Мысыр өнері .
Your Title Text
Goes Here
Ежелгі Мысыр өнерінің тарихы 4 мың жылдан астам уақытты қамтиды. Сол себепті Мысыр өнері үлкен қызығушылық туғызады. Өйткені адамзат тарихындағы бірінші таптық қоғам өнердің дамуын анықтаумен қатар, Мысыр құлиеленуші қоғамының өміріндегі өзгерістерді толығымен зерттеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, ежелгі Мысыр өнері тарихы мынандай кезеңдерге бөлінеді:
Династиялыққа дейінгі кезең немесе Ерте патшалық (б.з.д 4 м.ж.)
Ежелгі патшалық (б.з.д 3200-2400 жж.)
Орта патшалық (б.з.д XXI — XIX ғг. басы)
Жаңа патшалық (б.з.д XVI — XII ғғ.)
Кейінгі уақыт (б.з.д XI ғ. — 332 жж.) — эллинизм мәдениетіне көшу кезеңі.
Ежелгі Мысырда рулық құрылыс ыдырағаннан кейін үлкен өзендер бойында пайда болған құлиеленуші мемлекеттердің арасында Мысыр өркениеті бірінші болып, дамыған әкімшілігі орталықтандырылған ұлы державаға айналады. Ендігі жерде, Мысыр мемлекетінің жоғарғы өкіметі халықтың сана-сезіміне сіңіруге тиісті, біржолата белгіленген түсініктер мен сенімдердің болуын талап етті. Осыған орай, бұл жерде мемлекет басшыларың яғни перғауындарды — құдай деп санайтын ұстанымдарды қабылдады. Демек, соншама құдіретті билеушілер яғни перғауындар құдай санатында болса, олар өлмеу керек, осыдан барып өлген адам тіріледі деген діни түсінік пайда болады. Осының салдарынан бүкіл өнер, оның ішінде сәулет, мүсін, кескіндеме, әдебиет, мифология осы діни көзқараспен тікелей байланыста болады. Яғни, өнер о дүниелік өмірге арналады. Тақырыптардың барлығы дерлік, діни-мифологиялық жанр теңірегінде тарқатылады. Бірақ, сонымен қатар, туындыларда халықтың өмірі, тыныс-тіршілігі, кәсібі мен тұрмысы және батырлардың ерлігі сипатталатын бейнелеу өнеріндегі көріністер де өз үлесін алады. Мәселен, мысырлықтар алғашқы қауым адамдары тәрізді діни көзқарастарын тотемизммен байланыстырады. Бірақ мұнда құдайларды тек қана жануарлар бейнесінде ғана көрсетпей, антропоморфтық образдар түрінде сомдайды, яғни жартылай жануар, жартылай адам — таңғажайып екі бейненің қосындысын көреміз. Мысырлықтар Күнді ең басты, ең құдіретті көркем құдайымыз деп санады. Оны Амон-Ра құдайы деп атап, ол сұңқар басты адам бейнесінде бейнеленеді. Ақыл мен есеп құдайын Тот деп атап, оның денесі адам, басын ибис құсының басымен бейнелейді. Өлгендердің құдайы Анубис — ит немесе қорқау қасқыр басты жауынгер бейнесінде мүсінделеді. Аңыз бойынша ең бірінші мумияны Анубис жасаған деп айтылады. Қасиетті жануарлардың ішінде Көкқұтан құсы Бену, Күн құдайы Амон-Раның жанын сақтаушы деп саналса, бұқа Апис бейнесі құнарлылық пен жемістіліктің белгісі ретінде қабылданады. Перғауындарды Күн құдайы балалары деп есептеді.
Мысыр өнері
Джосер пирамидасы
Қарнақ ғибадатханасы
Хеопс пирамидасы
Бейбарыс сұлтан мешіті
Хефрен сфиксі
Нармер тақтасы
Мысырдағы ең танымал мешіттердің бірі Әл Кәһира қаласының солтүстігіндегі ескі қорғанынан тыс жерде ең алғашқы болып бой көтерген Бейбарыс сұлтан мешіті. Мешіт Шам жеріндегі Яффа қаласынан әкелінген түрлі - түсті мәрмәр тастармен және құнды ағаштан тұрғызылған. Оның ұзындығы - 108 м, ені - 105 м. Дуал ретінде қаланған тас қабырғаларының биіктігі - 10,96 м. Мешіттің көркем оюлармен безендірілген үш салтанатты қақпасы бар. Ғимараттың батыс жағында орналасқан 11,83 м бас қақпа өз алдына сәулет өнерінің ескерткіші. Сол заманда қабылданған құрылыс қағидалары мен мешіт салу мәнеріне сәйкес, оның ортасы, үсті төрт бұрышты ашық алаң болып, ал төрт жағы ені 10–12 м шамасындағы үсті мәрмәр бағаналарға бекітілген ағаш шатырмен жабылған сарай түрінде салынған. Мешіттің ішкі жақ қабырғалары мен терезелері араб және шығыс мәнерлеріндегі әдемі өрнектермен әшекейленіп, Құран Кәрім сүрелері аяттарымен өрнектелген.
Сызу мен сурет салуға бейімі бар адамдар өз заманындағы қоғамдық құрылысты, соғыс қимылдарын, патша жорықтарын қайрак тастарға бейнелеп түсіріп отырды. Бір жағынан, тарихи жылнамалық белгі болып табылатын, екіншіден, өнердің озық ескерткіші саналатын бедерлеме суреті бар тақта тастың бірі — Нармер тақтасы.
Джосер пирамидасы
Хеопс пирамидасы
Хефрен сфинксі