10 сыныптыњ геометрия сабаѓы



бет3/6
Дата24.11.2022
өлшемі99 Kb.
#52244
1   2   3   4   5   6
Мұғалім: Ал енді бәрімізге жақсы таныс А...D1 кубының сызбасында мына типтегі есептердің шығарылуында жоғарыда айтылған тұжырымдамалардың қалай қолданылатынын байқайық: кубтың параллель жақтарының диагональдары арқылы өтетін қима жазықтық түрін анықтау (экраннан көрсету: А1В диагоналі АВСD жазықтығына көлбеу, АВ кесіндісі – осы көлбеудің проекциясы, ВС кесіндісі көлбеуге перпендикуляр, яғни А1ВСD1 қима жазықтығы тік төртбұрыш болып шығатынын оқушылар түсіндіреді).
Енді кейбір есептерді қарастырайық. Алдымен оқулықтағы № 110 есептің талқыламасын есімізге түсірейік (экраннан талқылау ізімен есептің сызбасы және шешу жолы көрсетіліп отырады):

Бер: (АВС)-тең қабырғалы үшбұрыш
жазықтығы,
[OC] (ABC),
P [AB],
AP  = BP,
Д/к: [OP] [AB].


Дәлелдеу барысы.

Сұрақ: АВ түзуі ОР көлбеуіне перпендикуляр болу үшін қандай шарт орындалу керек?



Жауап: Ол үшін ОР көлбеуінің жазықтықтағы проекциясы РС-ға АВ түзуінің перпендикуляр екенін көрсетуімізге болады.
Сұрақ: Не себепті АВ мен РС перпендикуляр болады?
Жауап. АВС үшбұрышы тең қабырғалы болғандықтан және РС оның медианасы болғандықтан, ол әрі биссектрисасы, әрі биіктігі болады.
Сұрақ: Кеңістікте осы сызба бойынша РС тағы қандай қасиетке ие болады?
Жауап: Ол сонымен қатар ОР көлбеуінің (АВС) жазықтығындағы проекциясы болады.
Сұрақ: Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады?
Жауап: Үш перпендикуляр теоремасы бойынша АВ түзуі ОР көлбеуіне де перпендикуляр болады.


Мұғалім: Үш перпендикуляр туралы теореманың қолданылуына келесі тапсырма мынандай:


2-тапсырма (экраннан есептің шарты көрінеді):
Тік бұрышты үшбұрыштың катеті мен гипотенузасы сәйкесінше 12 және 15 см-ге тең. Берілген нүктеден үшбұрыш қабырғаларына дейінгі қашықтық 5 см. Берілген нүктеден үшбұрыш жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңдар.
(экранға сызбасы және шарты символдармен жазылып түсіріледі).



Бер: АВС – тік бұрышты
үшбұрыш,
АС= 12см, AB= 15см,
D (ABC), [DO]  (ABC),
[DK]  [AC],
[DF]  [ВC],
[DE]  [AB],
DK= DF= DE= 5см.
Т/к: DO.

Шешу барысы:
Сұрақ: Сызбадағы D нүктесінен үшбұрыш жазықтығына тұрғызылған перпендикулярдың табаны О нүктесінің орнын қалай табуға болады?
Жауап: Есептің шарты бойынша DK, DF, DE көлбеулерінің ұзындықтары бірдей, олай болса, олардың проекциялары - ОК, OF және ОЕ кесінділері де тең болады. Сонымен қатар үш перпендикуляр туралы кері теоремаға сәйкес олардың әрқайсысы үшбұрыш қабырғасына перпендикуляр, сондықтан олар үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиустары болып саналады. Олай болса, О нүктесін үшбұрыш биссектрисаларының қиылысу нүктесі деп алуға болады.
Сұрақ: Берілгендері бойынша үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусын табуға бола ма?
Жауап: Болады. Ол үшін формуласын пайдаланамыз, мұндағы S – үшбұрыш ауданы, ал a, b, c – үшбұрыш қабырғалары.
Сұрақ: Берілген тік бұрышты үшбұрыштың белгісіз катетін табудың (Пифагор теоремасынан басқа) оңай жолы бар ма?
Жауап: Егер берілген үшбұрыштың Египет үшбұрышы екенін ескерсек, яғни үшбұрыш қабырғалары 3,4,5 сандарына пропорционал болса, 3:4:5 = х:12:15 қатынастары тура, осыдан ВС = 9 см болады. Ал ауданы S = ab/2, осыдан S = 12  9/2 = 54 (см2).
Орындарына қойсақ, r = 2  54/(12 + 15 + 9) = 3 (см).
Енді ОКD тік бұрышты үшбұрышынан (ол да Египет үшбұрышы) OD = 4 см.
3-тапсырма (экраннан шарты көрінеді):
Т
α



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет