120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


«Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясын анықтаңыз



бет41/61
Дата24.12.2023
өлшемі153,07 Kb.
#143175
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61
81. «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясын анықтаңыз
Алаш қозғалысы — ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылыпайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуған-сүргінге ұшыратылып, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ.
82. 1917-1925 жж. Түркістан республикаларының ұлттық-мемлекеттік межеленуі – біртұтас Түркістан идеясының күйреуін көрсетіңіз
Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. Кеңес үкiметi бұл саясатты жүргiзгенде коммунистiк партия әрбiр ұлтқа өз мемлекеттiгiн құрып берiп отыр деп түсiндiрдi. Бұл мемлекеттер сол халықтардың шын мәнiндегi тәуелсiз мемлекетi бола алмағаны, Кеңес үкiметiнiң межелеу саясатының мақсаты түрiк тектес халықтардың басын бiрiктiрмеу, керiсiнше оларды өз ара ажырату болғаны айқын. Межелеу кезiнде бұрын Түркiстан АССР-ның құрамында болған екi облыс -Жетiсу мен Сырдария облысы Қазақ АССР-на қосылды. Экономикасы салыстырмалы түрде жоғары дамыған, халқының көпшiлiгi қазақтардан құрылатын екi облыстың қосылуы Қазақстанға тиiмдi болды. Ресей оның есесiне Қазақстанның бiраз жерiн өзiне қосып алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет