F
ең бүйірлі АВСD трапециясының АD үлкен табаны арқылы α жазықтығы жүргізілген. Егер трапецияның табандары 10 және 20 см, ВС қабырғасы α жазықтығынан 12 см қашықтықта, ал трапецияның биіктігі мен бүйір қабырғасының проекцияларының арасындағы бұрыш 450 болса, трапецияның ауданын табу керек (есептің сызбасы экранға шығады).

Бер: АВСD-тең бүйірлі трапеция,
AD = 20 см, BC = 10 см,
[AD] , [BC] , [CE], CE = 12 см,
[CF] – ABCD-ның биіктігі,
[EF] – [CF]-тің проекциясы,
[ED] – [CD]-нің проекциясы,
DEF = 450.


Табу керек: SABCD.
Шешу барысы:
Сұрақ: CF биіктігінің ұзындығын қалай табуға болады?
Жауап: CEF тік бұрышты үшбұрышын қарастырамыз, мұндағы Е = 900.
CF – осы үшбұрыштың гипотенузасы. Ендеше, ең алдымен EF катетінің ұзындығын тауып алу керек.
Сұрақ: EF ұзындығын табу үшін не істеу керек?
Жауап: Ол үшін EFD үшбұрышын қарастырамыз. [CF][AD] болғандықтан, EFD – тік бұрышты үшбұрыш, үш перпендикуляр туралы теорема бойынша [EF][AD],EFD = 900, DEF = 450, осыдан EDF = 450 екендігі шығады. Олай болса, EFD – тең бүйірлі тік бұрышты үшбұрыш, мұндағы EF = FD. FD = (AD - BC)/2 = 5 (см), яғни EF = 5 см.
Осыдан (см). Мәндерін орындарына қойып, табатынымыз (см2). Жауабы: 195 см2.


4. Мұғалімнің бақылауымен оқушылардың өзіндік жұмыс істеуі


Мұғалім: Ал қазір шағын тестілік тапсырмаларды орындай отырып, кейбір тұжырымдардың дұрыс-бұрыстығын анықтап көрейік. Мен түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығына байланысты кейбір тұжырымдамаларды айтып шығамын, ал сіздер олардың дұрыс-бұрыстығын «+» немесе «-» таңбалары арқылы сәйкес сұрақтың тұсына қойып, белгілеп отырасыздар (сұрақтар экраннан көрініп тұрады, мұғалім оларды дауыстап оқиды):
1) Бір жазықтыққа параллель екі түзу перпендикуляр болады (Бір жазықтыққа перпендикуляр екі түзу параллель болады) деген дұрыс па? (жақша ішінде 2-нұсқаның тапсырмалары берілген)
2) Жазықтыққа перпендикуляр түзу осы жазықтықтағы түзумен айқас (Жазықтыққа перпендикуляр түзу осы жазықтықтағы түзуге параллель) бола ала ма?
3) Егер түзу жазықтықтың екі түзуіне перпендикуляр болса, ( Егер түзу жазықтыққа параллель екі түзуге перпендикуляр болса), онда ол жазықтыққа перпендикуляр болады деген дұрыс па?
4) Айқас екі түзу бір жазықтыққа перпендикуляр (Қиылысатын екі түзу бір жазықтыққа перпендикуляр) бола ала ма?
5) Өзара перпендикуляр үш түзудің кез келгені былайғы екеуінің жазықтығына перпендикуляр (Кеңістіктегі үшінші бір түзуге перпендикуляр екі түзу параллель) болады деген дұрыс па?
6) Бір түзуге перпендикуляр екі жазықтық (Екінші бір түзуге перпендикуляр түзу мен жазықтық) қиылыса ала ма?
7) Бір нүктеден жүргізілген перпендикулярдың ұзындығы көлбеудің проекциясының ұзындығынан кем (Бір нүктеден жүргізілген перпендикулярдың ұзындығы көлбеудің ұзындығынан кем) болады деген дұрыс па?
*(Жауаптары экраннан көрінеді)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет