151 Отан тарихы №4 (92) 2020



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата18.04.2023
өлшемі273,76 Kb.
#84029
түріКнига
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Отан тарихы №4 (92) 2020
автономиясы» деп аталған бұл құрылымның астанасы ретінде Башқортстанның 
орталығы – Уфа қаласы белгіленді (Айда Адиле, 1996:104). Мұны башқұрт ұлттық саяси 
элитасы өкілдері С. Максуди жетекшілік еткен татар мәдени автономиясының шектен 
шығушылық әрекеті деп бағалады. Бұл өз кезегінде башқұрттар мен татарлардың саяси 
байланыстарын шиеленістіре түсті.
Зәки Уәлиди Тоған татарлардың мәдени автономияны қолдауын С.Мақсудидің 
кадеттер партиясының мүшесінің болуымен байланыстырды. Ол кадеттер партиясының 
бағдарламасында ұлттық-территориялық автономия мәселесі көтерілмейтіндігін, бұл 
партияның бағдарламасы түркі-мұсылман халықтарының мүддесімен үйлеспейтіндігін 
алға тартты. Сонымен қатар, ол бірінші жалпықазақ съезінің «қазақ облыстары ұлт 
жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» деген шешімінде ұлттық-территориялық 
автономия идеясымен үйлесімділік болғанымен онда нақтылық жоқ, өйткені оған 
қазақтардың көшбасшысы Ә. Бөкейхановтың кадеттер партиясының мүшесі болуы ықпал 
етті деп те бағалады (Заки Валиди, 1994:197).
1917 жылы 25-29 тамыз аралығында Уфада екінші жалпыбашқұрт съезі өтті. Бұл 
съездің осында өткізілуінің астарында «Түркі-татарлардың ішкі Ресей мен Сібірдегі 
ұлттық-мәдени автономиясының» орталығы Уфа қаласы бола алмайтындығын таныту 
да жатты. Съезге қатысушылар Ресейдің унитарлық мемлекет болуын жақтаған татар 
қайраткерлерінің әрекеттерін сынға алып, Ресейдің федеративті мемлекет болуын, 
елдегі ұлттардың территориялық автономия алуын жақтайтын күштермен бірлесе әрекет 
етуін жалғастыра беретіндіктерін танытты. Уақытша үкіметті қару күшімен құлатқан 
большевиктердің әрекеті башқұрттардың ұлттық Шуросы тарапынан айыпталып
башқұрттардың кеңестік биіктікті мойындамайтыны мәлімделіп, 2 қараша күні Башқұрт 
автономиясы жария етілді.
Башқұрт автономиясын заңдастыру мақсатында Орынбор қаласында жалпыбашқұрт 
құрылтайы шақырылды. 194 делегаттың қатысуымен 8 желтоқсан күні өткен бұл 
құрылтайға қазақтардан да өкілдер келді. Сол кезде Орынбор қаласында Алашорда 
үкіметін жария еткен екінші жалпықазақ съезі өз жұмысын аяқтаған еді. Осы екінші 
жалпықазақ съезінің делегаттары атынан С. Қадырбаев пен М. Шоқай жалпыбашқұрт 
құрылтайына бақылаушы ретінде қатысты (Заки Валиди, 1994:218).
Жалпыбашқұрт құрылтайы Жетір, Қыпшақ, Усерган, Бурзян-Тангаур, Тамян, 
Барынтабын, Кувакан, Ичкин-Катай, Ток-Чуран деп аталатын 9 кантоннан тұратын Башқұрт 
автономиясының заң шығарушы және атқарушы органдарын құрып, оның мүшелерін 
белгіледі. Зәки Уәлиди Тоғанның ұсынуымен Башқұрт үкіметінің төрағасы болып заңгер 
Ю. Бикбов сайланды.
Башқұрт үкіметі Орынбор қаласына орналасып, ондағы кеңестік билікке қарсы 
күштермен байланыс жасап, генерал А.И. Дутовтың қолдауына да ие болды. Алайда, көп 
ұзамай қызыл әскерлердің қысымымен Дутов Орынбор қаласын тастап кетуге мәжбүр 
болды. Осылайша 1918 жылы ақпанда Орынбор қаласындағы билік кеңестер қолына 
өтті. Қалыптасқан мұндай ахуалға қарамастан, Башқұрт үкіметі Орынборда қалып
автономиялық мемлекеттілікті жүзеге асыру жолындағы жұмыстарын онан әрі 
жалғастыра берді және кеңестік биліктен Башқұрт автономиясын мойындауды талап етті. 
Орынбор губерниялық революциялық комитетінің төрағасы Цвиллинг болса Башқұрт 
үкіметінен кеңес өкіметіне қарсы келмеуді, большевиктер саясатын қолдауды талап етіп 
жатты.
Кеңестік билік пен Башқұрт үкіметі арасындағы текетірес жалғаса берді. Орынбор 
губревкомы Башқұрт үкіметін айтқанына көндіру мақсатында қуғын-сүргін әрекеттеріне 
де барды. Кеңес өкіметі Башқұрт үкіметінің бірқатар мүшелерін контрреволюционерлер 
ретінде тұтқынға алып, башқұрт әскери жасағын құруды ұйымдастырушы Г. Идельбаев 
пен Г. Магазовты атып тастады. Мұндай жағдайда башқұрттар арасында кеңестік билікке 
деген наразылық өрши түсті. Башқұрттар кеңестік билікпен ашық қақтығысқа дейін 
барды. Халықты өзіне қарсы қойып алудан сезіктенген Орынбор губревкомы тұтқынға 
алынған Башқұрт үкіметі мүшелерін босатып жіберуге мәжбүр болды. Осындай 
оқиғалардан кейін Башқұрт үкіметі Орынбордан кетіп, Челябинск қаласына келіп 
орналасты. Башқұрт үкіметі қонысын ауыстырған бойда кантондардағы билігін қайта 
қалпына келтіріп, Уақытша Сібір үкіметімен және Самарадағы Комучпен байланыс 
орнатып, ұлттық әскери жасақ ұйымдастыру шараларын жүргізді. 1918 жылдың ортасына 
қарай Башқұрт үкіметі қарамағында 2670 адамы бар 13 отряд болды.


161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет