12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Негативтік көшірмелеу тәсілінде



бет41/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   183
Негативтік көшірмелеу тәсілінде пайдаланатын материалдардың құны арзан, өте көп уақыт, материал қажет етпейді, бірақ қалыптың сапасы нашар, өнім басу қабілеті төмен болады.
Позитивтік көшірмелеу тәсілі монометалдық даярлаудың негізгі жолы болып табылады. Технологиялық процесс мынандай жұмыстардан құралады:
1. Офсеттік пластинаның көшірім қабатының диапозитивтері арқылы фотопленкаға сәуленің әсерін тигізу;
2. Көшірмені айқындау;
3. Аралық бос элементтерді ылғалдандыру;
4. Қорғаныс қабатын жағу;
Фотопленкаға сәуленің әсерін түсіру көшіру құрылғыларында іске асырылады.
Сәуле түсудің нәтижесінде жарық диазоқосылымдардың фотохимиялық ыдырауын көшірім қабатының барлық қалыңдығының тек қалыптың болашақ аралық элементтерінде ғана іске асырады.
Көшірмені өңдеу үшін жасалатын жұмыстардың реті: шығаруды, ылғалдандыруды, шаюды, қорғаныс қабатын жағу мен кептіруді орындауға арналған автоматты ағынды желілер қолданылады.
Айқындау. Инденкарбондық қышқыл көшірмені сулы-сілтілі ертіндіні айқындау арқылы кетіріледі. Нәтижесінде инденкарбондық қышқылдың суда еритін натрий тұзы пайда болады. Бояғыштардың бар екендігінің арқасында алюминий пластинадағы көшірім ерітіндісінде көшірім қабатының пленкасының түсі қара-көк болады да, бейнені бір қалыпта бақылауға мүмкіндік береді.
Ылғандандыру. Көшірмелерді өңдеу қалыптық пластиналарының түріне байланысты. Мысалы, тегіс аллюминий, пластиналардағы көшірмелер сусіңіргіштігін арттыруға мүмкіндік береді де, нәтижесінде аралық элементтерге берік ылғал қорғау пленкасының пайда болуына әсер етеді. Кейбір пластиналардағы көшірмелер, әдетте, ылғалдануды қажет етпейді, өйткені олардың көшірім қабаттарының араларында берік ылғал қорғау қабаты бар. Даярланған басу қалыбына қорғау қабаты — суланған коллоидтық полимерлік ерітіндісі жағылады. Бұл қалыптың сыртын сақтау, оларды басу машинасына жеткізу кездерінде шаң-тозаңнан, қышқылдану мен зақымданудан қорғайды.
Басылым қалыптарын даярлау үшін, арнайы көшірім құрылғылары мен айқындау процессорлары қолданылады.
Көшіру құрылғыларына қойылатын негізгі талаптар фотоқалыпты қалыптық пластинаға мықтап жапсыру және сәуле түсіргенде барынша біркелкі жарықтануы болып табылады.
Түйісу-көшіру станоктары мен көшіру құрылғылары дәстүрлі растрлық фотоқалыптармен бірге, сондай-ақ, стохастикалық растр тасымалдаушы фотоқалыптарымен де жұмыс істей алады.
Монометалл қалыптарға қарағанда, биметалл қалыптарды шығару күрделі, қымбат және экологиялық зиянды. Сол себепті де, мұндай қалыптар көбінесе көптаралымды (200 мың данадан көп) басылымдарды басу үшін қолданылады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы - көшіру тәсілі (негативтік немесе позитивтік) мен бос және басылатын элементерінің ажыратылу тәсілінде. Биметалдық басылым қалыптарын алдын сәулелендірілген полиметалдық офсеттік пластиналарда басылым элементтерге металды химиялық оймалау, күйдірмелеу арқылы, позитивтік көшіру әдісімен даярлау кеңінен қолданылуда. Хром аралас мыспен жабылған биметал пластиналарды қолдану — экономикалық тұрғыдан пайдасыз. Сол себепті, көбінесе мыс және хром қабаттарын электрохимиялық өсірумен (мұндай пластиналарды көбіне «болат-мыс-хром» деп атайды) көміртекті болатта (қалыңдығы 0,35мм және 0,5мм) даярланған полиметалл пластиналарды қолданады.
Ақырында, қалыпты (монометалдық) коллоидты қорғаныс қабатымен (мысалы, Na КМЦ немесе декстринмен) қаптайды да, кептіреді. Жарықтандырылған көшірмені өңдеу жөніндегі негізгі операциялар автоматтандырылған желіде орындалады.
Автоматтандырылған желі монометалдың көшірмелерді өңдейтін желілері сияқты атқарылады, өзгешелігі - атқаратын жұмыстарының орындауға қажетті (айқындау, химиялық өңдеу т.б.) бөліктері санының көптігі және өнімділігінің аздығы. Позитивтік көшірмелеу тәсілінде пайдаланылатын материалдардың өзіндік құны қымбат, дайындау мерзімі ұзақ, бірақ өнімнің сапасы өте жақсы, өнім басу қабілеті өте жоғарылығында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет