12 СӨж тіл және таңба. Тіл және сөйлесім



бет2/2
Дата18.04.2022
өлшемі22,08 Kb.
#31307
1   2
Қорытынды

Өмірде адамдар тек тілмен сөйлесу арқылы ғана бір-бірімен түсініспейді, кейде әр түрлі жағдайларға байланысты олар бір-бірін тілсіз-ақ ұғып, соған қарай іс-әрекет жасайды. Мәселен, көшеде келе жатқанда, адамдар түрлі жарық көздеріне, дыбыс сигналдарына назар аударып, соған өздерінше жауап қатады. Сол сияқты жол белгілерінің әр түрлі сәулелері немесе таңбалары адамға белгілі бір жайдан хабар береді де, адам оны қабылдап, түсініп, осыған байланысты қозғалады. Мұндай семиотикалық таңба-белгілерден өзгеше адамдардың ыммен түсінісуі және бет-әлпеттің өзгеруі арқылы ұғынысуы сияқты қаншама көп белгілер бар. Тіптен дене мүшелерінің /қолдың, аяқтың, иықтың т.б./ әр түрлі қимыл-әрекеттерінің өзін неше саққа жүгіртуге болады. Сонымен, тіл мен таңбаның арақатысын қорытындылай келіп, тілге таңбалық жүйе тұрғысынан мынандай анықтама беруге болады: Тіл дегеніміз – қатысымдық қызмет атқаратын тілдік тұлғалардың материалдық жамылғыш арқылы мағыналық қасиетке ие болған таңбалар жүйесі.

Тіл мен таңбаның арақатысын қорытындылай келіп, тілге таңбалық жүйе тұрғысынан мынадай анықтама беруге болады: Тіл дегеніміз – қатысымдық қызмет атқаратын тілдік тұлғалардығ материалдық жамылғыш арқылы мағыналық қасиетке ие болған таңбалар жүйесі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ф. Оразбаева – Тілдік қатынас. Оқулық. Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. – 272 б



2. К. Аханов – Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2002, - 664 б

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет